Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақмола облысында суреттер мен шығармалар байқауларының қорытындылары шығарылды

Ақмола облысында Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қызметті ұйымдастыру жөніндегі 2016 жылға арналған кешенді жоспардың шеңберінде, Ақмола облысының жалпы білім беру ұйымдарында 5-8 сынып оқушылары арасында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбындағы суретер байқауы  және 9-11 сынып оқушылары арасында «Мемлекттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» тақырыбында өткізілген шығармалар байқауының қорытындылары шығарылды.Байқауды ұйымдастырған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Ақмола облысы бойынша департаменті және Ақмола облысының білім басқармасы.Өскелең ұрпақтың арасында жалпыға бірдей еңбек,  адалдық және  сатылмаушылық  идеяларын мінез-құлық нормасы болуы қажет деп түсінуін және мемлекеттік қызметті елдің мақсаттары мен даму басымдығын іске асыруға, әрбір азаматтың мүддесі үшін адал қызмет ету және күнделікті қажеттілігін қанағаттандыруға бейімделген маңызды институт ретінде түсінуін тарату. Әділ қазылар алқасының шешіміміен «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбындағы суреттер байқауы  бойынша Атбасар қ. №8 мектеп-интернатының 8 сынып оқушысы Темірбекова Диана жеңімпаз атанды, 2-ші орынды  Есіл қ. №2 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Тесленок Екатерина, 3-ші орынды Жарқайың ауданы, Өмірлік орта мектебінің 5сынып оқушысы Сатыбалдина Ділназ иеленді.

Шығармалар байқауында жүлделі орындар келесідегідей болып бөлінді:

1-ші орынды –  Жақсы ауданы, Запорожье орта мектебінің оқушысы Әшім Аружан, 2-ші орын – Щучинск қ. №2 орта мектебінің оқушысы Сердцева Виолетта, 3-ші орынды да Жақсы ауданының өкілі, Перекатная орта мектебінің 11 сынып оқушысы Алжасов Болат иеленді.

Сурет және шығармалар сайысының жеңімпаздары салтанатты жағдайда бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Департамент госслужбы

0
0
504

Осы тақырып бойынша

Ақмола облысында суреттер мен шығармалар байқауларының қорытындылары шығарылды - Yvision.kz