Мазмұнға өту

Жаңа

Ақтөбе облысының 8,6 мыңнан астам тұрғыны медициналық тексеріспен қамтылды - ДСӘДМ

Ағымдағы жылғы 29 қыркүйек пен 3 қазан аралығында «Әлеуметтік проблемаларды шешу» Республикалық акциясының аясында Ақтөбе облысы Алға, Қандыағаш, Шалқар аудандарының тұрғындарына 8,6 мыңнан астам медициналық тексеру жасалды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Оның ішінде 3312 адам Астана және Алматы қалаларының ғылыми орталықтары мен ғылыми-зерттеу институттары мамандарының кеңесін алды. Медициналық тексеру нәтижесі бойынша 117 пациент (24 бала) мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек алу үшін республикалық орталықтарға жіберілді.

«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма басшысы, ҚР ДСӘДМ штаттан тыс бас нейрохирургі Серік Ақшолақов Шалқар ауданының инсульт және ауыр түрдегі бас сүйек-ми жабық жарақатын алған адамдарға кеңес беріп, оның ішінде 3 азаматты Астанадағы «Ұлттық нейрохирургия орталығына жіберді.

Сонымен бірге, облыстық орталықтардың жетекші мамандары Алға, Қандыағаш аудандарының 1942 мектеп оқушысын профилактикалық тексеруден өткізіп, оның 433-ін сауықтыруға жіберді.

«Денсаулық» медициналық пойызы қозғалысының аясында ҚР ІІМ ТЖК «Теміржол апаттық медицина госпиталі» АҚ дәрігерлері Алға, Қандыағаш, Шалқар аудандарының 3509 тұрғынын тексеріп, оның ішінде 922 азаматты диспансерлік есепке алды.

Тұрғындар арасында амбулаторлық-емханалық көмек көрсету, дәрілермен қамтамасыз ету, туберкулездің алдын алу және т.б. мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Медициналық ұйым қызметкерлері үшін республикалық орталық мамандары алғашқы медициналық-санитарлық көмек аясында медициналық қызметтердің сапасын жетілдіру мәселелері, сонымен қатар, 5 ауру (миокардтың жіті инфаркті, мидағы қан айналымының ауыр ауытқулары (инсульт), қатерлі ісік аурулары, сынықтар, жүктілік және босандыру) бойынша медициналық көмек көрсетудің  біріктірілген үлгісін енгізу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың негізгі қағидалары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бүгін дәрігерлік десант жұмысты әрі қарай жалғастыру үшін Темір ауданына жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ДСӘДМ «Әлеуметтік проблемаларды шешу» акциясын өткізу үшін Ақтөбе облысына республикалық ҰЗИ мен ҰО-ның балалар мен ересектер бағыты бойынша 20 жетекші маман жіберілген болатын. Акция аймақ тұрғындарына мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға негізделген. Ағымдағы жылғы 29 қазанға дейін республикалық емхана дәрігерлері облыстың 5 ауданында медициналық тексерулер мен консультациялар өткізеді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
431

Қасиеті туралы

Екібастұз қалалық “Отарқа” газетінің 1998 жылғы 31 шілдедегі № 31,32 сандары “Дархан даланың данышпан ұлы Мәшһүр Жүсіп Көпеев 140 жаста” деген айдармен жарық көрді.

Газеттің сол сандарында белгілі журналист Амангелді Қаңтарбайұлының “Ескелді естеліктері” басылды. “Күтпеген қонақтар”, “Өртке оранған өңір”, “Қой қырғыны” атты үш әңгімеден тұратын естеліктер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ерекше қасиетін айшықтауға арналған құнды дүниелер.

Автор өзінің балалық шағында үйлерінің Мәшекеңнің зират үйімен көрші қоныстанғанын баяндайды.  “Әлі есімде өте кедей едік, тістеуік жирен биеміз, екі лағы бар қара қасқа ешкіміз болды. Неге екенін кім білсін, біздің үйде ыдыс- аяқ та жетімсіз болатын.

Балта да жоқтын. Оның бәрі есімде қалғаны жолаушылап біреу- міреу келе қалса, шешем мені Мәшекеңдікіне жұмсайтын .” Осы жолдарды оқығанда еріксіз ойға қаласың.

“Апырай, Мәшекеңдікіне жұмсайтын”- деуіне қарағанда, айнала төңірегін мекендеген тірі адамдар Мәшекең аруағын қастерлеумен одан тура мағынасында қолқайыр да көрген екен- ау. Мәшекеңнің бейіт үйінен ағаш жаруға балта, үйге келген қонаққа ыдыс- аяқ алулары соның айғағы емес пе?!

Шешесінің жұмсауымен Мәшекеңнің бейітіне келген бала “Ассалаумағалейкум, ата, аман жатырмысыз” деп сәлем берді. Құран оқуы, қажетті нәрсесін сұрап алуы, пайдаланып болған соң, орнына әкеліп қоюы- бір шеті ата- баба тәлімі, бір шеті мұсылмандықпен ұштасып жатқан жоқ па, ұрлық қылмау, өтірік айтпау, біреудің ақ адал дүниесін пайдаланып кетпеуі ата- баба дәстүріне де, мұсылманшылыққа да тән емес пе. Міне, осы “тату көршіліктің” шырқын аяқ астынан келе қалған күтпеген қонақтар бұза жаздайды.

Олар, ең бірінші, молланың үйіне барады, іле бұлардың ауылына келіп қиғылық салады. Өздерінің молланың үйіне барғандарын айтып, есігінде құлып тұр, ішіне мысық қамап қойыпсыңдар деп қиғылық салады.

Автордың баяндауынша, үй ішіндегілер Мәшекең дүние саларында: “Егер маған өзім ұнатпайтын, арам ойлы адам келсе, не мысық болып мияулаймын, не тауық болып қыт- қыттаймын” депті – міс. Ал сөз болып отырған жолаушылар сондай жандар болса керек.

“Өртке оранған өңір”, “Қой қырғынында” да Мәшекеңнің дара қасиеті сөз болады. Өрт. Оны өшіруге кетіп бара жатқан әке- шешелері балаларына: “Төсек орын, ыдыс- аяқ, киім- кешектерді арбаға тиеп, молланың үйіне барыңдар.

Ол жерге өрт болмайды, қорықпаңдар”,- деді.  Өздері тілсіз жау өртке қарсы аттанып бара жатып, көзінің қарашығындай балаларын алаулаған от ортасында қалдыра тұрып, “молланың үйіне барыңдар. Ол жерге өрт бармайды” деулері, бірінші құдайға, екінші Мәшекеңнің аруағына сену емес пе?!

Құдайдың құдіретімен сол маңдағы биік таулардың бірі Бөкенбай тауының басына шығып кеткен өрт автордың жазысына қарағанда: “Өрт Мәшһүрдің үйі тұрған төбеге дейін келеді де, етекке жете бере жалп- жалп сөнеді”. Бұлардың тұрақтары да өрттен аман қалады. Өрттен паналаған бұлар ауыз үйге кіріп, көз іледі.

Түсінде Мәшекең: “Балам, үйіңе қайтсаңшы”, - деп аян береді. Иә, пендесіне өмір берген, өнер берген аса мейірбанды Алла тағаланың саусақпен санарлық сүйікті құлдарына ғана тарту еткен ерекше қасиетінің бізге беймәлім қыры мен сырына таңырқай, тамсану біз сияқты муминдердің пешенесіне жазылған шешуі жоқ ұлы жұмбақ болса керек.


А. Қаңтарбайұлының қаламынан туған қоспасы жоқ дүниелерді оқу барысында осы ойға берік табан тіреп, Алла Мәшекеңе иман бере гөр деп тіледік.

Сүлеймен Баязитов

 
0
0
635

Т. Дүйсенова: Ерікті қоныс аудару ҚР-дағы еңбек ресурстарының өңірлік үйлесімсіздігі проблемасын шешуге мүмкіндік береді

2050 жылға қарай оңтүстік өңірлерді таратып қоныстандыру тығыздығы солтүстік өңірмен салыстырғанда 4 есе асады, бұл еңбек ресурстарының өңірлік үйлесімсіздігінің шиеленісуіне әкеледі. Осы проблеманың шешімдерінің бірі азаматтарды өз еркімен қоныс аударуына ынталандыру, деді ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

«Біздің болжамдар қазіргі демографиялық көші-қон үрдістерін ескере отырып, 2050 жылға қарай өңтүстік өңірлердің тұрғындары 5,2 млн. адамға өсетінін көрсетеді. Оңтүстік өңірлерді таратып қоныстандыру тығыздығы солтүстік өңірден 4 есе асады, бұл еңбек ресурстарының өңірлік үйлесімсіздігінің шиеленісуіне әкеледі. Осы проблеманың шешімдерінің бірі азаматтарды өз еркімен қоныс аударуына ынталандыру болып табылады», - деп мәлімдеді ол 2015 жылғы 30 қарашадағы ҚР Президентінің Жолдауы тұрғысынан Жұмыспен қамтудың жол картасын құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы дөңгелек үстел отырысы барысында.

Оның айтуы бойынша, еңбек мобильділігін арттырудың басты ынталандырмасы жұмыстың болуы және тұрғын үй мәселесінің шешілуі болып табылады.

«Бағдарламаны іске асыру кезеңі ішінде 18 мыңдай адамды немесе 5 мыңға жуық отбасын ерікті түрде қоныстандыру жүзеге асырылды, олар 1 313 үйге, соның ішінде жұмыс істейтін жастарға арналған 12 жатақханаға орналастырылған. Жұмысқа қабілетті отбасы мүшелерінің 78%-ы тұрақты жұмысқа орналастырылған, бұл экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден анағұрлым дамыған аудандық қалаларға облыс ішіндегі қоныстандыру ғана», - деді министр.

Ведомство басшысы ағымдағы жылы 2015 жылғы қарашада қабылданған өзгерістерді есепке ала отырып, көші-қон заңнамасы, ЖЖК шеңберіндегі қолдаудың арқасында ықтимал ерікті қоныс аудару географиясы кеңейгенін атап өтті. Қоныстандыру мақсаттарында осы жылы 32 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарланған, соның ішінде ШҚО-да 10 үйдің құрылысы аяқталған, ал қалған үйлердің құрылысы әлі жалғасуда.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
547

Н. Нығматулин: Заң жобалары барлық қазақстандықтарға түсінікті болуы тиіс

Заң жобалары, атауынан бастап мазмұнына дейін, барлық азаматтарға түсінікті болуы тиіс. Бастысы, заңдар адамдар үшін жазылуы қажет, деді ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин төменгі палатаның пленарлық отырысында.

«Осы заң жобасының атауын өзгертуге болады. Мысалы, оны қылмыстың жекелеген түрлерінен зардап шеккен адамдарға өтемақы төлеу туралы деп атауға болар еді. Заң жобасының мәні Қор емес, зардап шеккен адамдарға өтемақы төлеу. Заң жобалары, атауынан бастап мазмұнына дейін, қарапайым адам оны оқып шығып, не туралы екенін түсінетіндей дайындалуы тиіс. Бастысы, заңдар адамдар үшін жазылуы тиіс», - деді Н. Нығматулин ҚР Қаржы министрі Бахыт Сұлтанов «Зардап шеккендерге өтемақы төлеу қоры туралы» заң жобасын бірінші оқылуында таныстырғаннан кейін.

Қаржы министрінің айтуы бойынша, заң жобасы қылмыстық құқық бұзушылықтардан зардап шеккен адамдардың жекелеген санаттарына ақшалай өтемақы төлеу үшін құқықтық негіздерді айқындайды. Осылайша, санаттар Қылмыстық кодекстің 62-бабы бойынша айқындалған.

«Заң жобасы құқық қорғау органдары тиісті іс-шаралар жүргізетін алғашқы уақытта зардап шеккендер үшін ең төмен қолдау болып табылатын ақшалай өтемақы мөлшерлерін белгілейді.

Көрсетілген өтемақыны кейіннен прокуратура органдары кінәлі адамнан өндіріп алуы тиіс», - деп ақпараттандырды Б. Сұлтанов.

«Төлем құралы Зардап шеккен адамдарға өтемақы төлеу қоры болып табылады. Оның құрылуы қолданыстағы Қылмыстық-іс жүргізу кодексінде көзделген. Қордың жұмыс істеу тетігі Қазынашылықтағы бақылау шоты арқылы іске асырылады. Бұл ең үнемді схема. Қордың заңды тұлғасы, басқару органдары, әкімшілік шығыстары, шығындары болмайды»,  -  деді ведомство басшысы.

Өтемақы мөлшерлері заң жобасында белгіленген.

Парламент Мәжілісінің депутаттары заң жобасын бірінші оқылуында мақұлдады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
289

Қазақстанда қылмыстық құқық бұзушылықтан жәбір көргендерге өтемақы төленеді

Қазақстанда қылмыстық құқық бұзушылықтан жәбір көргендерге өтемақы төленеді. Бұл туралы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов «Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры» заң жобасын таныстыруға арналған жалпы отырыста айтты.

«Заң жобасы қылмыстық құқық  бұзушылықтан жәбір көргендерге қаржылық өтемақы төлеудің құқықтық негізін анықтайды. Санаттар Қылмыстық кодекстің  62 бабы бойынша анықталады», - деді ол.

«Заң жобасы қаржы өтемақысының мөлшерін анықтайды, бірінші кезеңде ол минималды соманы құрайды, құқыққорғау органдары сәйкес шараларды жүргізген соң бекітіледі. Көрсетілген өтемақы прокуратура органдарының қатысуымен кінәлі адамнан алынады», - деді Б.Сұлтанов.

Алда кінәлі адамнан жәбір көрушіге бағытталған қаражатты алу сот арқылы шешіледі. Әрекеттегі тәртіп өзгермейді.

«Төлемнің құралы жәбірленгендерге өтемақы беру қоры болып табылады. Оны құру әрекеттегі Қылмыстық-процессуалдық кодекспен қаралады. Қордың жұмыс істеу әдісі Қазынашылықтағы соңғы есептің көмегімен жүзеге асырылады. Бұл ең тиімді кесте болып табылады. Қордың заңды тұлғасы болмайды, басқару органы мен әкімшілік шығындар да тыс қалады. Бақылау Қазынашылықта іріктеу тәжірибесі арқылы жүзеге асады", - деді министр.

«Қылмыстық-процестік кодекске келтірілген зиян үшін ең аз ақшалай өтемақы алуға жәбірленушінің  құқықтарын түсіндіру бөлігінде түзетулер енгізу ұсынылады. Сол сияқты бұрын төленген өтемақы сомасын Қордың пайдасына қайтару жөнінде айыпталушыға регресстік талап қоюды сот үкіміне міндетті түрде енгізу туралы норма көзделіп отыр.

«Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы» Заң жобасында Қорға түсетін түсімдердің көздері қарастырылған, сондықтан Қазынашылықта атқарылуы үшін бұл нормалар Бюджет кодексінде де көзделеді

Заң жобасын қабылдау қылмыстық құқық бұзушылықтардан жәбірленушілерге ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі құқықтық нормаларды заңнамалық бір жүйеге келтіруге мүмкіндік береді»,-деді министр.

Министрдің айтуынша, жәбір көрушілердің үш санаты анықталды.

«Бұл зорлық-зомбылыққа ұшыраған кәмелетке толмағандар, адам саудасы мен қинау сегіз бап бойынша. Екінші санат – денсаулығына ауыр зиян келтірген немесе ЖҚТҚ/АҚТҚ вирусын жұқтырғандарға  19 бап бойынша. Үшінші санат – жәбір көруші оқиға кезінде бақилық болса 35 бап бойынша жазаланады», - деді министр.

Сондай-ақ, тұрақты жұмыс істеу үшін арнайы тәртіптер де бар.

«Бұл заң жобасының жеке баптары бойынша орындалу мерзімдері. Ол Қордағы ақшаны екі жыл бойы жинауға мүмкіндік береді, кейін бірінші төлем басталады», - деді министр.

Парламент Мәжілісінің депутаттары бірінші оқылымда заңды мақұлдады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
627

Б.Байбек Венгрия кәсіпкерлерін Алматының инновация саласына инвестиция салуға шақырды

Алматыда қала әкімі Бауыржан Байбек пен Еуропа елдер ұлттық экономика министрі Михая Варганың қатысуымен Қазақ-Венгрия бизнес-форумы өтті, деп хабарлады қала әкімдігі.

Кездесу барысында Б. Байбек шет елдік қонақтардың назарын болшақ Алматыны дамыту саласына аударды.

« Бұл жеке капитал қаласы, мұнда 90% аса банктер кеңесі оналасқан, жалпы өңірлік өнімнің 40 пайызын құрайтын кіші және орта бизнеспен әр бір 6 алматылық айналысады. Қаламыз Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан, біз арыда қаланы көліктік – логистика торабы сияқты дамытуда ниеттіміз »,- деді қала әкімі.

Сонымен бірге Б. Байбек Венгрия жағын инновация саласына инвестиция салуға шақырды.

«Қазіргі таңда біз қаланың ТКШ, көлік, қауіпсіздік, электр үнемдеу технологиясы мен туризм бағытыда инновацилық ақылды қала болатын «Smart-city»жобасын жүзеге асыру үстіндеміз. Бiз венгриялық компанияларды Алматыда импорт алмастыру өндірісін орналастыруға қатысуға шақырамыз. Ол үшін бізде заңнамалық деңгейде кешенді шаралар қолданылатын барлық жағдайлар жасалған. Мен делегацияның сапары екіжақты экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды тереңдетуге мүмкіндік беретініне сенімдімін »,-деп атап өтті Б. Байбек.

Өз кезегінде Венгриялық ұлттық экономика министрі Алматы өз ісін бастауға ниетті адамдар үшін үлкен мүмкіндіктер беретін тамаша қала. 21-ші ғасырда біз екі тараптарға қолайлы, ортақ негіз іздеуге қажеттіміз. Біздің компаниялардың Қазақстанмен бизнес жүргізуде тәжірибесі мол»,- деп өтті М. Варга.

Ол Алматылық бизнесмендерге агроөнеркәсіп көрсетілімінің динамикалық өсуі, машина жасау, фармацевтика, агроөнеркәсіп саласы бойынша қызықты бағыттарын таныстырды. Министр Қазақстанның сауда-экономикалық әріптес ретінде маңызды ел екенін атап өтті. Қазақстан ТМД елдері ішіндегі (Ресей,Украина және Белорусиядан кейінгі ) Венгрия елінің 4-ші ірі сауда әріптесі.

Айта кету керек, Алматы мен Венгрия арасындағы тауар айналымы жыл басынан бері 35 млн. АҚШ долларынан асып жығылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 37 пайызға жоғары деңгейде.   Шара барысында Қазақстандық және Венгериялық компаниялар өзара тиімді ынтымақтастық туралы мемрандумға қол қойған В2В форматында екі жақ кәсіпкерлерімен кездесу өтті.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
446

Қазақстан мұғалімдері ағылшын тілін халықаралық әдістер бойынша меңгеруде

Үш тұғырлы тіл жүйесін енгізу аясында Білім және ғылым министрлігі Professional Development Centre компаниясымен бірігіп пилоттық режимде химия, биология, физика және информатика мектептерінің 75 ұстазын соңғы халықаралық әдіс бойынша ағылшын тіліне үйретіп жатыр. Бұл туралы Professional Development Centre департаментінің директоры Аида Оразаева Астанада өткен конференция барысында айтты.

«Үш тұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру аясында Білім және ғылым министрлігі Professional Development Centre компаниясымен бірігіп  пилоттық режимде  химия, биология, физика және информатика мектептерінің  75 ұстазын соңғы халықаралық әдіс бойынша ағылшын тіліне үйретіп жатыр», - деді А.Оразаева.

Оның айтуынша, компания тілдік және кәсіптік біліктілікті арттыру  үшін оқыту – әдістемелік  бағдарламаны  ұстаздарға арнап дайындады.

«Бізде жоғарыбілікті  халықаралық сертификатқа ие мамандар жұмыс істейді. Біздің компания Cambridge English Language Assessment бірге жұмыс істейді, біз тіркелген орталық болып саналамыз», - деді ол.

Оқыту 3 қазаннан 21 желтоқсанға  дейін жалғасатын болады. 2,5 ай ішінде мұғалімдер  ағылшын тілінің дәрежесін көтеріп, пәндерді ағылшынша жүргізуге септігін тигізеді.

Сарапшы айтып өткендей, B1 – түсіндіруші ағылшын тілінде еркін сөйлеп, ойын жеткізе алатын деңгей.

«Мұғалімдер берілген уақыт ішінде ағылшын тілін тиісті дәрежеде меңгеріп шығады. Кейін олар тест тапсырып, University of Cambridge-тің халықаралық сертификатын алады. Бағдарлама 3 модульден тұрады. Яғни, Starter деңгейінен – А1 деңгейіне дейін. Кейін А2 деңгейінен В1 деңгейіне дейін меңгеріп шығады. Мұғалімдер 2,5 айдың ішінде ағылшын тілін түсініп, оқып-жаза алатын деңгейде болады. 4 пәннің мұғалімдері өз сабақтарына қатысты ағылшын тіліндегі терминдерді меңгереді. Біздің мамандар бұл іске үлкен жауапкершілікпен қарайды. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстар жоғары деңгейде жүргізілуде. Бүгінгі таңда мұғалімдер курсқа 100% қатысуда», - деді Г. Кенжина.

Курс аяқталған соң әрбір педагог емтихан тапсырып, өзінің білімін шыңдауы керек. Бұл қазақстандық мұғалімдерге бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді.

«Курс аяқталған соң тестілеу өткіземіз, тестілеуді біз емес  «Cambridge English language online –test» тәуелсіз халықаралық  орталық өткізеді. Бұл тесті өткен адамның білім деңгейін тәуелсіз компания өткізеді», - деді ол.

Айта кетейік, биылғы жылдың наурыз айында ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҚР БҒМ жоспарымен бөлісті. 2019 жылдан бастап Қазақстанда үш тлде білім беру енгізіле бастайды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
666

ҚР-дағы Канада елшісі Қазақстанның Тәуелсіздіктің 25 жылындағы қарқынды дамуын атап өтті

ҚР-дағы Канаданың Төтенше және Өкілетті елшісі Шон Перри Стайл Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылындағы қарқынды дамуын атап өтті.

«Канада жас мемлекет болып есептеледі, келесі жылы бізге  150 жыл толады. Сондықтан Қазақстан өте жас ел, оған небәрі  25 жыл. Мен елдің дамуына аса көңіл бөлемін, қазақстандықтардың мақсаттылығы мен еңбекқорлығын атап өтуге болады. Бұл шексіз әлеуеттің белгісі. Мен кәсіпкерлер мен мемлекеттік секторға, студенттерге сәттілік тілеймін. Олар болшақта Канаданы тұрақты серіктес ретінде қарайтынына сенемін», - деді Ш.Стайл.

Дипломат сондай-ақ, Канаданың ЭКСпО-2017 көрмесіне қатысатындығын айтты.

«Бізде ұлттық павильон болмаса да өз деңгейімізде өнер көрсетеміз. Канадалық «Cameco Corporation» тау-кен өндіру компаниясы ядролық энергетика павильонына қатысады, Канададан келетін қонақ саны да көп болады деп ойлаймыз», - деді елші.

Айта кетейік, 2016 жылдың  21-22 қыркүйегінде ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев Канадаға жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында лауазымды тұлғалар мен іскер топтардың өкілдерімен кездесу өтті.

Сонымен қатар, СІМ ақпараты бойынша, Канаданың іскерлік астанасы Торонтода Р.Жошыбаев мамандандырылған «дөңгелек үстелдің» отырысына қатысып, «Қазақстан және Канада. ЭКСПО-2017 аясында Еуразиядағы  канадалық іскерлік қауымдастық пен «Қазақстан-Канада» Іскерлік Кеңесі  ұйымдастырған ынтымақтастықтың мүмкіндіктері» атты бизнес мәслихатта сөз сөйледі.

«ЭКСПО-2017» комиссары бизнес-қоғамдастықпен көрмеге дайындық мәселелері мен олардың қатысу мүмкіндіктерін талқылады. Канадалық тарап «Болашақтың энергиясы» атты тақырыптық көрмеге қатысуға ниет білдірді.

Канадада шамамен 80 пайыз  электр баламалы  көздер есебінен өндіріледі. Сол себепті ЭКСПО-2017 көрмесінің негізгі тақырыбы оларға жақын келеді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
631

2018 жылы мемлекеттік қызметкерлер жалақаны жаңа жүйе бойынша алады

2018 жылы ҚР Мемлекеттік қызметкерлері жалақаны жаңа жүйе бойынша алады. Бұл туралы Сенатта өткен дөңгелек үстел барысында ҚР мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова айтты.

«2018 жылы  еңбек ақысын төлеу  әдісінің бірі факторлық-ұпайлық  шкала болады. Әрекеттегі тарифтік  тордан факторлық-ұпайлық  шкала  төлем жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деді Айгүл Шаимова.

Оның айтуынша, шкаланы қалыптастыру  2017 жылдың ортасына қарай аяқталады. Жұмыстың қорытындысы  бойынша жауапкершілікті көтеру  бойынша әрбір мемлекеттік қызметкердің қызметін бағалау жүйесі енгізілді. Мәселен,  «А» корпусының  қызметкерлерін  бағалау  жыл сайынғы келісімді жүзеге асыруға негізделген. Биылғы жылдың  желтоқсанында корпусанттарды алғаш рет бақылау өтеді. «Б» корпусының қызметкерлері  жеке жоспарды жүзеге асыру  арқылы  тоқсандық бойынша жүзеге асырылады. Биыл екі бағалау өткізіліп, қорытындылар анықталды.

Шаимованың айтуынша, 64,5 мың мемлекеттік қызметкер бағаланды. Қорытындысында «өте жақсы» бағаны қызметкерлердің  63 пайызы, «жақсы» бағасын 11 пайызы,  «қанағаттанарлық»  бағасына қызметкерлердің  26 пайызы ие болды.

Айта кетейік, Сенатта  Әділет министрі Марат Бекетаевтың,  мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттік  өкілдері мен  сарапшылардың қатысуымен өткен  дөңгелек үстел аясында  «Мемлекеттік қызмет  туралы» ҚР Заңын жүзеге асырудың қорытындысы талқыланды.

Заңнаманы меңгеру деңгейі өсіп, тестілеуден өткен  38 мың адамның ішінде  46 пайызы оң бағаға ие болды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен  12 пайызға жоғары.

Жеке қасиеттер бойынша мемлекеттік қызметке үміткер  20 мың адам өтті. Әңгімелесуден 18,5 мың адамның  12 мыңы өтті.

Айта кетейік, «Мемлекеттік қызмет  туралы» ҚР Заңына Елбасы өткен жылдың  23 қазанында қол қойған болатын. Заң Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіруге, оны өткеруге, тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын, сондай-ақ өзге де адамдардың мемлекеттік органдардағы қызметі мәселелерін айқындайды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

1
0
1383

Азаматтарға арналған үкімет мемқызметтің жаңа 53 түрін көрсетуді жоспарлауда

2016 жылдың соңына дейін «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметті электрондық түрде көрсету 60 пайыздан кем болмауы керек, қызметтерді тағы 53 түрмен толықтыруды Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев ведомствоның жауапты департаментіне тапсырды.

«Бүгін бізде мемқызметті алудың  3 арнасы бар: «Электрондық үкімет» порталы; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік  корпорациясы; мемлекеттік қызмет көрсету туралы бірыңғай байланыс орталығы. 2016 жылдың 9 айында  30 млн электрондық қызмет көрсетілді, 17,4 мың электрондық рұқсат берілді, 433,5 мың рұқсат беру құжаттары беріліп, 800 мың адам тіркелді», - деді Д.Абаев.

Министр айтып өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмасымен  4 мемлекеттік кәсіпорынды біріктіру арқылы, ХҚКО, жылжымайтын мүлік орталығы, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы, жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы біріктіріліп «Азаматтарға арналған үкімет» құрылды.

«Биылғы жылдың  1 қазанындағы жағдай бойынша Мемлекеттік корпорация  29 млн қызмет көрсетті. Бүгінде мемлекеттік қызмет реестрінде  739 мемқызмет түрі бар, оның 530-ын электронды үкімет арқылы жүзеге асыруға болады. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін 1414 бірыңғай нөмірі енгізілді. Кез келген адам хабарласып, консультация ала алады», - деді ведомство басшысы.

Министр жемқорлық қауіптері туралы  да айтып өтті. Мәселен, Петропавлдағы Мемкорпорация қызметкерінің жемқорлық бойынша ұсталғанын айттты.

«Меніңше, аталмыш фактілер барлығымызға қатысты. Сондықтан болашақта аталмыш фактінің қайталанбауына шаралар дайындауды тапсырамын. Барлығы ұжымдық жауапкершілікке тартылады. Министрліктің мемқызметті дамыту департаменті Мемкорпорациямен бірігіп   2016 жылдың соңына дейін «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметті  электрондық түрде  көрсету 60 пайыздан кем болмауы керек, қызметтерді тағы  53 түрмен толықтыруды   тапсырамын», - деді Д.Абаев.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
447