Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Республикалық ұйымдардың филиалдарындағы семинар-кеңестер

2016 жылдың 22 желтоқсанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының Батыс Қазақстан облыстық филиалы мен  Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау кәсіпорнының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңес жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілі Б.Хайруллин қатысып, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізулер туралы түсіндірді.

Шара соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.

 
0
0
347

Осы тақырып бойынша

Республикалық ұйымдардың филиалдарындағы семинар-кеңестер - Yvision.kz