Мазмұнға өту

Жаңа

Астана қаласында тәлімгерлердің, мұғалімдердің, жасөспірімдер ұйымдары үйлестірушілерінің біліктілігін арттыру бойынша өңірлік екі күндік семинар өтті

Астана қаласындағы №59 мектеп-лицейінде және "Асылтау" бизнес орталығында қараша айының 7-8 күні тәлімгерлердің, мұғалімдердің, жасөспірімдер ұйымдары үйлестірушілерінің біліктілігін арттыру бойынша өңірлік екі күндік семинар өтті. Семинарға Астана қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының өкілдері қатысты. Семинардың мақсаты – тәлімгерлердің, мұғалімдердің, жасөспірімдер ұйымдары үйлестірушілерінің біліктілігін арттыру. Өңірлік екі күндік семинар аясында қатысушылар келесі тақырыптар бойынша дәрістер оқылып, тренингтер өткізілді: қазіргі қоғамдық балалар ұйымының өзекті мәселелері; жасөспірім ұйымы қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда интерактивті нысан мен әдісті енгізу (Дельфи әдісі, күнделік әдісі, 6-6 әдіс…

0
0
645

Алматы және Кипр туристік сервис саласында тәжірибе алмасуда

Кипрдің туристік сервистен жиған тәжірибесі мол және бізге барынша қызық, - деді Алматы әкімі Бауыржан Байбек Кипр Республикасының Ресей Федерациясы мен Қазақстандағы Елшісі Георгиос Касулидиспен кездесу барысында. Қала әкімдігінде хабарланғандай, тараптар сауда-экономикалық, мәдени- гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту және туризм саласында тәжірибе алмасу мәселелерін сөз етті. «Алматыда 150-ге жуық сәулет, тарих, мәдени ескерткіштер бар. Қазақстанның ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұрағатына енген сегіз нысанның төртеуі, соның ішінде Талхиз қаласы мен Тамғалы таңбасы бар қырлы тастар оңтүстік астана аймағында. Қазақстан 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 56 мемлекеттің азаматтары үшін визасыз режим кестесін одан әрі кеңейтеді. Бұдан өзге Алматыда Бүкіләлемдік қысқы Универсиада өтеді…

0
0
371

Қазақстан және Израиль денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты жандандыру жөнінде келісті

Қазақстан-Израиль сауда-экономикалық ынтамақтастық жөніндегі комиссиясының 7-ші отырысы барысында Қазақстан және Израиль денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты жандандыру жөнінде келісті. Комиссияны Қазақстан тарапынан Қазақтан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, Израиль тарапынан Израиль Мемлекетінің Қоршаған ортаны қорғау және Иерусалим мен диаспора істері жөніндегі министрі Зеэв Элькин басқарды. Комиссияның отырысы шеңберінде Қазақстан мен Израиль арасындағы сауда, кәсіпкерлік пен инвестиция, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті және болашақ бағыттары, сондай-ақ Израиль Мемлекетінің Премьер-Министрі Б. Нетаньяхудың Қазақстан Республикасына сапары барысында екіжақты құжаттарды қол қоюға…

0
0
314

Британия Қызылорда облысында қара тақтатас өңдеу жобасына 125 мл доллар инвестициялайды

Британдық инвестор Қызылорда облысындағы «Баласауысқандық» кен орнында қара тақтатасты автоклавты қайта өңдеу» инвестициялық жобасын іске асыруға 125 млн доллар бөледі, бұл жөнінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысқан Лондондағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының отырысы барысында белгілі болды. Комиссия отырысында Қызылорда облысындағы «Баласауысқандық» кен орнында қара тақтатасты автоклавты қайта өңдеу» инвестициялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі келісімге қол қойылды. Нәтижесінде жобаның ІІ және ІІІ кезеңдерін 125 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестормен қаржыландыру туралы шешім қабылданды. Аталмыш жобаны іске асыру үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңы аясында, Қазақстан Республи…

0
0
425

Қазақстан БҰҰ ҚК жұмысына халқыралық ынтымақтастық пен қауіпсіздік салаларында серпін беруге ынталы – Нығматулин

Мәжіліс Төрағасы Н.Нығматулин Санкт-Петербор қаласында ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесі отырысына қатысты, деп хабарлады ҚР Парламентінің Мәжілісі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Санкт-Петербор қаласында ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесі отырысында сөз сөйлеп, Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тұрақты емес мүшелігі аясында аймақтық өзара іс-қимылдың өзекті сұрақтарын талқылауға қазақстандық парламентшілердің де белсене қатысуына қатысты бірқатар ұсыныстарды алға тартты. «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай біздің еліміз БҰҰ ҚК жұмысына халқыралық ынтымақтастық және қауіпсіздік, қарусыздану, терроризммен күрес және аймақтық қақтығыстарды ретттеу салаларында серпін беруге ынталы», - деді Н.Нығматулин. Сондай-ақ, осы күні Санкт-Петербор қаласында…

0
0
620

Н.Назарбаев: Өңірлік туризмді ілгерілету қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту үшін маңызды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия жұмысының мәселелері жөніндегі кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кеңеске Премьер-Министр Б.Сағынтаев, Президент Әкімшілігінің басшысы Ә.Жақсыбеков, Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев, Үкімет мүшелері мен мемлекеттік органдар басшылары қатысты. Қазақстан Президенті «100 нақты қадам» ұлт жоспарының іске асырылуы заңның үстемдігі қағидатын нығайтуға, мемлекеттік қызмет сатыларынан өту жүйесін жетілдіруге, бизнестің дамуына жағдай жасауға, қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға, сондай-ақ азаматтар алдында есеп беретін ашық Үкімет қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. «Бұл бес тармақтың орындалуы Қазақстанның дамыған 30 ел қатарына қосылу кезеңі болып саналады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы мемлекеттік…

0
0
422

Қ.Тоқаев Санкт-Петербургте ҰҚШҰ ПА аясында бірқатар кездесулер өткізді

Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған жоғарғы Палатаның делегациясы ТМД және ҰҚШҰ парламентаралық құрылымдарының жұмысына қатысу үшін Санкт-Петербургке келді, деп хабарлады Сенат. Шараның күн тәртібіне ұйымдастыру, заң жобалары және ережелер әзірлеу сипатындағы мәселелер кірді. Атап айтқанда, дағдарысты жағдайларда әрекет жасау; мамандар даярлау және білімін жетілдіру; технологиялық терроризмге қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету; есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлардың айналымын бақылау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды нормативтік-құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету бағытында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру бойынша құжаттар қабылданды. Отырыста «Заңды тұлғалардың және (немесе) оның активтерін заңсыз иелену және басқаруға қарсы іс-қи…

0
0
333

Голландиялық компаниялар Қазақстанның индустриялық жобаларына қатысуға шақырды

Амстердамда Корольдік Индустриялық клубында (Амстердам қ.) 100-ден астам голландиялық кәсіпкердің, қазақстан-нидерланд Іскерлік кеңесі мен «KAZNEX INVEST» агенттігі өкілдерінің қатысуымен Қазақстан күні атап өтілді. Іс-шараны Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстанның Нидерландыдағы елшілігі ұйымдастырды. Қазақстанның Нидерландыдағы елшісі Мағжан Ілиясов кездесуге қатысушыларды тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерімен, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің қалыптасуы мен дамуындағы рөлімен, сондай-ақ Нидерландымен іскерлік ынтымақтастық мүмкіндіктерімен таныстырып өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ. М. Ілиясов голландиялық компанияларды Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму жобаларына және инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» бағдарламасына белсенді қатысуды шақырды. «ЭКСПО-201…

0
0
444

ҚР-да медкадрларды даярлау шетелдік медуниверситеттермен әріптестікке негізделеді - Дүйсенова

Қазақстанда медкадрларды даярлау қазақстандық және шетелдік медуниверситеттердің әріптестігі негізінде жүзеге асырылады, деді ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова «Жетекші шетелдік университеттері мен медициналық ЖОО арасындағы стратегиялық серіктестіктің бірінші кезеңінің қорытындылары туралы» халықаралық конференциясы барысында. Рrimeminister.kz хабарлағандай, конференцияда сөз сөйлеген Тамара Дүйсенова медициналық білімнің ары қарай жетілдірілуі клиникалық тәжірибе, медициналық білім мен ғылыми қызметтің үшбірлігінің негізінде отандық медициналық ЖОО-ның әлеуетін нығайтуды қарастыратынын атап өтті. Медициналық кадрларды дайындау саласында үздік халықаралық тәжірибені енгізу қазақстандық медицина университеттерінің шетелдік ЖОО-мен стратегиялық серіктестік…

0
0
259