Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ел Тәуелсіздігінің құрдастарымен бейресми кездесу өтті. Олардың ішінде жас болғанына қарамастан бүгіннің өзінде қандай да бір салада өз-өзін үздік көрсете алған мемлекеттік марапаттардың иегерлері, ғылыми жұмыстардың авторлары, өнер жолында жетістікке жеткен 1991 жылы туылған азаматтар жастар орталығында бас қосты. Кездесу екі кезеңнен тұрды. Бірінші блок – тимбилдинг, бұл жерде жиналған жастармен түрлі командалық жұмыстар мен тренингтер жүргізді. Құрдастар бір-бірімен таныстырып, өмірлік ұстанымдарын жеткізді. «Біз кімбіз?» деп аталатын тренингте жастар берілген сауалдарға жауап беріп, Асия Мұқашеваның жүргізген ойындарына белсенділік танытты. Топтық жұмыспен «Бірлігіміз жарасқан» тренингіне де қатысушылардың қызығушылығын танытты.…