Шымкентте жаңа бала бақша ашылды.
Тәуелсіздіктің 25-жылдығын мерекелеу күндері Шымкентте «Қос ана» жаңа бала бақшасы есігін ашты. Мекеме жалпы саны 280 орны бар 12 топқа есептелген. Бала бақша балалар уақыттарын ыңғайлы және пайдалы өткізу үшін барлық қажеттілермен жабдықталған. Бұл жерде ойын және спорт алаңдары, би және ән сабақтары үшін арналған залдар, ас үй және асхана жабдықтары бар. Мектепке дейінгі білім беру бағдарламасында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақтар өткізу қарастырылған. Мұндай сыйлықты Шымкент тұрғындарына белгілі оңтүстік –қазақстандық бизнесмен және меценат Серікжан Сейтжанов Тәуелсіздік күніне сыйлады.
ОҚО әкімі Жансеит Туймебаев және Шымкент қаласының әкімі Габидулла Абдрахимов жаңа балалар мекемесінің салтанатты ашылуына қатысып, кәсіпкерге алғыс сөздерін білдірді.
