Байқаушылар мен сарапшылар
2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңына сәйкес конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында оның отырысына байқаушылар мен сарапшылар шақырылады.
9 айлық мониторинг бойынша конкурс отырыстарына сарапшылар мен байқаушылардың қатысу үлесі 100 % құрайды.
Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері тұрақты негізде қатысады.
2016 жылдың 24-28 қазан аралығында департамент қызметкерлерінің қатысуымен «Батыс Қазақстан облысы бойынша медициналық ақы төлеу департаменті», «Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті», «Орал қаласы жер қатынастары бөлімі», «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік органдарында әңгімелесулер өтті.
Сонымен қоса, әңгімелесу барысына байқаушылар мен сарапшылар ретінде БҚО төтенше жағдайлар бөлімшелері ардагерлер ұйымының ардагерлер кеңесінің, басқа мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.
