Декларациялау дегеніміз не?
STOPКОРРУПЦИЯ. #12 ШЫҒУ. ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Табыс декларациясы дегеніміз – үдемелі әсері бар жемқорлыққа қарсыкүрестің ең тиімді құралы. Ол дамыған сайын, мемлекет қаржысынбейберекет жұмсайтын шенеуніктерге өзінің жымқырған ақшасын жасыру қиынға соғады.
2017 жыл біздің өмірімізге қоғам белсенділері, сарапшылар, саяси сауатты азаматтар күткендей ешбір маңызды өзгеріс әкелген жоқ. Менің айтайын дегенім, 2017 жылдың 1 қаңтарында қазақстандық шенеуніктердің кіріс және шығыс декларациясын жариялау енгізілмек.
Ал халық қалаулыларының қандай мүлкі бар екенін, қандай табысы барын білген де артық болмас еді. Дегенмен оны білу әзірге ертерек болса, сондықтан алдымен декларациялаудың не екенін және оны не үшін енгізетінін біліп алайық.
