Алдын алу және тәртіп – сыбайлас жемқорлықтың негізі
А.ж. 28 қараша күні Зеренді ауданының Достық орталығында«Адал жол – Честный путь» аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон шеңберінде «Алдын алу және тәртіп – сыбайлас жемқорлықтың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік органның басшылары мен мамандары, БАҚ өкілдері қатысты. Зеренді ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Ж. Ыбырайымова дөңгелек үстел модераторы ретінде қатысты.
«Сыбайлас жемқорлық теориялық негіздері, даму тарихы және түрлері» тақырыбындағы баяндамамен Зеренді ауданы бойынша Әділет басқармасының бас маманы Ә. Әбділманова тыңдалды. ҚР «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлық туралы» ҚР жаңа Заңдарының негізгі ережелері мен мазмұндары мәселелері туралы баяндамамен мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы А. Жақыпова тыңдалды.
Кездесу барысында қатысушылармен сұрақтар қойылды, ұсыныстар енгізілді, мүлікті сенімді басқаруға тапсыру, ЖШС, АҚ акцияларының үлестері бойынша жүргізілетін жұмыстар талқыланды.

