Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Анонс. «Мемлекеттің норма шығарушылық қызметін жетілдіруде іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің рөлі» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция

2016 жылғы 11 қарашада сағат 09:30-да Қазақстан Республикасының Заңнама институты Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен бірлесіп «Мемлекеттің норма шығарушылық қызметін жетілдіруде іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің рөлі» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция өткізуді жоспарлап отыр.
Ғылыми-практикалық  конференцияға Парламент депутаттары, Жоғарғы Соттың, мүдделі мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның ғылыми қауымдастығы қатысады.
Өткізу уақыты мен орны: Астана қ., Қ. Сәтпаев көшесі, 2, Ғылыми Кеңестің отырыстары залы, № 259 кабинетте сағат 09:30-да басталады.
БАҚ аккредиттеу «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ-де өткізіледі (Ә.С. Асқарбаева, тел.: 74-13-74, электрондық мекенжай: [email protected](link sends e-mail)(link sends e-mail)).
ҚР Әділетминінің баспасөз қызметі,
тел/факс: 74-06-01
0
0
388

Осы тақырып бойынша

Анонс. «Мемлекеттің норма шығарушылық қызметін жетілдіруде іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің рөлі» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция - Yvision.kz