БҚО Статистика департаментінің ұжымымен кездесу
Ағымдағы жылдың 28 қараша күні күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің БҚО бойынша департаменті Батыс Қазақстан облысының статистика департаментінде «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Семинар кеңесте Департаменттің сыбайлас жемқорллық профилактикасы басқармасының өкілі Е.Төлепқалиев елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуда жүргізіліп жатырған кешенді жұмыстарды атап өтіп, өткен жылдармен салыстырғандағы нақты статстикалық көрсеткіштерге тотқталды.
Сондай-ақ, статистика депаратаменті құқықтық басқармасының басшысы Л.А.Тургалиева департаментте сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша атқарылған шаралар туралы баяндама жасады.
Семинар кеңеске мекеме ұжымы және БҚО Статистика департаменті жанындағы «ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің Ақпараттық есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК ұжымы барлығы қатысты.
Шара соңында сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтау мақсатында сауалнамалар толтырылды.
