Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ульянов облысымен телекөпір өткізілді

А.ж. 27 қазанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті  «Жігер» жас мемлекеттік қызметшілер клубы» ЖҚБ-мен бірлесіп Ресей Федерациясы Ульянов облысының жас мемлекеттік қызметшілерімен Skype қосымшасы арқылы  бейнеконференция өткізді.

Шараға Департамент басшысының орынбасары Е. Жайықбаев, РФ Ульянов облысы губернаторының сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі бас кеңесшісі П.Антонов, Көкшетау қаласы мен Ульянов облысының жас мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметтің қазақстандық  және ресейлік үлгісінің қалыптасу және даму кезеңі, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік келбеті мен іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды арттыруға бағытталған  қызметтік этика нормалары туралы баяндау.

Департамент госслужбы

0
0
245

Осы тақырып бойынша