Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Дөңгелек үстел

А.ж. 24 қарашада «Адал жол – Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Зеренді ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында «Шенеунік және кәсіпкер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Кездесуге мемлекеттік орган өкілдерінің басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен бизнес өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел модераторы кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ә. Құрманғожин болды.

Қатысушылардың назарына бизнесті қолдау және дамыту саласында ауданның негізгі жетістіктері және де мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары туралы қысқаша ақпарат ұсынылды.

Кездесу барысында кәсіпкерлер өздерінің сұрақтарын қойды және де ұсыныстар енгізді, бизнесті қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс талқыланды. Атап айтқанда, «Сұңқар» сауықтыру кешенінің директоры Н.Кузеров өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы тексеріс әдістеріне  тоқталды және  ол «ЭКСПО-2017» өткізу кезеңінде турситік объектілер үшін тексерістерге мораторий енгізу мүмкіндігі туралы ұсыныс жасады. Жеке кәсіпкер Н. Ерошкин дүкен сатушылары үшін медициналық тексеріс қызметтерінің бағаларын орнату мәселесін көтерді. Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысымен салық заңнамасындағы өзгерістерге түсініктемелер берілді.

Кәсіпкерлердің бірқатар сұрақтары бақылауға алынды және хаттамалық түрде бекітілді.
Департамент госслужбы

0
0
296

Осы тақырып бойынша