Мерекені қалай ұйымдастыру керек?
Сіз, өміріңізде есте қалатындай ең жағымды әсер алатын мереке ұйымдастыру үстінде болсаңыз.
Егер сіздің уақытыңыз шектеулі болса, ал қаржылық жағынан мүмкіндіктеріңіз болып тұрса, toibiznes.kz интернет-порталы заманауи және ұлттық стильдегі той ұйымдастыру бағдарламаларын таңдауда көмекші болады.

Сіз бұл жерде асабаларды, алдыңғы қатарлы сәнгерлерді, флористтерді, косметологтарды, фотографтарды және басқа да той, мереке ұйымдастырудағы мамандарды таба аласыздар. Себебі, біздің сайтта өз ісінің шеберлері жиналған.
Енді екінші нұсқаны қарастырайық, сіз той ұйымдастырумен жеке өзіңіз айналысудасыз. Негізі, қандай да бір мерекелік іс-шара ұйымдастыру кезінде ұстанатын жалпы нұсқаулар болады.
Оларға қонақтар саны, той жасайтын орын, мәзірді таңдау және залдың ішін безендіру жатады. Мейрамхана немесе кафе таңдауда шақырылған қонақтар санын басшылыққа ала отырып, би сахнасын таңдау қажет және мүмкіндік болса бағаналардың болмағаны дұрыс. Осыған қоса музыкалық және жарықтандыру жабдықтарына қатысты сұрақтарды шешу керек.
Жақсы асабаны таңдау, мерекенің бағдарламасын және баға жөнінде келісу. Әсіресе әр түрлі жастағы адамдар бар тақырыптық кештер, мерекелер және тойларға қатысты. Асаба тойдың сәнін келтіреді, ал мерекелік атмосфераны шоу-бағдарлама құрайды. Егер сіз тойға әртістерді шақыратын болсаңыз олармен міндетті түрде келісім-шартқа отырып тұрақсыздық айыбы жөнінде келіскеніңіз дұрыс.
Кәсіби фотограф пен видео операторды таңдау. Егер балалар мерекесі, мерей той немесе корпоративтік кеш болса, суреттерді өзіңіздің түсіруіңізге болады, ал үйлену тойы секілді үлкен мереке болса арнайы мамандарды шақырған дұрыс.
Тиісті киімдер мен керек-жарақтарды дайындау. Бұл тармақ үйлену тойы кезінде өзекті. Әрбір қалыңдықтың той көйлегін және сәукеле таңдауы маңызды оқиға болып табылады. Күйеу жігіттің киімі де тойдың салтанаттығын көрсетуі тиіс. Бутоньеркаларды таңдап, шақыруларды тарату қажет. Бет әрлеуші, шаштаразшымен де келісу керек. Үйлену тойынан басқа бұл айтылғандар тақырыптық кештерге байланысты, яғни сіз костюмдер жағын ойластыруыңыз қажет.
Мерекені ұйымдастыру үшін қажет соманы және шығындар сметасын құруды да ұмытпағайсыз.
Бұл баптардан бөлек назарға ұлттық нақыштағы той ұйымдастыру жағын да ескеру керек. Өйткені, қазіргі жас жұбайлар аға буынның кеңестерін алып өз халқының дәстүрін сақтауға тырысуда. Бірақ, дәстүрді сақтау дәрежесі әр өңірде әр түрлі, мысалы Қазақстанның оңтүстік және солтүстік аймақтары.
Бастапқыда Қыз ұзату және үйлену тойы екі бөлек мереке ретінде жасалады. Солтүстік Қазақстанда тойлардың бірігу үрдісі байқалады. Экономикалық тұрғыдан бұл әрине тиімді, себебі Қазақстанда орташа деңгейдегі тойды жасау үшін шамамен 6-7 мың доллар қажет және бұл қаражат қалың мал, қалыңдықтың туыстарына берілетін сыйлықтар есебінсіз.
Егер үйлену тойды бірлесіп жасайтын болсаңыз екі тараптың да теңдей дәрежеде қатысуын талқылау қажет. Оңтүстікте күйеу жігіт пен қалыңдықтың үйлену тойы көбінесе бөлек өтеді. Қазіргі заманғы Қыз ұзату – бұл саны үлкен қонақтар тізімі, асаба, әндер мен ойын-сауық түрлері. Қалыңдықтың киетін көйлегі сәукеле және қамзолмен толықтырылады.
Сәукелені меруертпен, бағалы тастармен, ұлттық ою-өрнектермен безендіреді. Соңында қалыңдық артына қарамай, алдына төселінген ақ жол арқылы жүріп өтуі тиіс. Бұл Қыз ұзатудың аяқталғанын білдіреді, содан кейін күйеу жігіт қалыңдықты алып кетеді.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырсаңыз, Сіздің мерекеңіз біркелкі және жоғарғы деңгейде өтеді, ең бастысы мерекені шығармашылықпен және жан-тәнімен ұйымдастыру.
