Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ынталыға жол ашық!

Бүгін біз Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжінің студенті Саламат Орынбай туралы айтатын боламыз. Саламат тек «элекр станциясы және желі электрқұрылғылары» мамандығының 3-курс студенті ғана емес, WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионатының «Электромонтаждау жұмысы» номинациясының жеңімпазы. Қараша айында Саламат өз тәлімгері Бектөре Садақбаевпен бірге Швецияда өткен EuroSkills 2016 еуропалық чемпионатына қатысты. Бектөре Садақбаев өз студентін жарыстың барлық кезеңіне тыңғылықты дайындаған. 

Мамандық таңдауда Саламатқа не себеп болды.
Ұяң жігіттің өз айтуы бойынша, ол электрик мамандығына бала кезінен қызыққан екен. Үлкендерге көмек көрсетуге әрқашан дайын бала, бірде ата-анасының тұрғызып жатқан үйінің қабырғасына электр желісінің жүргізілу жолын өзі сызып берген көрінеді. Мамандығы сантехник болған ағасы Саламатқа нарықта сұранысы жоғары мамандықты таңдаудың маңыздылығын түсіндірген. Жас жігіт электрик мамандығын игеру үшін интеллекттің қажеттігі туралы айтады. Жақсы маман алдымен ойланып барып, жұмысына тек содан кейін ғана кіріседі. «Мен қашан да үлкен қызығушылықпен оқыдым, өз қалауыммен монтаждау жұмыстарын, көлік қозғалқыштарын және агрегаттрын құрастырып үйрендім»,-дейді Саламат. 

Дуальды оқытуды енгізу тәжірибесі туралы.
Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжі Қазақстандағы кәсіптік білім беру орталықтарының ішіндегі бірегейі. Бұл оқу орнында электр қуатын өндірудің балама көздерінің ерекшеліктерін тек теория жүзінде ғана емес, тәжірибелік негізде де қатар қолданып келеді. Колледжде дуальды оқыту жүйесі іске асырылған. Еске сала кетейік, дуальды оқыту барысында студент теориялық білім мен тәжірибені қатар алып жүреді. Алматылық колледж дуальды оқыту жүйесі аясында бірқатар кәсіпорынмен жұмыс жасап келеді. Олардың ішінде – «АлЭС» АҚ, «RG Brands Kazakhstan» ЖШС, «Алматыэнергосбыт» ЖШС, «АлматыЭнергоСервис» ЖШС және т.б. Осы жылдың ақпан айында қалалық чемпионатта екі компанияның «Алматыэнергосбыт» және «Elcos» компанияларының басшылары Саламаттың жұмысын жоғары бағалап, қызыметке шақырды. Саламат «Алматыэнергосбыт» ЖШС таңдап, қыркүйек айында басталған технологиялық іс-тәжірибеден өту барысында жұмысқа орналасты. Жас маман жұмыс жасайтын компания ЖЭС-ке қызымет көрсетеді. Компания мамандары станцияның турбогенераторларын жөндейді. 


Саламттың EuroSkills еуропалық чемпионатқа қатысу 
3-курс барысында колледж студенттері қыркүйек айынан жылдың соңына дейін өндірістік техникалық іс-тәжірибеден өтеді. Демек, іс-тәжірибе 4 айға созылады. EuroSkills 2016–ға шақыру келгенде, Саламат «Алматыэнергосбыт» компаниясына ресми түрде қызметке орналасып үлгерген. Оған бірнеше кезеңнен, атап айтқанда – колледж студенттері арасындағы іріктеу, қалалық және республикалық чемпионаттары сатыларынан өткеннен кейін ғана қатысуға мүмкіндік беріледі. Саламат барлық кезеңнен сүрібей өтіп, EuroSkills біріншілігі үшін күресу мүмкіндігіне ие болды. Республикалық чемпионатқа 12 облыс қатысқан. Сондықтан да республикалық тур 4 күнге созылып, тапсырманы тек 5 қатысушы ғана орындай алған. Солардың арасында Саламат бірінші орынға ие болды. Чемпионат қатысушылары тапсырмаларды орындау кезінде өздерінің электрик мамандығы және әртүрлі құрылғыларды электромонтаждау жұмыстары бойынша шеберліктерін көрсетулері тиіс. Сайыс барысындағы тапсырмалар, студенттерге оқу барысында берілетін тапсырмалардан әлдеқайда күрделі болып келеді. Мысал үшін, Еуропалық дода барысында жұмыс жасауға берілген заманға сай құрылғылар Қазақстанда жоқ. Сондықтан да Саламат өз тәлімгері Бектөре Сұлтанғалиұлымен әртүрлі кәсіпорындарға барып, іс-тәжірибелік жұмыстарын жүргізген. Саламат EuroSkills ұйымдастырушыларының жіберген тапсырмалары (ағылшын тілінде) бойынша колледжде теориялық дайындықтан өткен. Практикалық дайындықты колледжбен жұмыс жасайтын әлеуметтік серіктес компаниялардың филиалдарында өткен. 


«Сызбаны қазақ тіліне аударудың қажеттілігі болмады. Себебі сызба қай тілге болсын ортақ, ал тапсырма мен нұсқаулықтарды аударып берді. 3 күнге созылған жарыста, 3 деңгейден тұратын бір тапсырма берілді. Қатысушылар орындалған тапсырманы өткізіп, нәтижесін бірнеше күн күтеді. Себебі, барлығын тиянақты түрде тексеру керек», – дейді Бектөре Сұлтанғалиұлы, - «EuroSkills тапсырмалары сызба және бағдарламалау тұрғысынан айтарлықтай күрделі. Барлығы автоматтандырылған «ақылды үй» техналогиясымен байланысты. Сол ебепті, өндірістік базаға біліктілік жинау үшін барып тұрдық».

Колледждердегі тегін кәсіби және техникалық білім туралы осы сілтеме бойынша оқи аласыздар http://yvision.kz/post/736475

Колледжде өз ісіне жан-тәнімен берілген қызықты және талантты оқытушылар мен студенттер өте көп. Біздің барлық кейіпкерлеріміз туралы сіздер мына сілтемелерден таныса аласыздар: http://yvision.kz/post/734906

 

0
0
859

Осы тақырып бойынша

Ынталыға жол ашық! - Yvision.kz