Мазмұнға өту

Жаңа

АҚШ-тағы Сайлау мәселесі

АҚШ азаматтары президент сайлауына дауыс бергенде келесі президенттің кім болатынын тікелей анықтамайды. Бұл елдің президенті бүкілхалықтық дауыс беру нәтижесін ескере отырып шешім шығаратын бірнеше сатылы жүйе арқылы сайланады. Қарашаның 8-і күні АҚШ-тың ондаған мың азаматы президент сайлауына түсіп жатқан кандидаттарға дауыс береді. Алайда сайлаудың ресми әрі түпкілікті қорытындысын сайлау алқасындағы 538 таңдаушы дауыс беріп шығарады.Сайлау алқасын 1787 жылы АҚШ конституциясының авторлары құрған. Бұл қадамға олар «АҚШ президенті жалпыхалықтық дауыс беру арқылы сайлануы керек» және «президентті Конгресс (АҚШ парламенті – ред.) таңдауы тиіс» деген дау шыққанда ортадан бір мәміле табу үшін барған. Сайлау алқасының тағы бір міндеті – халқы аз шағын штаттардың таңдауын халық тығыз қоныстанғ…

0
0
845

ҰБТ-ның жаңа форматы

Түлектер, ата-аналар және мұғалімдер, назар аударыңыздар! ҚР Білім және ғылым министрлігінің соңғы брифингінде түлектердің қорытынды аттестациясының өткізілуі және ЖОО-ға түсу принциптері туралы жаңа формат жарияланды. 2017 жылдан бастап түлектер мектептерде емтихандар тапсырып (орта мектеп бітіргені жөнінде аттестат және «Алтын белгі» алу үшін), ЖОО-ға түсу үшін емтихан және мемлекеттік гранттың бөліну жүйесі функциясын атқаратын ҰБТ тапсырады. Бұл өзгерістер оқушылардың, ата-аналар мен мұғалімдердің ҰБТ-ны ЖОО-ға түсу емтиханы деп қана қабылдайтындары үшін енгізілді. Сондай-ақ бұған түлектердің білімдерін сай бағалай алмайтынымыз, көптеген ата-ана мен мұғалімдердің ҰБТ жадыны жаттықтырғанымен, оқушылардың сапалы білімін анықтай алмайды деген ойлары түрткі болды. Қатысушылардың саны ешқа…

0
0
1955

Арагогтың өмірбаяны

Арагог (ағылш. Aragog, жуық. 1942 — 1997, 20 сәуір) — Рубеус Хагрид Хогвартста үшінші курс оқып жүргенде бәрінен жасырып өсірген өрмекші-акромантул. Белгілі жағдайлардан кейін Хагрид оны Тыйымды орманға қоя берген. Кейін ол жерде Арагог акромантулдар мекенін құрған. Қартайып өлген. Өмірбаяны "Мен алыс жерден келгенмін. Хагрид мені бала кезімде бейтаныс саяхатшыдан алған." — Арагог "Қабанбас" трактиріндегі Хагридтің бейтаныспен кездесуі (сурет) Арагогты Ұлыбританияға жұмыртқа кезінде белгісіз бір саяхатшы, мүмкін аткезші алып келген. Он үш жасар Хагрид кішкентай өрмекшіні Хогсмидта бейтаныс кісіден сатып алған болса керек. Ондай сауда жасауға арналған ең ыңғайлы жер «Қабанбас» трактирі. Ол жерде атам заманнан бері тыйым салынған тауарлар сатып алуға болатын. Арагог жұмыртқадан шыққаннан ке…

2
0
2682

Саяси көзбояушылық

Қазақстандағы саяси партиялар жайлы не білесіз деген сұраққа жауап алып, өзімше сараптауға бел будым. Әрине, көпшілігінен Нұр Отанды жиі естідім. Бір жағынан таң қаларлықтай дәнеңе жоқ. Бірқатары Ауыл, Ақ жол дегенің ескерсек те, түйін біреу. Жұрт партия ретінде Нұр Отанды ғана біледі. Шыңына келер болсақ өзімнің де партиялар жайлы білімім асқақтап тұрған жоқ. Партиялардың қандай жұмыс атқаратындығынан да бейхабармын. Әйтеуір, концерт немесе қайырымдылық кешінің ұйымдастырылуы мынандай партияның көмегімен деген сөзді құлағымыз шалып қалатын жайымыз бар. Біздікілер басқаларын шала білсе де, Нұр Отанды білмеулері мүмкін емес. Көшеде жарнамадан, үйде теледидардан, ұялы телефоннан, арасында интернеттен көзімізге шалынантын бірдең- бір партия Нұр Отан. Шыңдықты айту шырық бұзу емес. Дегенмен,…

0
0
1340

Қ.Мәми: Жаңа АПК елдің құқықтық алаңын айтарлықтай жақсартты

Жоғарғы Сот судьялардың VII съезі қарсаңында Азаматтық процестік кодекстің комментарийін таныстыру рәсімін өткізді, деп хабарлады Жоғарғы сот. «Президент ел өміріндегі зор маңызға ие жаңа Кодекске алғаш рет жариялы түрде қол қойғанын атап өтті. Бұл тұрғындарға заңның мән-маңызын неғұрлым дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді», - деді таныстыру рәсіміне келген қатысушыларға сөйлеген құттықтау сөзінде Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми. Мемлекет басшысы тарапынан берілген мұндай жоғары баға ақталды. Бүгінде жаңа Кодекс еліміздің құқықтық кеңістігін түбегейлі жақсартты деп нық сеніммен айтуға болады. Жаңа Кодекс күшіне енгеннен кейін шығарылған сот актілеріне жүргізілген талдау азаматтардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен қалпына келтіруде өзінің зор тиімділігін көрсетті. Егер де…

0
0
214

Жамбыл облысында жылына 300 тоннаға дейін полиэтилен өнімі шығарылады

Индустриалды - инновациялық даму бағдарламасы аясында 2015 жылы Таразда полиэтилен пленкаларын шығаратын «Поллиэтилен Агро» зауыты іске қосылған болатын, деп хабарлады облыс әкімдігі. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарлама арқылы бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша 40,6 млн. теңгеге – жол салу, газдандыру, электр желісі және су құбыры тартылды. Серіктестігі бау бақша егетін шаруалардың қажеттілігін қамтып отыр. Серіктестік шығаратын тауар – пленкалар мен полиэтилен жіп. Мұндағы ені 10 метрлік пленкалар негізінен бау-бақшаға, яғни жылыжайларға арналып шығарылады. Сонымен қатар, пленкаларды азық-түлік өндірушілер тағамдардың тазалығын сақтау үшін өнімді қаптауға пайдаланады. Сол секілді полиэтилен жіптерін де көбіне ау…

0
0
410

Жылжымайтын мүліктің мемлекеттік кадастры баспана ресімдеудегі кедергілерді азайтады

Астанада «Жылжымайтын мүлік объектілерінің мемлекеттік кадастрлық есебінің өзекті мәселелері» атты халықаралақ конференциясы басталды. ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға кадастрлық қызмет саласындағы салалық кәсіпорындардың және Еуразиялық экономикалық одақтың қатысушы мемлекеттердің ұйымдары мен Литва Республикасының делегациялары қатысуда. Сондай-ақ, конференцияға ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі, ҚР Әділет министрлігі, «Қазгеодезия» РМҚМ, «Зерде» ҰИХ АҚ және «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ өкілдері қатысуда. Конференция нәтижесінде қатысушылар ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қоймақ. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары…

0
0
448

Шанхайдағы CITM-2016 көрмесінде Қазақстан өзінің туристік әлеуетін таныстырды

Биыл қарашаның 11 мен 13 аралығында Шанхайда Қытайдың China International Travel Market (CITM 2016) ірі туристік көрмесі өтті. Жалпы ауданы 65 кв.м. болатын «Shanghai New International Expo Centre» көрме кешенінде 400-ден аса халықаралық қатысушы, 600 делегация және 100-ден астам келуші болды, деп хабарлады ИДМ. Көрмеде Қазақстанның аймақтары мен ірі туроператорлық компаниялардың өкілдері біріккен ұлттық стенд аясында ұсынылды. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаментінің тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстанның сыртқы сауда палатасы қазақстандық делегацияның аталмыш көрмеге қатысуын ұйымдастырды. Қазақстандық компаниялар арасында «KazAllianceGroup», «Explore Central Asia LTD», «Sky…

0
0
277

Ата-аналар комитеттерімен кездесу

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қызметті ұйымдастыру бойынша 2016 жылға араналған кешенді жоспарды іске асыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментімен  мектепке дейінгі мекемелердің, орта білім беру орындарының ата-аналар комитеттері өкілдерімен кездесулер өткізілуде.

Кездесу барысында Департамент қызметкерлері отбасында, оның ішінде өскелең ұрпақты жастайынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік қатынастар құндылығына тәрбиелеу және оны бойларына сіңіру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру бағытында түсінік жұмыстарын жүргізуде.

0
0
246

Жоғарғы Сот Азаматтық процестік кодекстің комментарийін таныстырды

Жоғарғы Сот судьялардың VII съезі қарсаңында Азаматтық процестік кодекстің комментарийін таныстыру рәсімін өткізді. Іс-шараға Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай, Президент Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі Әлия Рақышева, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, шетелдік ұйымдардың өкілдері, судьялар мен құқықтанушы-ғалымдар қатысты. Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 25 жылдығында осыдан бір жыл бұрын жаңа редакциядағы Азаматтық процестік кодекске жария түрде қол қойды. «Президент ел өміріндегі зор маңызға ие жаңа Кодекске алғаш рет жариялы түрде қол қойғанын атап өтті. Бұл тұрғындарға заңның мән-маңызын неғұрлым дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді», - деді таныстыру рәсіміне келге…

0
0
786