Мазмұнға өту

Жаңа

«Мемлекеттік қызмет – менің таңдауым»

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті Республикалық жоғарғы техникалық колледжімен бірлесіп, студенттер арасында жалпы қолжетімділікті, яғни азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге тең құқығы және өзінің қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметте жоғарылауы туралы таныту мақсатында «Мемлекеттік қызмет – менің таңдауым» атты флэш-моб өткізілді.

 
0
0
644

Республикалық жоғарғы техникалық колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара өткізілді.

2016 жылдың 27 қазан күні ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Республикалық жоғарғы техникалық колледжі студенттерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Департамент өкілдері Б.Хайруллин және Е.Төлепқалиев қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие берудің негізгі бағыттары, жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру мәселелері бойынша түсінік беріп, қойылған сұрақтарға жауаптар берді.

Шара барысында колледж студенттері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өткізілген қабырға газетінің қорытындысы шығарылып, жеңімпаз топтар марапатталды.

 
0
0
446

A(10),В(10) екі массиві берілген. A(10),В(10) массивтеріндегі бірінші нөл элементіне дейінгі элементтерді 0,5 санына ауыстыру.

// Example program
#include <iostream>
#include <string>
using namespace std;
int main()
{
double A[1000];
double B[1000];
int k1,k2,n,i;
cout<<"Vvedite n->";
cin>>n;
cout<<"Massivti engizu A["<<n<<"]:"<<endl;
for (i=0;i<n;i++){
cout<<"A["<<i<<"]=";
cin>>A[i];
}
for (i=0;i<n;i++){
if (A[i]==0) { k1=i; break; }
}
for (i=0;i<k1;i++){
A[i]=0.5;
}
// B maasive
cout<<"Massivti engizu B["<<n<<"]:"<<endl;
for (i=0;i<n;i++){
cout<<"B["<<i<<"]=";
cin>>B[i];
}
for (i=0;i<n;i++){
if (B[i]==0) { k2=i; break; }
}
for (i=0;i<k2;i++){
B[i]=0.5;
}
cout<<"Massive A "<<endl;
for (i=0;i<n;i++){
cout<<"A["<<i<<"]="<<A[i]<<" ";
}
cout<<"\n Massive B "<<endl;
for (i=0;i<n;i++){
cout<<"B["<<i<<"]="<<B[i]<<" ";
}
}
 
0
0
647

Құрметті ата-аналар, мұғалімдер және оқушылар! Енді мектеп портфельдердің салмақтары жеңілдейді.

1-ші сыныптың базалық оқулықтарының электрондық нұқсалары біздің сайтта орналасты. Бұл баланың оқуға қызықтырушылығын арттырып қазіргі заман талаптарына сай ету мақсатында жасалып отыр. Оқушылар мен мұғалімдер электрондық білім ресурстарын кез келген ыңғайлы сәтте пайдалана алады.
Оқулықтар бірнеше нұқсада беріліп отыр: файлдары pdf форматында және қосымша орнату пакеттерінің көмегімен жүктеуге болады.
http://edu.gov.kz/ru/page/elektronnie_uchebniki

0
0
1147

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің төртінші отырысы өтті

2016 жылғы 28 қазанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Әділет министрі М. Бекетаевтың төрағалымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің төртінші отырысы өтті. Диалогтың осындай форматы жыл сайын, әр төрт жыл сайын өткізіледі.
Отырысқа Қазақстан Республикасының, Қытай Халық Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының Әділет министрлері, Ұйымның Бас хатышысының орынбасары, сондай-ақ бақылаушы мемлекет ретінде Ауғаныстан Ислам Республикасының, Беларусь Республикасының Әділет министрлері, сондай-ақ Иран Ислам Республикасы мен Монғолияның ресми өкілдері қатысты.
Мемлекет басшылары деңгейінде  2015 жылғы 10 шілдеде Уфада қабылданған 2025 жылғы дейін Шанхай ынтымақтастық ұйымын дамыту стратегиясы саяси өзара әрекетте құқықтың орнын нақты анықтады, халықаралық форумдарда құқықтық талқылаудағы политизация мен конфронтацияғы ахуалды жасау бойынша бірлескен шаралар қабылдауды және тең құқықты ынтымақтастық қағидасын сақтауды, қазіргі заманғы мәдени-өркениеттік көптүрлілікті құрметтеу, халықаралық қауымдастықпен адам құқықтарының барлық түрлеріне, сонымен бірге дамуға деген құқыққа бірдей мән беруге көмектесуді анықтады.
Осы ұйым шеңберінде әділет органдарының ынтымақтастығын нығайту үшін басқа ынталандыру болып өзара қызығушылық пен өңірлік ынтымақтастықты бекітуге ниет, сонымен бірге, іске асып жатқан ұлттық құқықтық саясаттағы тәжірибе және заңнамалық базамен алмасу танылады.
Отырыс қамқорлығымен кезекті отырыс өткізілді, отырыста 10 мемлекеттерінен кем емес сот сарапшылары тәжірибе және озық тәжірбе, сот сараптамалық қызметі жүргізудің әдістемелерін ұсынды. Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастық нәтижесінде жыл сайынғы Халықаралық заң форумы аясында диалог алаңы пайда болды, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ұйымдастыруымен жыл сайын қатарына өткізілетін сот сарапшылары үшін «Батыс-Шығыс» конференциясы өткізілді.
Министрлер деңгейде өткізілетін кезекті отырыс Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекеттерінің әділет органдарының ведомствааралық ынтымақтастығын тереңдетуге ықпал етті.
Отырыс қорытындысы бойынша жоспарлау және Үкіметтің заңнамалық қызметін жоспарлау, заң қызметін көрсету, азаматтардың құқықтық мәдениетін дамытуға және оларға құқықтық көмек көрсетуге жәрдемдесу, сот сараптамасы саласында өзара ынтымақтастық, Ұйым сайты арқылы азаматтардың және өзге де субъектілердің ұлттық заңнамаға тегін қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша шешімдер қабылданды.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі
0
0
372

2016 жылғы қазанның 21-інен бастап 27-сін қоса алғандағы кезең ішінде

  1. Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімінде 118 нормативтік құқықтық акті тіркелді;
  2. «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 152 нормативтік құқықтық акті ресми жарияланды;
  3. Құқықтық ақпараттық қызмет азаматтардың 3804 сұрақтары бойынша консультация көрсетті;
  4. «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі» ақпараттық жүйесіне 350 нормативтік құқықтық акті енгізілді.
 
0
0
396

Құрметті мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар, төмендегі хабарландыруымызды назардан тыс қалдырмаңыздар!

Соңғы жылдары оқулықтарда кеткен қателіктер жөнінде көптеген шағымдар мен сыни пікірлер түсіп отырды. Олардың көбі дәйекті. Министрліктің тарапынан оқулықтарды жетілдіру жұмыстарының үздіксіз жалғасуы қамтамасыз етілген.

Біз «Оқулықтардың сапасын қоғамдық бақылау» жобасын іске қоса отырып, осы мәселенің инновациялық шешімін табуға тырыстық. Енді оқулықтарды тікелей сайттан қарауға және қателік кеткен немесе басқа олқылыққа жол берілген бетте онлайн ескерту жасау мүмкіндігі бар.

Біз мұғалімдерді, ата-аналарды және оқушыларды осы жобаға белсенді қатысуға шақырамыз. Бұл оқулықтарды анағұрлым сапалы және мазмұнды жасауға мүмкіндік береді.

Қазір http://expert.okulyk-edu.kz/kz/ сайтында әртүрлі баспалар жарыққа шығарған 9-сыныптың оқулықтары орналастырылып, басқа сыныптардың оқулықтары дайындалып жатыр.

0
0
773

«Бала дауысы» байқауының гранд финалы

Әлия Нұрсұлтанқызының бастауымен Жандану әлемі ұсынған әлеуметтік жоба өз мәресіне жетуде. "Бала дауысы" байқауының финалистері мен тәлімгерлерінің қатысуымен 13 қараша күні Республика сарайында 17:30-да гала концерті өтеді!

Байқаудың арнайы қонақтары - "KESHYOU" және "Ninety One" топтары.

Қапы қалмаңыздар!

0
0
507

Қызылордада терроризм актісі жайлы жалған хабар берген азамат анықталып, ұсталды

Кеше, 27 қазанда сағат 21.32 шамасында белгісіз азамат қоңырау шалып, Алматы қаласындағы метрода демалыс күндері террористік акті жасалатындығы жайлы көрінеу жалған хабарлаған. Қызылорда ОІІД Экстремизмге қарсы күрес басқармасы мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Қызылорда қаласының 1966 жылы туылған тұрғыны анықталып, ұсталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сезікті Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Егер де азаматтың кінәсі дәлелденген жағдайда, дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Терроризм актісі – қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру, мемлекеттік органдардың, өзге мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал ету  немесе мемлекет, қоғам қайраткерлерінің қызметін тоқтату және бұрыс деп есептеген іс-әрекеті үшін кек алу мақсатында жеке тұлғаларға, ұйымдарға қарсы жасалатын немесе жасаймын деп  қорқыту әрекеті болып табылады.

Аталған қылмысты жасаған азаматтар немесе кәмелетке толмаған тұлғалардың ата-анасы ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, Қылмыстық кодексте көрсетілген жауапкершіліктен бөлек аталған құқыққа қарсы әрекеті үшін мемлекеттік органдарға келтірген залалын толық мөлшерде өтейді.

Осыған орай, облыс тұрғындарынан өздерімен бірге жолға алып шыққан заттарға бас-көз болып, қараусыз қалдырмауды  және де әрбір іс-әрекеттің дұрыстығына, халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтірмейтіндігіне көз жеткізулерін сұрай отырып, көрінеу жалған хабар беру сынды әрекеттер заң шеңберінде қатаң жазаланатындығын еске саламыз.

Аталған қылмыстық іс-әрекет ауыр қылмыстар санатына жатқызылатынын және бүгінгі күні қолда бар заманауи техникалық құралдармен терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама берген азаматтардың жүрген жерін және жеке басын анықтау ешбір қиындық туғызбайтынын білгені жөн.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
656

Мемлекет пен бизнес сенімді серіктеске айналды

 

Астана қ. 28 қазан 2016 жыл.

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ҰЭМ «Қазақстандық мемлекеттік - жеке  меншік әріптестік орталығы» АҚ-ның Басқарма төрағасының орынбасары Шолпан Сапарғали мен Вице-президенті Айдос Оралханұлы Көбетовтың қатысуымен «Қазақстандағы мемлекеттік–жеке меншік әріптестікті дамытудың алғашқы нәтижесі» атты баспасөз конференциясы өтті.

МЖӘ орталығы жетекшісінің орынбасары Шолпан Сапарғали өз сөзінде: «Бір қуантарлығы,  мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі механизміне соңғы кездері қызығушылық арта бастады. Салыстырмалы деректі ұсыналық: егер ағымдағы жылдың ақпан айында әр түрлі дайындықтағы 102 жоба ұсынылса, ал қазан айында құны 1,1 трлн. теңге болатын 274 жоба, нақтыласақ оның 253-і аймақтық, 21 республикалық дәрежедегі жоба дайындалу үстінде» екендігін жеткізді. Сондай-ақ, бұл жобалар негізінен мектепке дейінгі мекеме, емхана, дәрігерлік амбулатория, спорт және мәдениет нысандары секілді  еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында сеп болатын нысандарды қамтиды. Ал ағымдағы жылдың қыркүйек айында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Ақтөбе облысында 3, Солтүстік Қазақстан облысында 1 жоба бойынша келісім жасалғаны туралы, брифинг барысында айтылды.

Картинки по запросу мемлекеттік жеке меншік әріптестік

Бұның барлығы мемлекет пен жеке бизнес арасындағы әріптестіктің даму нәтижесі. Атап айтқанда:

•   Жергілікті  әкімдіктерге  дербес  жобаларды жоспарлау, өңдеу, сынақтан өткізу, байқаудан өткізу секілді концессиялық және  мемлекеттік–жеке меншік әріптестік жобасын іске асыра алатын мүмкіндік берілді.

•  Мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің шағын жобаларына (балабақша, емхана, дене шынықтыру-сауықтыру орталықтары) келісім жасау кезеңінде  байқау өткізудің тәртібі, талабы жеңілдетіліп, уақыты қысқартылды.

•      Жаңа келісім жасаудың жүйесі жүзеге асты. Нысанға кететін негізгі шығыннан бөлек, қызмет шығыны да өтелетін жүйе іске қосылды.

Анықтама үшін:

Мемлекет  басшысы  Н.Ә. Назарбаев   2015 жылдың 31 қазан айында «Мемлекеттік - жекешелік әріптестік» туралы Заңға қол қойды.  «Мемлекетік-жекешелік әріптестік»  туралы  Заң  еліміздегі экономикалық салада қолданылады және де инвесторлармен жаңа келісім (қызметтік, инфраструктуралық келісім т.б)  жасауға құқық береді. Одан өзге бұл заң  жобаға қатысушылар қатарын (ұлттық компаниялар, холдингтер, мемлекеттік кәсіпорындар, жеке қаржы ұйымдары) едеуір көбейте алды.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Қазақстандық мемлекеттік - жеке  меншік әріптестік орталығы» АҚ баспасөз орталығы тел. 701724, e-mail: [email protected]

 

 
1
0
666