Америкалық кәсіпкерлер ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға қызығушылық танытты
ЭКСПО-2017 ұйымдастырушысы кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімов пен Америкалық-қазақстандық бизнес қауымдастығының президенті Уильям Кортнидің кездесуі өтті, деп хабарлады Ұлттық компания. Ахметжан Есімов Көрмені дайындау барысында атқарылған жұмыстар бағытын таныстырды. Сондай-ақ, алдағы аптадан бастап халықаралық қатысушыларға павильондарды өткізу, әрі делегация мүшелеріне арналған апартаменттерді табыстау басталатындығын хабарлады. Одан әрі қарай павильондарды толтыру бойынша контенттік жұмыстар басталады. «Сәуір айында Елбасы делегациясының құрамында Вашингтонда болдым, онда АҚШ бизнес қоғамдастығымен кездесу болды, олар біздің Көрмеге қатысуға қызығушылық танытты. ЭКСПО-2017 әріптестері мен демеушілері арасында «Cisco», «General Electrics», «Ch…