Мемлекеттік қызметшілер аттестациясының тәртібін түсіндіру жұмысы жалғастырылуда
Ағымдағы жылдың 28 желтоқсанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 100 нақты қадам ұлт жоспары «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» реформасының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша семинар ұйымдастырды. Семинарға облыстық басқармалар мен орталық мемлекеттік органдар аймақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Семинардың модераторы Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Р.Братаева 2017 жылдың 1 жартыжылдығына жоспарланған «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің кешенді аттестациясын өткізу тәртібін түсіндіруге баса назар аударды. Жиналған қауым аттестацияны өткізу кезеңдері, лауазымдардың санатына байланысты аттестаттау комиссияларының деңгейлері туралы ақпараттандырылды.
Аталмыш семинар әрбір қатысушының туындаған сұрақтарына жан-жақты толық жауап алуға мүмкіндік беретін ашық сұхбат құруға мүмкіндік берді.
Іс-шара 117 мемлекеттік қызметшіні қамтыды.

