Қоғам және сыбайлас жемқорлық: қарсы тұру жолдары
А.ж.25 қарашада «Адал жол – Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында №1 Зеренді орта мектебінің мәжіліс залында «Қоғам және сыбайлас жемқорлық: қарсы тұру жолдары» тақырыбында конференция өткізілді.
Жұмысқа қатысқандар: білім беру бөлімі, М.Ғабдуллин атындағы Зеренді ОЖМ, №1 Зеренді ОМ, № 2 Зеренді ОМ, дене тәрбиесі-сауықтыру кешені, «Балауса» б/б, «Аружан» б/б, Балалар шығармашылық үйі, Балалар музыка мектебі, БАҚ өкілдері.
Конференция жұмысын «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә. Таласбаева ашты. Өз сөзінде Ә. Таласбаева сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте бізге қоғамдық бақылау жүйесін кеңейту және жүргізу жолымен қоғамдастықпен және кең насихаттаушылық-түсіндірушілік жұмыс арасындағы ынтымақтастыққа, мемлекеттік қызметшінің қызметіндегі шынайлылыққа жетуге акцент жасау керектігін атап өтті.
Және қатысушыларға «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша аймақтағы мемлекеттік органдармен қандай жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын жеткізді.
Конференцияның күн тәртібі:
- Аудандық мешіттің имамы Қ. Ыдырыстың «Рухани саладағы жемқорлық» тақырыбындағы баяндамасы.
- Зеренді ауданының білім беру бөлімінің әдіскері Ж. Ділдәбаеваның «Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысы туралы» тақырыбындағы баяндамасы.
- № 1 Зеренді ОМ мұғалімі Н. Беликтің «Морально-нравственное воспитание подрастающего поколения в наше время» тақырыбындағы баяндамасы.
Баяндамалардан кейін конференция қатысушыларымен сұрақтар қойылды, олардың бәріне жауаптар берілді.

