Бақытжан Бұқарбаймен сырласу
Жұрт көп мақтайтын дүниеге көзім жетпегенше сенбейтін жаман (әлде жақсы ма?) бір мінезім бар. "Абай жолын" қолға алғанда, Ремарктың кітаптарын қолға алғанда сондай сенімсіздікпен қарайтын едім, Карнегидің кітаптарын оқымай қойғаным да сол жұрттың аса мақтауынан. "Күміс кітапқа" да сыни көзбен қарадым. Астанаға түсті деген соң "Мегадағы" "Меломанға" бардым. Бағасы да айтқандай өзгеріссіз 1090 теңге. Негізі, бұл бір жуан, ұзақ кітап деп ойлаған ем, қолыма әдемі, жұқа кітапты ұсынғанда тіпті сенімсіздікпен қарадым. Бақытжан мырзамен шынайы сырластық. Оның кітапқа деген құрметі, кітапқа деген махаббаты Сізді де әр парағын, әр жазғанын бағалауға шақырады. Бұрындары ойланбаған "кітаптың бағасы", "қалай таңдау керек" деген сұрақтардың жауабын алдым. "Абай жолын" оқығанның маңыздылығы мен "қазақ…

