Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Әділет министрлігі әзірлеген заң жобалары бойынша ашық талқылау

Әділет министрлігі өзі әзірлеген заң жобалары бойынша ашық талқылау өткізді.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты азаматтар мен бизнес өкілдерінің мүдделерін қорғайтын заң жобаларын түсіндіру  болып табылды.

Айталық, меншік құқығын қорғау, даулы мәселелерді реттеу мен әкімшілік реттеуді дауласу қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Атап айтқанда, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заң жобасы талқыланды, ол азаматтар мен ұйымдарға әкімшілік шешімдерді қабылдау процессінде үлкен өкілеттік береді, олардың ой-пікірі міндетті түрде ескеріледі, оларға қажетті рәсімдер үшін материалдармен тансысу мүмкіндігін бере отырып, міндетті түрде тыңдалатын болады.

Әкімшілік шешімдерді сотқа дейін жоғары тұрған органға немесе өзге уәкілетті органға шағым берудің заң жоба бойынша мүмкіндіктері мен  артықшылықтары уәкілетті органға,сонымен қоса жалпы «әкімшілік юстиция» деп аталатын органға соттық шағым беру мүмкіндігі қарастырылғаны талқыланды.

Бұдан басқа, Парламент қарауындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаның ережелері, сондай-ақ әзірленіп жатқан Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы талқыланды. Сонымен қатар, қолданыстағы «Медиация туралы», «Құқықтық актілері», «Төрелік туралы» Заңдар талқыланды

Көрсетілген заң жобалары және Заң медиация, партисипативтік рәсімдер, төрелік сияқты және т.б. қорғаудың соттан тыс нысандарының артықшылығын ашады.

Аталған заң жобалары қатысушылардың «аса» қызығушылығын қозғады, себебі олар азаматтарға және бизнес өкілдеріне бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге және қосымша мүмкіндіктер береді.

Жалпы ашық талқылау қатысушалардың үлкен қызығушылығын қозғады және құрылымдық диалог түрінде өтті.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
415

Осы тақырып бойынша

Әділет министрлігі әзірлеген заң жобалары бойынша ашық талқылау - Yvision.kz