Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Назар аударыңыз, Қоғамдық қабылдау жұмыс істейді!

2016 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) «Ақмола облысындағы Азаматтық бақылау» жобасын жүзеге асыру аясында «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Жас Отан» ЖҚ Ақмола облыстық филиалының коворкинг-орталығында Қоғамдық қабылдаудың жұмысы басталды.

Қоғамдық қабылдау сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының, сонымен қатар, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласының және Әдеп кодексінің бұзушылықтарын болдырмау мәселелері жөніндегі азаматтық бастама орталығы болуға бейімделген.

Қоғамдық қабылдау:

1) мемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы  Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ Әдеп кодексінің талаптарын мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;

2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті, яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасының жай-күйіне, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауына қатысты ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтап-қорыту, талдау және бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асырады.

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар үшін жылдық және тоқсандық ұсыныстарды қалыптастырады;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық және ұйымдастырушылық іс-шараларды қамтамасыз етеді (бұқаралық ақпарат құралдарында үздіксіз ақпараттық жұмыс, тоқсан сайын ғылыми-тәжірибелік іс-шараларды ұйымдастыру).

Құрметті азаматтар!

А.ж. 2 қарашада, 11.00. сағатта қоғамдық қабылдауда («Нұр Отан» партиясының ғимараты) Департамент басшылығының қатысуымен Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы  заңнаманың  және Әдеп кодексінің  талаптарын сақтау мәселелері жөніндегі азаматтарды қабылдау жүргізілетіндігі туралы хабарлаймыз.

Біздің мекенжайымыз: Көкшетау қ. Әуелбеков к. 117, «Нұр Отан» партиясының жанындағы  «Жас Отан» ЖҚ  АОФ коворкинг-орталығы,

тел.: 8 7162 72 23 15, электрондық мекенжай: [email protected].

Департамент госслужбы

0
0
200

Осы тақырып бойынша