Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Орал қаласының мемлекеттік қызметшілеріне «Б» корпусы қызметшілерін аттестаттаудан өткізу тәртібі түсіндірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаменті 2016 жылдың 28 желтоқсан күні Орал қаласы әкімі аппараты қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, дербес мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметшілерінің және қалалық маслихат аппараты қызметшілерінің қатысуымен алдағы уақытта өткізілетін «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің кешенді аттестаттау мәселелері бойынша семинар өткізді.

Семинар-кеңес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә. Исақовтың төрағалығымен өтті.

Семинар-кеңес барысында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы В.Н.Масимова «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің кешенді аттестаттаудан өткізу ережелері» атты тақырыпта баяндама жасады. Баяндамада аттестаттаудың мақсаттары, деңгейлері және аттестациялық комиссия құрамы туралы мәселелер айтылды.

Аттестацияны тоқтаусыз және сапалы өткізу мақсатында Департамент басшысы Б.Ә.Исақов мемлекеттік органдардың басшыларына аттестация бойынша іс-шаралардың уақыттылы және сапалы өткізілуін жеке бақылауына алуларын тапсырды.

Семинар-кеңес соңында қатысушылармен қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

 
0
0
273

Осы тақырып бойынша

Орал қаласының мемлекеттік қызметшілеріне «Б» корпусы қызметшілерін аттестаттаудан өткізу тәртібі түсіндірілді - Yvision.kz