Қазақстанда тұтынушылардың құқықтары мәселелері жөнінде әлеуметтік зерттеу жүргізілді
Тұтынушылардың құқықтары бұзылатын негізгі салалар – бөлшек сауда, қоғамдық тамақтану орындары, ТКШ (тұрмыстық коммуналдық шаруашылығы) мен қоғамдық көліктер. Бұндай деректер Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша жүргізілген зерттеудің нәтижесі бойынша келтірілді. Сауалнамада Қазақстанның 14 облысынан, Астана және Алматы қалаларынан 2500 респондент қатысты. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, тұтас алғанда Қазақстан бойынша тұтынушылардың негізгі құқық бұзушалықтары қызмет көрсету саласында болған – 76% . Мұндай жағдай көбіне Маңғыстау облысында байқалды - 85%. Ал ең аз Қостанай облысында байқалды – 69%. Қазақстан бойынша сапасыз тауарларды тұтыну жағдайлары көбіне Солтүстік Қазақстан облысында – 74%, ең аз Павлодар облысында байқалды – 59%. Жиі құқық бұзушылықтар ба…
