Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Медициналық университеттің білім жүйесі

Медициналық университет басқа университеттерге қарағанда білім жүйесі ерекше. Әсіресе, оқу ұзақтығы.

1.Бакалавр дәрежесін - басқа техникалық, экономикалық университеттер 4 жыл оқыса, медициналық университетте 5 жыл оқу керек. 5 жыл ішінде:

1 курста - Казахстан тарихы, информатика, молекулярлық биология, орыс тілі, ағылшын тілі, химия, экология, анатомия, физиология т.б. жалпылама сабактар өтіледі және ең қиын кезеңдер осы сабақтармен байланысты болады)

2 курста - биохимия, биофизика, патологиялық анатомия, патологиялық физиология, анатомия 2, физиология2, фармакология 1 деген сабактар жүреді.

3 -курста - 1 семестр - цикл жүйесі бойынша дәлелді медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, эпидимиология  т.б. жалпылама медициналық ұйымдастыру бағытындағы пәндер жүрген соң, 2 семестр - фармакология 2 , патологиялық физиология 2, патологиялық анатомия 2 сияқты алдыңғы білімдерді тереңдете өтіледі.

4 - курс - керемет кезең! Жедел жәрдем циклы, терапиялық цикл, хирургиялық цикл, гинекологиялық циклдар басталады. Медицинаға алғашқы қадамдарыңызды практикалық жүзде осы кезде ғана 1 көзбен қарап бағдарлауларыңызға болады.

5 - курс - бакалаврдың соңғы жылында мемлекеттік емтиханға дайындық, параллельді түрде алдыңғы сабактарды қайта тереңдете өтіледі.

Емтиханнан кейін  УРА! ДИПЛОМ!

Алайда, бұл дипломмен сіз дәрігер болып жұмыс жасай алмайсыз. Тек мейірбике немесе фельдшер бола аласыз.

Интернатура басталар алдында медицинаның 1 бағытын тағдауға мүмкіндік беріледі. Олар: терапиялық бағыт(терапевт, невропатолог, кардиолог, ревматолог, эндокринолог деген сиякты дәрімен емделетін бағыттар), хирургиялық бағыт (хирург, офтальмолог, ЛОР), гинекологиялық, педиатриялық және Жалпы Тәжірибелік дәрігер бағыттары. Осының ішінен 1 бағыт таңдап, сол бойынша емтихан тапсырғаннан кейін интернатураны оқуды бастайсыз.

2. Интернатура 2 жылға созылады. Бул уакыт ішінде сіз таңдаған бағыт бойынша тереңдетіліп оқытыласыз. Емханаларда дәрігерге көмек бере отырып, өзініз тәжірибе жинайсыз.

Интернатура біткен соң терапия, ЖТД, хирургиялық бағыттар ары қарай жумысқа орналасуына болады.Ал гинекология және педиатрияны аяқтаған интерндер резидентураға түспесе бұл мамандықтар бойынша жумыс жасай алмайды. Өкінішке орай, менің көптеген таныс гинеколог интерндер резидентураға түсе алмай, 7 жыл оқыса да, қазір акушер(мейірбике) болып жұмыс жасап жүр.

Резидентураның ұзақтығы таңдаған бағытыңызға байланысты болады. Мысалы, кардиолог, невропатолог - 2 жыл, гинеколог - 3 жыл, кардиохирург - 4 жыл т.б.

Резидентураға түсу үшін:

1. 1 этап - ағылшын тілінен емтихан - ҰБТ тәрізді университеттерде тапсырылады.

2 этап - мамандық бойынша емтихан тест немесе ауызша формада өтеді.

Қорыта келсек, дәрігер болу үшін 5жыл бакалавр+2жыл интернура+2-3жыл резидентура= 9-10жыл!

Сондықтан дәрігер болуды ойлап жүрсеңіз, жақсылап ой елегінен өткізу жөн деген кеңес беремін.

0
0
1444

Осы тақырып бойынша

Медициналық университеттің білім жүйесі - Yvision.kz