«Адал жол – Честный путь» баспасөз мәслихаты
А.ж. 11 қарашасында Сандықтау ауданынының әкімдігінде «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының басталуы мен өткізілуі талқыланды. Баспасөз мәслихатына аудандық қызметтер мен ведомствалардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Қатысушылардың алдында аудан әкімінің орынбасары Г. Қадырова сөз сөйледі. Ол қатысушыларды аудан әкімі аппаратының ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша қабылданып жатқан шараларымен таныстырды.Баспасөз мәслихаты барысында Г. Қадырова сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон маңыздылығын атап өтті: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың мақсаты – барлық тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартру процесіне тарту, тұрғындар сенімін арттыру, жастарды рухани тәрбиелеу, моралдық-этикалық нормалар мен құндылықтарды дамыту, Отанға мінсіз қызмет ету принциптерін ілгерілету».

