Астрахан ауданында мемлекеттік қызметшілердің аттестациясы жайлы семинар өтті
Ағымдағы жылдың 12 қаңтарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Астрахан ауданында 100 нақты қадам ұлт жоспары «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» реформасының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша семинар ұйымдастырды. Семинардың жұмысында жергілікті атқарушы және өкілдік органдарының, орталық мемлекеттік органдардың аймақтық аудандық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері, БАҚ өкілдері қатысты.Семинардың модераторы Департамент басшысының орынбасары Е.Жайықбаев сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, ар-намыс кодексін сақтау, мемлекеттік қызмет саласында бақылау мәселелеріне тоқтала кетіп, 2017 жылдың 1 жартыжылдығына жоспарланған «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің кешенді аттестациясын өткізу тәртібін түсіндіруге баса назар аударды. Жиналған қауым аттестацияны өткізу кезеңдері, лауазымдардың санатына байланысты аттестаттау комиссияларының деңгейлері туралы ақпараттандырылды. Аттестаттау комиссиялары жұмысының объективтігін, айқындығын қамтамасыз етуге ерекше мән берілді.
Семинар барысында қойылған сұрақтардың барлығына жан-жақты жауап берілді. Іс-шараға 138 адам қатысты.
