Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары туралы
А.ж. 25 қазанда Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қызметті ұйымдастыру жөніндегі 2016 жылға арналған кешенді жоспардың шеңберінде «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола филиалының арнасында, «Актуальная тема» телехабарында жер қатынастары және ауыл шаруашылығы салаларында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мәселелері жөнінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар» тақырыбындағы тікелей эфир ұйымдастырды. Хабарға Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы М. Балпан және Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Н.Махитов қатысты. Сұхбат барысында мемлекеттік мекемелердің жұмысы туралы қысқаша ақпарат берілді, сонымен қатар, облыс тұрғындарын көрсетілетін қызметтер сапасының негізгі көрсеткіштері туралы хабардар ету, жер қатынастары және ауыл шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылардың құқықтары туралы және оның сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ету шараларына байланысы тұрғысынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы азаматтардың хабардар болуын арттыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, сұхбатқа қатысушылар мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын әрі қарай жетілдіру және арттыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында барынша қолжетімділікті, айқындықты және дер уақытында қызмет көрсету мәселелері жөнінде әңгіме өрбітті.
