М.Құл-Мұхаммед: Қазақстан 25 жыл ішінде күшті әрі қарқынды дамып келе жатқан мемлекетке айналды
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының есептік-сайлау конференциясына қатысты. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары жасалған жұмыс туралы есепті тыңдап, келешектегі басым бағыттарды айқындап берді. «Елбасымыз бүгінде бүкіл әлем таныған әсем Астанамызды салып, оны дүние жүзіне жарқырата көрсетті. Астана бүкіл өңірлеріміз үшін дамудың даңғылына айналды. Сондықтан «Нұр Отан» партиясының астаналық филиалы Елбасымыздың бағдарламалары мен стратегиялық курсын орындауда облыстық партия ұйымдары үшін үлгі-өнеге болуға тиіс. Бұл, әсіресе, миллиондаған EXPO қонақтарын қарсы алу кезінде ерекше мәнге ие», – деп атап өтті партия Төрағасының Бірінші орынбасары. Бүгінгі таңда «Нұр Отанның» астаналық филиалы 350 бастауыш партия…