Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» тақырыбындағы дөңгелек үстел

А.ж. 17 қарашада Сандықтау ауданында «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонын өткізу бойынша іс-шараларды іске асыру жоспарының аясында ішкі саясат бөлімі аудандық кітапхана ғимаратында «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» атты дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Есымбаев, дербес бөлімдердің басшылары, мемлекеттік қызметкерлер, БАҚ өкілдері.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А. Есымбаев «Нөлдік шыдамдылықты» қалыптастыратын «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бағдарламасы», партия жобалары туралы айтып берді.

Мемлекеттік-құқықтық бөлім басшысының міндетін атқарушы  Ә. Омаров өз баяндамасында «Сыбайлас жемқорлық – өз мүдделері үшін мемлекеттік міндеттерді қолдану арқылы мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне, қоғам қызығушылығына нұқсан келтіру. Және де ең бастысы – сыбайлас жемқорлықтың тағы бір көлеңкелі жағы, бұл мемлекетік қызмет сапасының төмендеуі, көлеңкелі экономиканың өсуіне ықпал ету, криминалдық құрылымдардың ұстанымының нығаюы», - деп атап өтті.

Департамент госслужбы

0
0
443

Осы тақырып бойынша

«Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» тақырыбындағы дөңгелек үстел - Yvision.kz