Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстан азаматын Сауд Арабия Корольдігінен экстрадициялау туралы баспасөз баяны

Бүгін Бас прокуратура мен ҚР ІІМ Интерполының қызметкерлері Қазақстанның Сауд Арабия Корольдігі мен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшіліктерінің көмегімен қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады. Бұл қазақстандық тараптың Сауд Арабиядағы әріптестермен уағдаластыққа қол жеткізуінің нәтижесі.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/kazakstan-azamatyn-saud-arabiya-koroldiginen-ekstradiciyalau-turaly-baspasoz

0
0
362

Қ.Бозымбаев: ОПЕК Қазақстаннан 50 мың баррель мұнайды қысқартуды сұрады

ОПЕК-тің шешімінен соң 20 мың баррель мұнайды қысқартуға міндеттеме алған Қазақстан бұл жұмысты қалай жүргізбек? 20 мың баррель деген сан, жалпы, қайдан шықты? Өндіріс көлемі азайса, жұмыс орындары қысқара ма? Жыл соңына дейін қанша мұнай өндіреміз? Қара алтын бағасы қаншаға көтерілуі мүмкін? Осы және өзге де сұрақтарға «Астана» арнасына эксклюзивті сұхбат берген Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жауап берді. Шенеунік сондай-ақ Қашаған кен орнының Қазақстанға қашан пайда бере бастайтынына да тоқталды. Қарашығанаққа қаржы салған инвесторлар дауынан қазақ Үкіметі ұта ма, жаңа жылдан соң бензин бағасында өзгеріс бола ма, деген мәселелерді де айналып өтпеді. Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі: ОПЕК елдері 50 мың сұраған қысқартуға Қазақстаннан. Біз өзіміз санап көрдік 20 мен 30 мың бар…

0
0
495

«Қазақстан – Болашағы біртұтас ел»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 – жылдығына орай атты пікірсайыс ойындарының қорытынды ақпараты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің тапсыры негізінде «Алем» волонтерлық орталығы» заңды тұлғалар қауымдастығының ұйымдастыруымен қараша айының 15–жұлдызында Астана қаласы Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Елбасының Қазақстан халқына жолдауының негізгі қағидалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру барысында жастар арасында жоспарланған пікірсайыс турнир ойындары өткізілді. Дебат ойыны 09:00 – 18:00 аралығында өтті. Ең алдымен тапсырыс берушімен турнирдің Бағдарламасы ( қосымша 1), концепциясы ( қосымша 2), пресс релиз ( қосымша 3) баннер және марапаттау қағаздары бекітіл…

0
0
1018

БҚО-да әлеуметтік желілерді белсенді қолданушыларының кездесуі

2016 жылдың 21 желтоқсанында «Жас Отан» жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен БҚО әлеуметтік желілерді белсенді қолданушыларының кездесуі өтті.

Шара барысында әлеуметтік желілерді белсенді қолданушылары өздерін таныстырып, әлеуметтік желілерді белсенді қолданушылардың тобын құру, жастарға арналған жұмыс бағыттары, онлайн талқылаулар және тағы басқа мәселелерді талқылады.

Шараға Департамент өкілі Б.Хайруллин қатысып, әлеуметтік желілерді белсенді қолданушыларды қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті бірге қалыптастыруға шақырды.

0
0
291

2016 жылы 182.8 мың қазақстандықтар «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысты

Ағымдағы жылдың 11 айында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» (әрі қарай – «ЖҚЖК 2020») бағдарламасының аясында мемлекеттік қолдау шаралары 182,8 мың адамға көрсетілді. Оның ішінде 141,3 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналасты. «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша (инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту негізіндегі жұмыспен қамту) биыл 81,5 млрд. теңге сомасына 5 мың 741 жоба жоспарланған болатын. 1 желтоқсандағы мәліметтерге сай, 4 мың 227 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде білім беру, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала нысандары жөнделіп, ауылдық жерлерді абаттандыру бойынша жұмыстар атқарылды. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мен инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым нысандары жөнделді. Аталған нысандарға 36,1 адам жұмысқа орналастырылд…

0
0
356

Бұл оқиға Алматы облысы Талдықорған қаласындағы «Асар» реабилитациялық фитнес залының директоры Елдос Баялышев туралы

Бойы күш жігерге, көзі мейірім мен үмітке толы жас жігіт өмірдің қатал сынағынан сүрінбей өтіп, үлгі алар қаһарманға айналды. Елдос: Сол жаз ерекше ыстық еді. Достарыммен қаланың сыртындағы өзенге шомылып қайтпақ едік. Күні бойы біртүрлі сезімде жүрдім. Бірдеңе боларын сезгендей. Такси ұстап, мен алдыңғы орынға отырдым. Жүргізушіміз асқыққан шығар. Жылдамдықты асырып келеді. Спидометрге бір қарасам 120 көрсетіп тұр. Сол сәтте машина бұралаң жолдан шығып кетті. Белдік таққаным жақсы болған. Ештеңе ойлап үлгермедім. Тек көліктің бірнеше мәрте аударылып мен жақа қарай ауа бергенін байқадым. Машина төбесі салонға қарай опырылып, мені қысып тастапты. Бәрін көріп, біліп отырмын. Бірақ қозғалып шығайын десем, денем өзіме бағынбайды. Мені біреулер сүйреп шығарып отырғызбақшы болды. Отыра алмай қа…

3
3
1234

Құқық қорғау органдары академиясының Ғылыми-әдістемелік кеңесінің кезекті отырысы туралы баспасөз ақпараты (Астана, 2016 жылғы 21 желтоқсан)

Бүгін Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ұлан Байжановтың төрағалық етуімен Академияның Ғылыми-әдістемелік кеңесінің кезекті отырысы өтті.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/kukyk-korgau-organdary-akademiyasynyn-gylymi-distemelik-kenesinin-kezekti-otyrysy

0
0
487

Шыскентте жаңа жылдық шыршаның оттары жанды.

Мереке қарсаңында Шымкенттің орталық алаңында - Әл Фараби алаңында қаланың басты жаңажылдық шыршасын салтанатты түрде ашу болды.мерекелік театрландырылған көріністе жүз Аяз Ата мен жүз Қаршақыз, сонымен қатар екі жүз көңілді ертегі кейіпкерлері балалар мен ересектерге нағыз мереке сыйлады. Ұзындығы 20 метрдей болатын жасыл, сымбатты шыршаны безендіруге мыңнан астам ойыншықтар ілінді.

Келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарын облыс пен қала басшылары құттықтады.

«Оңтүстік Қазақстан облысы Жаңа жылға жаңа жетістіктермен кіргелі отыр. Кеше ғана Тәселсіз еліміздің 25-жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өттік. Оңтүстік халқы тәуелсіздік жылдарында еліміздің табысты жұмыстарына үлкен үлесін қосты», - деді облыс әкімі Жансеит Түймебаев.

0
0
248

Шымкент көшелерінде — үштілділік.

Шымкент көшелері мен даңғылдарының атауларымен қоса тақталар мен мен сілтемелер үш тілде - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылатын болады. Алғашқы үштілді көрсеткіштерді қаланың орталық көшелерінен қазір де кездестіруге болады. Аталған қала, яғни Шымкент Қазақстандағы  көлемі жағынан үшінші мегаполис болғандықтан жыл сайын көрейе түсуде. Сондықтан осындай қадам қала тұрғындары мен қонақтарына бағытын жеңіл анықтауға мүмкіндік береді.

«Қала бюджетінен осы мақсатқа жалпы 64 миллион теңге қаржы бөлінді. Тақталар тұрғын үйлерге де, жол көрсеткіштеріне де орнатылатын болады», - деп хабарлайды Шымкент әкімшілігінің баспасөз хатшысы Әйгерім Жұмағұлова.

Қазіргі уақытта тұрғын үйлерге 22 мынға тарта тақталар ілінді.

0
0
331

ҚР ДСӘДМ-де халықты жұмыспен қамту мен кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін талқылады

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Нүркинанаың басшылығымен бейнеконференция тәртібінде «Нұр Отан» партиясының 2016-2020 жылдарға арналған «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасының «Жұмыспен қамту мен халықтың әлеуметтік осал тобын қолдау» бағдарламасы бойынша «Нұр Отан» партиясы комиссиясының отырысы өтті. Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыс, Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру аймақтық басқарма жетекшілері және т.б. қатысты. ҚР…

0
0
452