Дені сау қоғамда – жемқорлықсыз өмір
А.ж. 24 қарашада облыстық «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Зеренді ауданының дене тәрбиесі-сауықтыру кешенінде мемлекеттік қызметшілер арасында «Дені сау қоғамда – сыбайлас жемқорлықсыз өмір» тақырыбында бескетболдық турнир өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша баскетбол бойынша Кубокқа Чаглинка ауылдық округі иеленді. Екінші орынды Айдабол ауылдық округі, үшінші орынды Күсеп ауылдық округі иеленді.
Жарысқа Зеренді ауданының ауылдық округтерінен 6 команда қатысты. Жалпы қатысқандар саны 48 адам.
