Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Менің анам

Ана – әрбір адамның  жарық  дүниедегі жақыны,жанашыры,қадірлісі,қамқоршысы. Баласы үшін жанын да аямайтын ана.Менін анам балаларының қамқоршысы,отбасының берекесі. Балаға анадан  даритын қасиеттер көп. Маған да анамнан көп  қасиеттер  дарыды  деп  ойлаймын.Ол қасиеттерді өзімнің өн бойымнан байқаймын, бағалаймын. Ана қашан да баласына кешірімді. Балалықпен жасаған қателіктерімді кешіре білген анам мен үшін ардайым қадірлі. Жәнәттің кілті ананың табанының астында  деп  дана кісілер  бекер айпағаны хақ! Анадан ақын туған, батыр туған,дана туған.  Ананың ақ сүтін ақтау әр баланың парызы. Мен анамның алдындағы парызымды жақсы біліміммен,еңбегіммен,адалдығыммен өтегім келеді.Менің анам өнер адамы болса да 17 жыл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында әскери қызмет жасап, еліне адал еңбек етіп құрметті зейнетке шықты. Анам үшін мен әрқашан мақтанамын.  Өйткені анамның еліне деген еңбегі шексіз.Анам өнер адам болғандықтан менде анам сияқты өз өмірімді,өз болашағымды өнерге арнаймын деп шештім.Қазақ-Америка Университетіндегі журналистика факультетіне тусіп анамның жолын жалғастырып жатырмын.Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар. Сондықтан анаға сый құрмет көрсету керек. Тіршілік иесіне нұрын шашқан,  көктем табиғатындай мейірімі жылы, шаңырағымыздың берекесі аналарымыз аман болса екен. Анашым сізге мың алғыс!

1
0
3871

Осы тақырып бойынша

Менің анам - Yvision.kz