Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Зеренді ауданы эстафетаны қабылдады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Адал жол - Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонын өткізу аясында Зеренді ауданы көрші Сандықтау ауданынан эстафетаны қабылдады.

«Ұлы дала Елі - 25 основ Независимости» жұлдызды эстафетасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде белгіленген а.ж. 22 қараша күні екі ауданның шекарасында Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Г. Қадырова тематикалық баннер мен марафонның фотоальбомын салтанатты түрде Зеренді ауданы әкімінің орынбасары    А.Хамиевке табыстады.

Марафонның басты мақсаты тұрғындардың барлық топтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады, осыған байланысты іс-шаралар жоспарына сәйкес ауданда брифингтер, конференциялар, спорттық жарыстар, дөңгелек үстелдер, конкурстар, жастар форумдары және т.б. өткізілетін болады. Аталған марафон ауданда ағымдағы жылдың 23 қарашасынан 8 желтоқсанына дейін өткізіледі.
Департамент госслужбы

0
0
308

Осы тақырып бойынша