Мазмұнға өту

Жаңа

«Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-да контейнер айналымы 2016 жылы 59 мың ЖФЭ құрады

«Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА Еуразиялық өңірде Қазақстанның экспорттық-транзиттік әлеуетін іске асыруды қамтамасыз етеді, бұл жөнінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салып жатқан «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА нысандарына БАҚ өкілдері үшін ұйымдастырылған баспасөз сапары барысында белгілі болды.

Қытай шекарасында Еуразиялық құрлықтағы маңызды екі ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Олар «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-н құру мен кешенді дамыту» және «Қорғас» халықаралық шекаралық серіктестік орталығын құру» жобалары. «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-н құру  Қазақстан экономикасының инфрақұрылымдық негізін дамыту, жүк ағымдарын қалыптастыру және ынталандыру жөніндегі жаңа экономикалық саясат шеңберінде жүзеге асырылуда.

«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ның Қытайдан және Оңтүстік Шығыс Азиядан ТМД-ға, Еуропаға, Түркияға, Парсы шығанағы елдеріне және басқа өңірлерге маңызды бағдарлар қиылысында географиялық қолайлы орналасуы, мульдимодальдық логистиканы дамыту, ірі өнеркәсіптік өндірістер мен сауданы ұйымдастыру оның әлемдік деңгейдегі болашағы бар дистрибуциялық орталық болуына мүмкіндік береді.

Жетіген-Қорғас және Жезқазған-Бейнеу темір жолдар желісімен, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік дәлізімен және Ақтау портымен технологиялық байланыста «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Қазақстанның әлемдік көлік және сауда жүйелеріне одан әрі ықпалдасуын қамтамасыз етеді.

«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ның маңызды бөлігі Құрғақ порт болып табылады. Бұл Қазақстандағы ең үлкен жердегі порт және Орта Азиядағы ең ірі логистикалық парк.

«Бүгінгі таңда 73 234 ЖФЭ контейнерге жүк тиеу көлемі орындалды. Контейнер айналымы 2016 жылы (қаңтар-қазан) 59 106 ЖФЭ құрады», -  деп хабарлады «Khorgos-Gateway» ЖШС бас директоры Карл Гейссен.

Қытай темір жолының болжамына және ҚХР ресми статистикалық деректеріне сәйкес, ҚХР- ЕО бағыты бойынша контейнерлік пойыздардың көлемі жылына 5000 бірлікті және немесе 2020 жылға қарай 500 000 ЖФЭ құрайды. Биылғы жылы осы бағдар бойынша 2016 жылы 95 000 ЖФЭ күтілуде. Салыстыру үшін, 2011 жылы темір жолдар бойынша 1 100 ЖФЭ тасымалданған.

«Қорғас» ХШСО президенті Қ. Жазиннің айтуы бойынша, ХШСО орталығының нормативтік- құқықтық базасы жетілдірілуде. Оның ішінде «Қорғас» ХШСО АЭА құру туралы» Мемлекет басшысының Жарлығын, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға ХШСО қызметі мәселелері бойынша түзетулер енгізетін Заң әзірлеу ұсынылған.

Сонымен қатар, азаматтардың ХШСО аумағына кіріп-шығуы мәселелері бойынша жұмыс жүргізілуде, багаж жүктерін қабылдау қызметі жетілдірілген. Орталыққа келушілер үшін бірыңғай төлем картасы жүйесін енгізу жоспарланып отыр. ХШСО толық енгізілуі 2018 жылға жоспарланған.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
772

Назар аударыңыз, Қоғамдық қабылдау жұмыс істейді!

2016 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) «Ақмола облысындағы Азаматтық бақылау» жобасын жүзеге асыру аясында «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Жас Отан» ЖҚ Ақмола облыстық филиалының коворкинг-орталығында Қоғамдық қабылдаудың жұмысы басталды.

Қоғамдық қабылдау сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының, сонымен қатар, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласының және Әдеп кодексінің бұзушылықтарын болдырмау мәселелері жөніндегі азаматтық бастама орталығы болуға бейімделген.

Қоғамдық қабылдау:

1) мемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы  Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ Әдеп кодексінің талаптарын мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;

2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті, яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасының жай-күйіне, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауына қатысты ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтап-қорыту, талдау және бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асырады.

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар үшін жылдық және тоқсандық ұсыныстарды қалыптастырады;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық және ұйымдастырушылық іс-шараларды қамтамасыз етеді (бұқаралық ақпарат құралдарында үздіксіз ақпараттық жұмыс, тоқсан сайын ғылыми-тәжірибелік іс-шараларды ұйымдастыру).

Құрметті азаматтар!

А.ж. 2 қарашада, 11.00. сағатта қоғамдық қабылдауда («Нұр Отан» партиясының ғимараты) Департамент басшылығының қатысуымен Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы  заңнаманың  және Әдеп кодексінің  талаптарын сақтау мәселелері жөніндегі азаматтарды қабылдау жүргізілетіндігі туралы хабарлаймыз.

Біздің мекенжайымыз: Көкшетау қ. Әуелбеков к. 117, «Нұр Отан» партиясының жанындағы  «Жас Отан» ЖҚ  АОФ коворкинг-орталығы,

тел.: 8 7162 72 23 15, электрондық мекенжай: [email protected].

Департамент госслужбы

0
0
235

Ульянов облысымен телекөпір өткізілді

А.ж. 27 қазанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті  «Жігер» жас мемлекеттік қызметшілер клубы» ЖҚБ-мен бірлесіп Ресей Федерациясы Ульянов облысының жас мемлекеттік қызметшілерімен Skype қосымшасы арқылы  бейнеконференция өткізді.

Шараға Департамент басшысының орынбасары Е. Жайықбаев, РФ Ульянов облысы губернаторының сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі бас кеңесшісі П.Антонов, Көкшетау қаласы мен Ульянов облысының жас мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметтің қазақстандық  және ресейлік үлгісінің қалыптасу және даму кезеңі, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік келбеті мен іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды арттыруға бағытталған  қызметтік этика нормалары туралы баяндау.

Департамент госслужбы

0
0
277

Ақмола облысында суреттер мен шығармалар байқауларының қорытындылары шығарылды

Ақмола облысында Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қызметті ұйымдастыру жөніндегі 2016 жылға арналған кешенді жоспардың шеңберінде, Ақмола облысының жалпы білім беру ұйымдарында 5-8 сынып оқушылары арасында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбындағы суретер байқауы  және 9-11 сынып оқушылары арасында «Мемлекттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» тақырыбында өткізілген шығармалар байқауының қорытындылары шығарылды.Байқауды ұйымдастырған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Ақмола облысы бойынша департаменті және Ақмола облысының білім басқармасы.Өскелең ұрпақтың арасында жалпыға бірдей еңбек,  адалдық және  сатылмаушылық  идеяларын мінез-құлық нормасы болуы қажет деп түсінуін және мемлекеттік қызметті елдің мақсаттары мен даму басымдығын іске асыруға, әрбір азаматтың мүддесі үшін адал қызмет ету және күнделікті қажеттілігін қанағаттандыруға бейімделген маңызды институт ретінде түсінуін тарату. Әділ қазылар алқасының шешіміміен «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбындағы суреттер байқауы  бойынша Атбасар қ. №8 мектеп-интернатының 8 сынып оқушысы Темірбекова Диана жеңімпаз атанды, 2-ші орынды  Есіл қ. №2 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Тесленок Екатерина, 3-ші орынды Жарқайың ауданы, Өмірлік орта мектебінің 5сынып оқушысы Сатыбалдина Ділназ иеленді.

Шығармалар байқауында жүлделі орындар келесідегідей болып бөлінді:

1-ші орынды –  Жақсы ауданы, Запорожье орта мектебінің оқушысы Әшім Аружан, 2-ші орын – Щучинск қ. №2 орта мектебінің оқушысы Сердцева Виолетта, 3-ші орынды да Жақсы ауданының өкілі, Перекатная орта мектебінің 11 сынып оқушысы Алжасов Болат иеленді.

Сурет және шығармалар сайысының жеңімпаздары салтанатты жағдайда бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Департамент госслужбы

0
0
546

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысының территориалдық департаменттердің және инспекциялардың персоналды басқару қызметтері үшін тағылымдама өткізді

А.ж. 26-28 қазаны аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) Ақмола облысының территориалдық департаменттердің және инспекциялардың персоналды басқару қызметтері үшін тағылымдама өткізді.

Конкурстық таңдау, мемлекеттік қызметшілердің насихаттау, тағылымдаманы ұйымдастыру, тәлімгерлік, қызметшілерді бағалау, оқыту және т.б. мәселелерді талқыланды.

Тағылымдама барысында, департаментінің қызметшілері мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың практикалық қолдану бойынша әдістемелік және түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Барлық сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар берілді.

Департамент госслужбы

0
0
405

«Адал халық — адал мемлекет»

А.ж.   25 қазан күні Жақсы ауданында «Адал жол- Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны  шеңберінде  «Адал халық - адал мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Іс-шараға мемлекеттік мекемелердің басшылары мен  аудан әкімі аппаратының мамандары қатысты.Дөңгелек үстел барысында бірыңғай персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) басшысы   Н.Ф. Гафарова, мемлекеттік қызметтерді ұсынуды талдау бөлімінің басшысы  Т.А. Пономарева сөз сөйледі.Іс-шара барысында сындарлы әңгіме қалыптасып,   қойылған сұрақтарға  түбегейлі жауаптар берілді.

Департамент госслужбы

0
0
288

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары туралы

А.ж. 25 қазанда Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қызметті ұйымдастыру жөніндегі 2016 жылға арналған кешенді жоспардың шеңберінде «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола филиалының арнасында,  «Актуальная тема» телехабарында  жер қатынастары  және ауыл шаруашылығы салаларында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мәселелері жөнінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар» тақырыбындағы тікелей эфир ұйымдастырды. Хабарға Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы М. Балпан және  Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Н.Махитов қатысты. Сұхбат барысында мемлекеттік мекемелердің жұмысы туралы қысқаша ақпарат берілді, сонымен қатар, облыс тұрғындарын көрсетілетін қызметтер сапасының негізгі көрсеткіштері туралы хабардар ету, жер қатынастары және ауыл шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылардың құқықтары туралы және оның сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ету шараларына байланысы тұрғысынан  сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы азаматтардың хабардар болуын арттыру мәселелері  талқыланды.

Сонымен қатар, сұхбатқа қатысушылар мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын әрі қарай жетілдіру және арттыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында барынша қолжетімділікті, айқындықты және дер уақытында   қызмет көрсету мәселелері жөнінде әңгіме өрбітті.
Департамент госслужбы

0
0
255

Байқаушылар мен сарапшылар

2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңына сәйкес конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында оның отырысына байқаушылар мен сарапшылар шақырылады.

9 айлық мониторинг бойынша конкурс отырыстарына сарапшылар мен байқаушылардың қатысу үлесі 100 % құрайды.

Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері тұрақты негізде қатысады.

2016 жылдың 24-28 қазан аралығында департамент қызметкерлерінің қатысуымен «Батыс Қазақстан облысы бойынша медициналық ақы төлеу департаменті», «Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті», «Орал қаласы жер қатынастары бөлімі», «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік органдарында әңгімелесулер өтті.

Сонымен қоса, әңгімелесу барысына байқаушылар мен сарапшылар ретінде БҚО төтенше жағдайлар бөлімшелері ардагерлер ұйымының ардагерлер кеңесінің, басқа мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.

   
0
0
467

Астана қаласының театрлары Орталық Азия фестивалінде үздік атанды

Астана қаласының Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры және «Жастар театрының» ұжымы Орталық Азия мемлекеттерінің VI Халықаралық театрлар фестивалінде жеңімпаз атанды. Фестиваль қазанның 24-інен 27-сіне дейін Талдықорған қаласында өтті, оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Татарстан және Өзбекстанның үздік ұжымдары қатысты, деп хабарлады қала әкімдігі.

Елордалық қазақ драма театрының актерлары А. Чеховтың «Шие бағы» комедиясының желісі бойынша қойылған спектакльді көрсетіп, Гран-при иеленді.

Спектакльді қоюшы танымал театр және кино режиссері, «Золотая маска» ресейлік ұлттық театр сыйлығының иегері - Сергей Потапов. Басты рөлді сомдаған - «Золотой Витязь-2015» халықаралық театр фестивалінің дипломанты Ақмарал Танабаева, сондай-ақ, сахна төрінде «Қаллеки» театрының артистері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері – Кеңес Нұрланов, ҚуандықҚыстықбаев, Нұркен Өтеуілов, «Дарын» жастар сыйлығының иегері - Сырым Қашкабаев және т.б. өнер көрсетті.

Қаллеки театрының жеңісі Астанадан барған қатысушылардың жалғыз жетістігі емес.Елордалық «Жастар» театрының ұжымы да VI Орталық Азия мемлекеттерінің халықаралық театр фестивалінде бірінші орын алды. Театр актерлары Шекспирдің «Асауға тұсау» қойылымымен (қоюшы режиссёрі – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай) жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, «Жастар театры» үшін бұл мерейтойлық маусым – ұжым алғаш рет 10 жыл бұрын сахнаға шыққан. «Жастар театры» мерейтойлық театр маусымын біраз жеңістермен атап өтті. Театрдың шығармашылық ұжымы Ақтөбе қаласында XXIV Республикалық драма театрларының фестивалінде Гран-при алса, Беларусь Республикасында ХХI  «Белая вежа» Халықаралық театр фестивалінде Ә. Кекілбаевтың «Шыңғысхан» әфсанасы «Поэтикалық әфсананы көріністі жеткізу» арнайы сыйлығына ие болды. Орталық Азия мемлекеттерінің театрларының фестиваліндегі жеңістері - ұжымның маусым басталғалы қол жеткізген үшінші жетістігі.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
528

«Шымкентцемент» АҚ бес жыл iшiнде энергия тұтыну үлесін кемiнде 15%-ға төмендетуді жоспарлауда

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі «Шымкентцемент» АҚ арасында «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үш жақты келісімге қол қойылды.

Құжатқа ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің атынан Бірінші вице-министрі Альберт Рау, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі атынан Әкімнің орынбасары Жақып Бөкенбаев және «Шымкентцемент» АҚ атынан директоры Мустафа Авджы қол қойды.

Осы келісімнің аясында «Шымкентцемент» АҚ  бес жыл iшiнде оның өнім бірлігіне шаққандағы энергия тұтыну үлесін кемiнде 15%-ға төмендетуге мiндетті, ал жергілікті атқарушы орган Салық кодексіне сәйкес қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкасын көтермеуге құқылы, деп хабарлады ИДМ.

2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия сыйымдылығының ЖІӨ 25 пайызға төмендету бойынша нақты мақсаттар қойылған. Қазіргі уақытта 5042 ұйым субъектілермен мемлекеттік энергетикалық реестр жасалған. 2000-нан астам реестр субъектісі «энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» ҚР Заңына сәйкес энергетикалық аудит жүргізуге міндетті. Бүгінгі таңда 606 субъект энергетикалық аудит жүргізіп үлгерді.

Соның барысында жалпы пайдаланғандардың ішінде барлық реестр субъектілерінің үлесі мынадай болды. Мәселен, Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің пайдаланғаны 63%, заңды тұлғалар 35%, ал, мемлекеттік мекемелердің үлесі 2% құрайтыны анықталды. Аталмыш реестрден елдің энергия ресурсының 30%-дан астамын пайдаланатын 50 өндірістік кәсіпорын алынып тасталды.

ҚР Инвестиция және даму министрлігі энергосервистік келісім тетігі арқылы жүзеге асыруға дайын жобалардан тұратын энергия тиімділік Картасын жасады. Бүгінгі таңда энергия сервистік қызмет операторына энергия тиімділік Картасына қосылу үшін 65,12 млрд. теңгеден астам соманы құрайтын 105 тапсырыс түсті. Жыл соңына дейін 10 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда (бүгінгі күні кәдімгі шамдарды жарықдиодты шамдарға алмастыру бойынша 3 жоба жүзеге асуда – «Қазпошта» АҚ, «Қазақмыс» ЖШС және «ТАТЭК» ЖШС, сонымен қатар, USAID жобасы).

Бірқатар өңірде 2016-2020 жылдарға арналған кешенді энергия тиімділік жоспары бекітілді (БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, ОҚО, Алматы, ШҚО, Қызылорда, Атырау және СҚО).

Аумақты дамыту бағдарламасына жақын 5 жылдықта энергия үнемдеу секторын дамыту жоспары мен жергілікті атқарушы орган қызметінің негізгі бағытын және аймақтың ЖӨӨ энергия сыйымдылығын төмендету бойынша мақсатты индикаторын белгілейтін энергия үнемдеу мен энергия тиімділік бойынша тарау қосылды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
424