Көпшілік алдында сөз сөйлеу мәдениеті
Жастарға сөйлеу мәдениеті, тіл өнерінің биік шыңы-шешендік өнердің мәні мен адам өміріндегі маңызы туралы 12 қарашадағы «Көпшілік алдында сөз сөйлеу мәдениеті» тақырыбындағы семинар-тренингте таныстырылып өтілді. Осы бағытта толғамды ой, түйінді пікірлермен жұмыс істеуіне мүмкіндік тудыру жайында сөз қозғалды. Материалдармен жұмыс барысында сөз саптау, сөйлеу мәдениетінің жарасымды үлгілерін танытуға дағдыландыру, пікір еркіндігі мен ойын жүйелі жеткізуге баулу көпшілік алдында сасып қалудың алдын алатындығын тренер Азиз Есжанов баса айта кетті. Халық даналығының қайнар көзі-шешендік сөздердің тағылымын бойға сіңіріу, сөз мәдениеті, тіл мәдениетінің құдіретіне деген құрмет, тіл болашағына деген жауапкершілік сезімінің артуына ықпал ету қазақ халқының әрбір азаматы игерген, бойына сіңген м…

