Білгенге маржан...
А.ж. 15 қарашада облыстық «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонын өткізу аясында «№2 Агротехникалық колледж» КММ мемлекеттік-құқықтық бөлім басшысының м.а. Ә.Т. Омаров колледж әкімшілігімен және студенттерімен «Білім арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет» атты кездесу-жиналыс өткізді. Біздің күнделікті өміріміздегі сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресу әдістері, сыбайлас жемқорлық бағытындағы қылмыстардың алдын-алу және болдырмау туралы нақты мысалдарды көрсетумен бейнеролик көрсетілді. Кездесу қызу өтті, студенттер көптеген сұрақтар қойып, біздің қоғамымызда орын алатын көптеген мысалдер келтірді. Студенттердің барлық сұрақтары мен мысалдарына толық қанды жауап және түсініктеме берілді. Студенттер осындай кездесулердің көп өту керектігін атап өтті. Осындай кездесулердің басты мақсаты – студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа негативті қатынасты қалыптастыру.

