Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңа жылға қарсы қоныс той.

Жаңа жылға қарсы 96 Шымкент отбасысы көптен күткен тұрғын үй кілттеріне ие болды. Шымкентте пайдалануға К.Тулеметов көшесі бойынша екі көппәтерлі тұрғын үй берілді.  Жаңа қоныстанушылардың ішінде – көпбалалы отбасылар мен мүгедектер, оралмандар мен мемлекеттік қызметкерлер бар. Үйлер Нұрлы жол және өңірлерді 2020 дейін дамыту мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру барысында салынды. Тапсырыс беруші Шымкентте 2541 пәтер салған және сатып алған «Қазақстандық Ипотекалық Компаниясы» АҚ .

«Сіздерді осы оқиғамен құттықтаймын! – деп ОҚО әкімі Жансеит Туймебаев жаңа қоныстанушыларға  салтанатты сөз сөйледі, - Бұл үйлерді мемлекет барынша төмен пайызбен және делдалдарсыз ұсынады. Ұзақмерзімді жалға ұсынылатын пәтерлерді уақыт өте келе төмен бағамен сатып алуға болады. Мемлекет осындай игі істерін алдағы уақытта да жалғастырады», - деп айтты Ж. Туймебаев.

 
-1
0
842

Осы тақырып бойынша

Жаңа жылға қарсы қоныс той. - Yvision.kz