БҚО-да «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асырылуы жөнінде брифинг өтті
2017 жылдың 12 қаңтарда Орталық коммуникациялар қызметінің БҚО бойынша филиалының алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Әлмұханұлы Исақовтың төрағалығымен және БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді. Брифингте«100 нақты қадам» Ұлт жоспары және 15-ші қадамға сәйкес ағымдағы жылы мемлекеттік қызметшілерге аттестациялау өткізу мен 2016 жылы Департаментпен атқарылған жұмыстары жөнінде мәселелер талқыланды. Өзінің алғашқы сөзінде Б.Ә.Исақов бірінші институционалды реформаның шеңберінде біздің елімізде меритократия, мансаптылық және құзіретті тәсілге негізделген мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі енгізілгендігін атап өтті. Бұл мо…
