Көкшетау қаласында аттестация өткізудің тәртібі түсіндірілді
Ағымдағы жылдың 28 желтоқсанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 100 нақты қадам ұлт жоспары «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» реформасының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша семинар ұйымдастырды. Семинарға Көкшетау қаласы әкімі аппаратының, Көкшетау қалалық мәслихатының, Краснояр селолық округы, Станционный поселкесі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері, БАҚ өкілдері қатысты.
Семинардың модераторы Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Р.Братаева 2017 жылдың 1 жартыжылдығына жоспарланған «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің кешенді аттестациясын өткізу тәртібін түсіндіруге баса назар аударды. Жиналған қауым аттестацияны өткізу кезеңдері, лауазымдардың санатына байланысты аттестаттау комиссияларының деңгейлері туралы ақпараттандырылды.
Аталмыш семинар әрбір қатысушының туындаған сұрақтарына жан-жақты толық жауап алуға мүмкіндік беретін ашық сұхбат құруға мүмкіндік берді.
Іс-шара 60 мемлекеттік қызметшіні қамтыды.

