«Адал жол – Честный путь» марафоны Сандықтау ауданында
2016 жылдың 10 қарашасында Сандықтау ауданы «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы» облыстық марафонының эстафетасын қабылдады.
«Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының барысында жемқорлықтың кез-келген көрінуіне ахуалды қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттті қалыптастыру үшін жұмыстың әртүрлі формалары қолданылады.
Іс-шаралар жоспарында тұрғындардың барлығы қатысатын семинарлар, дөңгелек үстелдер, дебаттар, викториналар, байқаулар жоспарланған.
