Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар мен материалдарды жасау сапасын арттыру» тақырыбында семинар-кеңес өтті

А.ж. 13 қаңтарында  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін жазалаудан бас тартуды болдыртпау қағидасын қамту мақсатында, әкімшілік құқыбұзушылық туралы хаттамалар мен материалдарды жасау сапасын арттыруға бағытталған семинар-кеңес өткізілді.Осыған орай, бұл бағытта тәжірибемен алмасу және біріңғай практиканы қолдану аясында әкімшілік тәжірибені жүргізудің аспектілерін түсіндіру үшін Ақмола облыстық сотының судьясы А. Мақитов, Ақмола облыстық прокуратурасының аға прокуроры А. Досымов, Құқықтық статистика және арнайы есептер комитетіАқмола облысы бойынша басқармасының аға прокуроры А. Жұманов және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі штабының басшысы Ж. Рамазанов шақырылды.Сонымен қатар, семинарға әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқылы Департамент басқармаларының қызметкерлері мен басшылары қатысты.Шақырылғандармен әкімшілік құқыбұзушылық туралы хаттамаларды толтырудың тәртібі, материалдарды сот органдарына жолдаудын мерзімдері мен тәртібі, сонымен қатар «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы есеп» базасына деректерді енгізу тәртібі нақты және жан жақты түсіндірілді.

Семинар қорытындысы бойынша әкімшілік тәжірибені қолдану бойынша тиісті ұсыныстар әзірленіп берілді.Департамент госслужбы

0
0
518

Осы тақырып бойынша