Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО-да ведомствоаралық жұмыс тобының жоспары бекітілді

2017 жылдың 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының алғашқы отырысы өткізілді. Аталған жұмыс тобының басты мақсаты Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету жұмысының аясында Департаменттің азаматтық қоғаммен кері байланысын қаматамасыз ету болып табылады.
Ведомствоаралық жұмыс тобының құрамына мемлекеттік орган қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік емес ұйым мүшелері, ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметкері, облыстық мәслихат депутаты және Департамент қызметкерлері енгізілді.
Осы Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында 2017 жылдың 1 жартыжылдығына арналған жоспары бекітіліп, Департаменттің басқарма басшысы Б.С.Ибрашевтың 2016 жылғы Департамент қызметінің қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жағдайы туралы ақпараты тыңдалды. Отырыс барысында ведомствоаралық жұмыс тобының әр мүшесі жұмыс тобының алдағы уақыттағы қызметін ұйымдастыру бойынша шараларды дайындауға белсенді қатысты.
#БҚО #Мемлекеттік қызмет #Орал #департамент

2017 жылдың 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының алғашқы отырысы өткізілді. Аталған жұмыс тобының басты мақсаты Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету жұмысының аясында Департаменттің азаматтық қоғаммен кері байланысын қаматамасыз ету болып табылады. Ведомствоаралық жұмыс тобының құрамына мемлекеттік орган қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік емес ұйым мүшелері, ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметкері, облыстық мәслихат депутаты және Департамент қызметкерлері енгізілді.Осы Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында 2017 жылдың 1 жартыжылдығына арналған жоспары бекітіліп, Департаменттің басқарма басшысы Б.С.Ибрашевтың 2016 жылғы Департамент қызметінің қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жағдайы туралы ақпараты тыңдалды. Отырыс барысында ведомствоаралық жұмыс тобының әр мүшесі жұмыс тобының алдағы уақыттағы қызметін ұйымдастыру бойынша шараларды дайындауға белсенді қатысты. #БҚО #Мемлекеттік қызмет #Орал #департамент

0
0
418

Осы тақырып бойынша