Мазмұнға өту

Жаңа

ҚР-да 2019 жылғы қыркүйектен бастап 0 сыныптарда бірыңғай мектепалды бағдарламасы енгізіледі

Қазақстанда балаларға 1 сыныпқа келгенде бірыңғай оқу бағдарламаларын игеруге бірдей дайын болуы үшін, мектепалды дайындық тобында бірыңғай оқу бағдарламалары мен бірыңғай базалық оқулықтар енгізіледі.

«Даярлық сыныптарында бірыңғай мектеп алды бағдарламасы 2016 жылғы қыркүйектен бастап ел бойынша енгізіледі деп жоспарлануда. Пилоттық жоба аясында ҚР БҒМ 2017 жылдан бастап даярлық сыныптары үшін бірыңғай бағдарлама мен бірыңғай базалық оқулықтар енгізуді жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.

Білім саласындағы тәжірибелі педагогтар мен ғалымдардың пікірлерінше, мектепалды дайындықтан бастап балалар «Әліппені» («Букварь») меңгерулері қажет.

5-6 жастағы балаларға  үшін «Әліппені» («Букварь») үйрету жүктемесі қазіргідей үш айдың ғана көлемінде жүргізілмей, оқу жылы барысында меңгеруге бағытталатын болады. Балалар әріптерді тануға, буындап оқуға, тыңдалған дыбыстық сөздерге талдау жасауға үйренетін болады.

«1 сыныптан бастап жазуға үйрету басталады. Өйткені 5-6 жастағы балалардың ұсақ моторикаларды жазу үшін жеткілікті деңгейде дамымаған», - деп түсіндірді ведомствода.

Халықаралық тәжірибелерді зерттеп, бұл елдердің де осы жолды таңдағандарын көруге болады. Мысалы, Беларусияда «Әліппе» 2-5 жастағы бөбектер үшін шығарылған. «Әліппенің» ерекшелігі – әрбір әріпке сәйкесінше қайталанбас образдар берілген, осыған орай балалар әріптерді ынтасымен үйреніп, өзара ұқсас әріптерді алмастырып алмайды. Ресейде мектепке дейінгі жастағы балалар үшін электронды «Әліппе» жасалған. Балалар дауысты және дауыссыз дыбыстар мен екпіндермен, буындармен және сөз тіркестерімен ойын түрінде танысады.

Қазіргі таңда ҚР БҒМ 5-6 жастағы мектепалды дайындық балалары үшін интерактивті технологиялар негізінде балалардың қабылдауына ыңғайлы «Әліппе» («Букварь») оқулығын әзірлеуді бастады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
1061

Қ.Бозымбаев БҰҰ конференциясында ҚР-ның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі ілгерілеуін атап өтті

ҚР Энергетика министрі Қ.А. Бозымбаев Марракеш қаласында (Марокко) өткен БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы тараптарының 22-ші конференциясында сөз сөйледі.

Өз сөзінде Министр тұрақты даму мақсаттарына жетудегі ҚР прогресін атап өтті және БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы Тараптарын жасыл экономикаға көшуге шақырды.

«Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында ұсынылған біздің үшінші бастамамыз - Астанада БҰҰ аясында Жасыл технологиялар мен инвестициялар жөніндегі халықаралық орталықты іске қосу. Осыған орай бастамамызды қолдайды деп сенеміз. Орталық «жасыл» өсудің қағидаттары мен стандарттарын ілгерілету алаңына айналады»,- деп Қ. Бозымбаев ҚР Президенті Н. Назарбаевтың халықаралық бастамаларының бірімен бөлісті.

Сондай-ақ конференция аясында Қ. Бозымбаев Сауд Арабиясы корольдігі, Түркия және Украина министрлерімен екі жақты кездесулер өткізді.

Сауд Арабия корольдігінің энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Халид аль-Фалихпен кездесу барысында мұнай-газ секторының басым бағыттарында өзара тиімді ынтымақтастық келешегі, мұнай және газ өндіру, мұнай өнімдерін өндіру, шикізатты қайта өңдеу, жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялар тарту, сондай-ақ төмен көміртекті даму және парниктік газдардың шығарындыларын азайту саласындағы ынтымақтастық талқыланды.

Жаңартылатын энергетиканы дамыту, екі елдің экономикасын төмен көміртекті дамыту мәселелері Түркияның қоршаған ортаны қорғау және қала құрылысы министрімен кездесу кезінде де талқыланды. Министр М.Озхасеки 2030 жылға қарай электр энергиясын генерациялаудағы жаңартылатын энергетиканы 50%-ға жеткізетіндігін атап өтті. Сондай-ақ ол БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы Тараптарының конференциясын 2020 жылы Анталияда өткізуге берген Түркияның өтінімін қолдауды сұрайды.

Украинаның экология және табиғат қоры министрі Остап Михайлович Семеракпен өткен кездесу де жемісті болды. Оның барысында парниктік газдардың шығарындыларын азайту және төмен көміртекті даму салаларында ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Парниктік газдар шығарындыларын квоталау және сату бойынша тәжірибе алмасуға Украина тарапы қызығушылық білдірді. Қазақстан Республикасында тәжірибе алмасу бойынша бірлескен семинарлар өткізу жөнінде келісті.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
471

Қ.Тоқаев: Қазақстандағы биоәралуандықты бәріміз қорғауымыз керек

Қазақстандағы биоәралуандықты бәріміз қорғауымыз керек, біздің еліміздің экологиясы мен табиғатын қорғау керек, деді Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Сенаттағы «Қазақстан Республикасында биологиялық алуантүрліліктің сақталуын заңнамалық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау барысында.

Өзінің кіріспе сөзінде Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев биологиялық әралуандықты сақтау әрбір мемлекеттің, әсіресе табиғи ресурстарға бай Қазақстан сияқты елдердің өте мұқият қорғауға жататын маңызды ұлттық мүдделерінің бірі екенін атап өтті. Біздің еліміз биоресурстардың әралуандығы және өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің саны жағынан Орта Азия мемлекеттерінің арасында жетекші орын алады.

Қ.Тоқаев халықаралық қауымдастық жоғалып бара жатқан биологиялық әралуандық мәселесіне баса назар аударып отырғанын айтты. БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған орнықты даму саласындағы жаңа бағдарламаның басты бағыттарының бірі биологиялық алуантүрлілікті сақтау және оны жоғалтпаудың алдын алу мәселесіне арналған.

«Біз табиғат пен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған көптеген халықаралық конвенцияларға қосылдық. Жуырда Парламент Сенаты қоршаған ортаға шығарылатын қоқыстарды қысқарту мен климаттың өзгеруін алдын-алуды нығайту жөніндегі бірқатар шараларды қамтитын Париж келісімін ратификациялады», - деп атап өтті Қ.Тоқаев.

Спикер біздің елімізде қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудағы мемлекеттік саясатты іске асырудың тиісті заңнамалық базасы қалыптасқанын еске салды. Экологиялық кодекс, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Радиациялық қауіпсіздік туралы» және басқа да заңдар қабылданған.

Сенат Төрағасы біздің еліміздегі жағымсыз көріністерге де назар аударды. Ғалымдардың пікірі бойынша, Қазақстанда соңғы он жылда еліміздің орман қоры тұтастай алғанда 10 пайызға, Алтай орманы 13 пайызға, Іле Алатауының тау бөктеріндегі алма бақтары төрттен бірге дерлік (25 пайызға) қысқарды. Су теңгерімінің бұзылуы, өзендердің ластануы Сырдария, Ертіс және Іле өзендерінің экологиялық жағдайларының нашарлауына әкеп соқтырып отыр.

Қазақстандағы биологиялық алуантүрлілікті сақтаудағы қабылданған іс-шаралардың жеткіліксіздігінен, Қ.Тоқаевтың айтуынша, жануарлардың және өсімдіктердің кейбір түрлерінің толығымен жойылып кету қауіпі төніп тұр.

«Ресми түрде омыртқалы жануарлардың 126 түрі, омыртқасыздардың 96 түрі және өсімдіктердің 387 түрінің жойылып кету қаупі бар. Мысалы, өткен жылдың мамырында ақбөкендер санының 90 пайызға жуығы қырылып қалды. Бұл экологиялық апатқа пара-пар факт», - деді Сенат Төрағасы.

Қ.Тоқаев тиісті мемлекеттік органдар Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасынан кейін ғана ақбөкендердің жаппай қырылуының бастапқы себептерімен егжей-тегжейлі айналыса бастағанын еске салды.

Сенатор Дариға Назарбаева биоәралуандықты сақтауды бюджеттік қаржыландырудың шектеулі мүмкіндіктерін ескере отырып, осы саладағы міндеттерді шешу аясында мемлекеттік органдардың, ғылыми-техникалық институттардың, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің жауапкершілігін дәл анықтау туралы ұсыныс айтты.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
577

Қылмыстық әділет саласын жаңғырту адам құқықтарын сақтауды нығайтады - Нығматулин

Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен «Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу және қылмыстық атқару заңнамасын одан әрі жаңғырту» тақырыбына парламенттік тыңдау өтуде.

Маңызды шараны алғы сөзбен Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин ашты.

Елбасы әрқашанда осы саланы заманға сай жетілдіру, заң жағынан реформалау, үздік тәжірибелерді пайдалану жөнінде тапсырмалар беріп келе жатқанын, соның нәтижесінде, бүгінгі күні елімізде жаңа құқықтық және процестік институттар жұмыс істей бастағанын айтқан Мәжіліс Төрағасы осы орайда қылмыстық саясатқа ерекше көңіл бөлу керектігін алға тарта келіп, Парламент жаңа редакцияда қабылдаған Қылмыстық, қылмыстық-процестік және Қылмыстық атқару кодекстерде адам құқығын қорғауды күшейтуге, сотқа дейінгі тергеудің жаңа тәжірибесін енгізуге, прокуратура мен соттың рөлін арттыруға баса назар аударылып отырғанын атап өтті.

«Әрине, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, қабылданған заңдардың саны емес, олардың сапасы мен тиімді орындалуы - ең басты мәселе. Сондықтан, заңдардың әрбір сөйлемі, әрбір сөзі,әрбір белгілері барлық азаматтарымыз үшін өте маңызды сұрақ, өте маңызды мәселе», - деді Мәжіліс Спикері.

Одан әрі тыңдау барысында қылмыстық сот ісін жүргізу аясына тартылған адамның және азаматтың конституциялық құқықтарының сақталуы, қылмыстық процестің жарыспалылығы, экономика мен кәсіпкерлікті дамыту шарттары, экстремизм мен терроризмге қарсы тиімді күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жандандыру, кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін дамыту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері кеңінен талқыланды. Шараға Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров жетекшілік етіп, еліміздің Бас прокуроры Ж. Асанов, Ішкі істер министрі Қ. Қасымов, тағы басқалар баяндама жасады. Тыңдауға Парламент өкілдерімен қатар, Конституциялық кеңес, Бас прокуратура, ҰҚК, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі, Ішкі істер, Әділет, Қаржы министрліктерінің өкілдері қатысты. Сонымен бірге, саяси партиялар мүшелері, Республикалық адвокаттар алқасы, Жеке сот орындаушылардың республикалық палатасы, мемлекеттік емес ұйымдар, ғылыми қауымдастық пен халықаралық сарапшылар шақырылды. Парламенттік тыңдау қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
453

Н.Нығматулин қылмыстық әділет саласындағы мәселелерге тоқталды

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қылмыстық әділет саласындағы ұлттық заңнаманы жаңғырту мәселелері бойынша парламенттік тыңдау барысында парламенттің құқықтық шығармашылық процесінде және құқық қолдану практикасының мониторингінде уәкілетті органдармен және азаматтық қоғаммен тығыз өзара іс-қимыл жасауы туралы пікір айтты.

Н. Нығматулин барлық енгізілетін түзетулер кешенді сипатқа ие болуы тиіс екенін атап өтті.

Мәжіліс Төрағасының айтуы бойынша, ҚК, ҚІК, ҚАК өзгерістер мен толықтырулардың жиі енгізілуіне де жол бермеу қажет.

«Тергеудің оңайлатылған нысандары әлі кең таралмаған, алайда, қылмыстық құқық бұзушылықтардың 25%-ы қылмыстық қателіктер мен ауыр емес қылмыстар болып табылады», - деп атап өтті Н. Нығматулин.

Мәжіліс Спикері «жәбірленушімен татуласу» сияқты институт туралы айта келе, оны пайдаланудың сараланған тәсілін қарауды ұсынды.

«Татуласу мүмкіндігі қылмысты алғаш рет жасаған адамдарда болуын қарастыру қажет. Сол кезде бұл мүмкіндікті басқа қылмыскерлер пайдалана алмайды», - деді Н. Нығматулин.

«Әрине, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, қабылданған заңдардың саны емес, олардың сапасы мен тиімді орындалуы - ең басты мәселе. Сондықтан, заңдардың әрбір сөйлемі, әрбір сөзі,әрбір белгілері барлық азаматтарымыз үшін өте маңызды сұрақ, өте маңызды мәселе», - деді Мәжіліс Спикері.

Одан әрі тыңдау барысында қылмыстық сот ісін жүргізу аясына тартылған адамның және азаматтың конституциялық құқықтарының сақталуы, қылмыстық процестің жарыспалылығы, экономика мен кәсіпкерлікті дамыту шарттары, экстремизм мен терроризмге қарсы тиімді күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жандандыру, кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін дамыту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері кеңінен талқыланды. Шараға Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров жетекшілік етіп, еліміздің Бас прокуроры Ж. Асанов, Ішкі істер министрі Қ. Қасымов, тағы басқалар баяндама жасады. Тыңдауға Парламент өкілдерімен қатар, Конституциялық кеңес, Бас прокуратура, ҰҚК, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі, Ішкі істер, Әділет, Қаржы министрліктерінің өкілдері қатысты. Сонымен бірге, саяси партиялар мүшелері, Республикалық адвокаттар алқасы, Жеке сот орындаушылардың республикалық палатасы, мемлекеттік емес ұйымдар, ғылыми қауымдастық пен халықаралық сарапшылар шақырылды. Парламенттік тыңдау қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
358

2016 жылғы қарашаның 11-інен бастап 17-сін қоса алғандағы кезең ішінде

  1. Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімінде 152 нормативтік құқықтық акті тіркелді;
  2. «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 121 нормативтік құқықтық акті ресми жарияланды;
  3. Құқықтық ақпараттық қызмет азаматтардың 4603 сұрақтары бойынша консультация көрсетті;
  4. «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі» ақпараттық жүйесіне 404 нормативтік құқықтық акті енгізілді.
 
0
0
436

А(10) массив берілген. Ең бірінші нөлдік элементің алдындағы оң таңбалы элементтердің қосындысы мен санын табыңыз.

import java.util.Random;
/*
* To change this license header, choose License Headers in Project Properties.
* To change this template file, choose Tools | Templates
* and open the template in the editor.
*/
/**
*
* @author DMyrzaka
*/
public class Esep10 {
public static void main(String args[]){
int a[] = new int[10];
int n=10;
int j=0;
int sum=0,k=0;
Random r = new Random();
for (int i=0;i<n;i++)
a[i]=r.nextInt(10);
for(int i=0;i<n;i++)
System.out.print("a["+i+"]="+a[i]+" ");
for(int i=0;i<n;i++)
if (a[i]==0) { j=i; break; }
System.out.println("j="+j);
for (int i=0;i<j;i++){
if (a[i]>0){
sum=sum+a[i];
k++;
}
}
System.out.println("\nЕн биринши нолдик элементтинин он сандардын косындысы " +sum+" жане саны "+k);
}
}
 
0
0
3134

Мөлшері m*n берілген А матрицасының k-шы бағанасының элементтерін S санына көбейтетін программа жазыңыз.

import java.util.Random;
import java.util.Scanner;
public class Esep5 {
public static void main(String args[]){
int m,n;
int A[][]=new int[100][100];
Scanner sc = new Scanner(System.in);
System.out.println("m->");
m=sc.nextInt();
System.out.println("n->");
n=sc.nextInt();
Random r = new Random();
for(int i=0;i<m;i++)
for(int j=0;j<n;j++)
A[i][j]=r.nextInt(10);
for(int i=0;i<m;i++){
for (int j=0;j<n;j++){
System.out.print(A[i][j]+" ");
}
System.out.println();
}
System.out.println("k->");
int k=sc.nextInt();
System.out.println("S->");
int S=sc.nextInt();
for (int i=0;i<m;i++)
A[i][k]=A[i][k]*S;
for(int i=0;i<m;i++){
for (int j=0;j<n;j++){
System.out.print(A[i][j]+" ");
}
System.out.println();
}
}
}
 
0
0
789

Нақты Х=(х1, х2, ...., х8) векторының кем дегенде бір теріс компоненті бар екені белгілі. Реті бойынша орналасқан бірінші теріс компоненттің нөмірін анықтаңыз. Бастапқы мәндер: 1,7; 8,5; 4,25; 1,29; -2,43; 6,6; 7,09; 2,31.

import java.util.Scanner;
public class Esep3 {
public static void main(String[] args)
{
double x[] = new double[8];
Scanner sc = new Scanner(System.in);
for(int i=0; i<8;i++){
System.out.print("x["+i+"]=");
x[i]=sc.nextDouble();
}
int j=0;
double max;
for(int i=0; i<8;i++)
if(x[i]<0) {  j=i; }
for(int i=0; i<8;i++)
System.out.print("a="+x[i]+" ");
System.out.println("\n massivtin teris komponentinin nomiri "+j);
}
}
 
0
0
389

а1, а2, ..., а10 массиві берілген. Осы массивтің ең үлкен элементін және оның нөмірін табыңыздар. Егер массивте бұндай элемент бірнешеу болса олардың санын анықтаңыздар. Бастапқы мәндер: 7,2; 3,5; -1; 0; 3,3; 6,1; 7,2; -3,6; 5; 7,2.

import java.util.Scanner;
public class Esep2 {
public static void main(String[] args)
{
double a[] = new double[10];
Scanner sc = new Scanner(System.in);
for(int i=0; i<10;i++){
System.out.print("a["+i+"]=");
a[i]=sc.nextDouble();
}
int j=0,k=0;
double max;
max=a[0];
for(int i=1; i<10;i++)
if(a[i]>max) { max=a[i]; j=i; }
for (int i=0;i<10;i++)
if(a[i]==max) k++;
for(int i=0; i<10;i++)
System.out.print("a="+a[i]+" ");
System.out.println("\n massivtin en ulken elementi "+max+" zhane oni nomiri "+j);
System.out.println("Max birdei sandar "+k);
}
}
 
0
0
1180