Мазмұнға өту

Жаңа

Қ.Мәми Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна – Қазақстан институтында Жолдауды іске асыру бойынша ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты

Бүгін 17 ақпанда Жоғарғы Сот Төрағасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдау бойынша республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысты. Форум Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сорбонна – Қазақстан институтында өтті. Іс-шараға Конституциялық Кеңестің Төрағасы Игорь Рогов, республиканың ғылыми интеллегенция өкілдері мен жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Конференция жұмысын Абай атындағы ҚазҰПУ проректоры М.Ермағанбетов ашты. Конституциялық Кеңестің Төрағасы Игорь Рогов пен Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми кіріспе сөз сөйледі. Өз сөзінде Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.Рогов алдағы конституциялық реформа турасында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен тол…

0
0
441

Елімізде 2012 жылдан бері 11 мыңнан астам әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысаны мүгедектер ыңғайына лайықталды

Қазақстанда, 2012-2016 жылдар аралығы, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымына жататын 27,8 мың нысан мүгедектерге қолжетімділігі тұрғысынан төлқұжаттандырылды. Оның ішінде 17,5 мың нысан бейімделуге тиесілі болса, 11 мың 212-сі мүмкіндігі шектеулі жандардың қажетіне икемделді. Бұл туралы, бүгінгі брифинг барысында, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова хабарлады. Ол, өз баяндамасының басында, Қазақстан 2015 жылы Мүгедектер құқығы жайлы конвенцияны мақұлдаған соң, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатысты халықаралық стандарттарды енгізуге байланысты міндеттерді іске асыруға кіріскенін еске салып өтті. Аталған құжат қағидаттарын жүзеге асыру мақсатында, сол жылы «Мүгедектер құқығын қорғау мәселелері бойынша кейбір ҚР заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтыру…

0
0
364

Арнаулы қызметтерді дамытудың арқасында 600-ден астам бала отбасына оралды

2016 жылы, психоневрологиялық ауытқуы бар және интернат-үйлерде тәрбиеленіп келген 626 бала, өз отбасымен қайта қауышты. Бұл мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында жемісті ынтымақтастық орнатуы нәтижесінде мүмкін болды. Өмірінде қиын жағдайға тап болған адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін мемлекеттік тапсырыс орналастыру арқылы, аталған нарыққа 100-ден астам ҮЕҰ тартылып, қажетті қызметтердің қолжетімділігін арттыруға жол ашылған. «Біріншіден, азаматтардың мемлекеттік не үкіметтік емес ұйымдар бағытында қызмет алуға қатысты таңдауы кеңейді. Екіншіден, мұндай ұйымдармен серіктестік құрудың арқасында, жүйке жүйесінде ақауы бар балалар үйлеріне кезектерді қысқарта алдық. Сонымен қатар, зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарға керекті…

0
0
234

2016 жылы Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары 6 мыңнан астам адамға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге атсалысты

Өткен жылы, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге мемлекеттік тапсырыс орналастырудың арқасында, елдегі ҮЕҰ, өз өмірінде қиын жағдайда қалған 6,3 мың қазақстандық азаматқа көмек көрсете алды. Олардың арасында қарт адамдар, мүгедектер, мүгедек балалар және психоневрологиялық ауруларға шалдыққан тұлғалар, адам саудасының құрбандары бар. Үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар орналастыруға байланысты ағымдағы нысаналы трансферттер көлемі 2016 жылы 702,9 млн теңгені құраса, бұл соманың 679,1 млн теңгесі жартылай стационарлық және үйдегі күтімге жұмсалып, адам саудасы құрбандарын оңалтуға 23,8 млн теңге шығындалған. «Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге мемлекеттік тапсырыс орналастыру арқылы, мұқтаж жақтардың оларға қолжетімділігі артады. Егер бұл салаға ҮЕҰ тартпа…

0
0
304

Тәуелсіздік қымбат болса ана тілімізді құрметтейік.

Тәуелсіздік қымбат болса ана тілімізді құрметтейік. Қандай да мемлекеттің тәуелсіздігі, тұрақтылығы туралы қалыптасқан біртілділігіне, ортақ ақпараттық кеңістігіне қарап айтуға болады. Аңыз бойынша, құрылысшылардың ортақ тілі болмағандықтан, Вавилон мұнарасы салынбай қалыпты. Әрине, елде үштілді, көптілді полиглоттардың болғаны игі. Бірақ үш тілді меңгеру барлық адамдардың қолынан келе бермейді. Үштілді мектепке бала өз еркімен ата-аналарының қалауымен барсын. Үштілді қазақ - түрік лицейлеріне тест сүзгісінен өте алмай, кез келген бала оқуға түсе бермейді, мыңнан бірі ғана түсе алады. Лицейге қабылданған балалардың бәрі ойдағыдай оқып, үштілді бірдей жақсы меңгеріп кетпейді. Үлгерімі төмендер де, оқудан шығып қалатындар да болады. Тілді меңгеру оңай болса, біртілді мектептерде оқушылардың…

0
0
1567

Қызылордада жергілікті полиция қызметкерлері оқушыларды жол ережесін біліп, өмірлерін сақтауға шақырды

Ағымдағы жылдың 16 ақпанында жол қозғалысы ережелері бойынша жасөспірімдердің сауатын арттыру, оқушыларға жолдағы қауіпсіздікті сақтау ережелерін насихаттау, жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру мақсатында Жергілікті полиция қызметі мен Қызылорда облыстық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен қала орталығындағы «Мұрагер» мектебінде «Жол ережесін біліп, өміріңді сақта!» атты іс-шарасы өткізілді. Шара барысында полиция қызметкерлері төменгі сынып оқушыларымен кездесіп, оларға жол қозғалысы ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жолда қалай өту қажет екендігін, қоғамдық көліктер мен автокөліктерде қандай талаптарды басшылыққа алу қажет екендігін түсіндірді. Сонымен қатар, жол қозғалысы бойынша білімдерін те…

0
0
947

ҚФФ-ға аңда-саңда қазақша жазып тұршы деп шақырды- Дина Ысқақ

«Спортқа бизнес ретінде қарау керек». Бұл Астана вело командасының, Қазақстан футбол федерациясының хатшысы болып қызмет атқарған Дина Ысқақ әпкеміздің пікірі. Осындай қызметтердің басы-қасында жүріп спорт журналистикасының шын шеберіне айналаған маманннан көкейдегі қордаланған сұрақтарымызға жауап алудың сәті түскен еді. «Алаңда жүрген он бір футболшыдан стадиондағы он мың жанкүйер ақылды». Дина әпке, қазір елімізді медиа саласында ең қызу әңгіменің төрін бермей жүрген маман комментатор десек, артық айтқанымыз емес. Дәл қазіргі жағдайда «Қазспорттағы» журналистердің деңгейін көтеру үшін не істеу керек? Сізбен толық келісемін. Көп сыналдық, сыналада беретін шығар. Себебі, осы кемшіліктерге тек комментатор болып отырған әріптестерім кінәлі емес. Телеарна басшылығына тікелей қатысты жайт. И…

0
0
1009

Тамыры терең Тараз қаласына саяхат

Өткен жылдың қараша айында Тараз қаласын тұңғыш рет көру мүмкіндігіне ие болдым. 2 күн қонақ қылған Тараздың тамаша естеліктеріне куә болыңыздар. Таразға кіргенде сізді қарсы алатын бірінші арка. Жалпы Тараз - аркалар қаласы. Осыдан тура 552 жыл бұрын дәл осы жерде Қазақ хандығы құрылған. Айша бибі кесенесімен таныстырған бұл мысық осы жердің гиды іспеттес. Көліктен қарсы алады, аралатады, бірге суретке түседі, есікке дейін шығарып салады. Бұл мысықтың күнделікті қызметі осы. Ашық аспан астындағы мұражай. Осы жер кезінде қайнап тұрған базар болыпты деседі. "Алыста жүрсем де, бар ойым бір сенде". Тараздан туған жеріңді көру бір бақыт екен. Қарахан кесенесі маңынан кездестірген қызық дүниенің бірі. 2100 жылы 101 жаста болады екенмін. Жетемін бе, жетпеймін бе, бір Құдайға аян. Жетпесем амана…

3
0
3275

Студентпен сұхбат

Атырау қаласының тумасы, Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінің 4-курс студенті Санай Ерсұлтанмен сұхбат. - Қазіргі таңда Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінде 500-ге тарта Қазақстандық студенттердің оқып жатқандығы белгілі. Сіздің таңдауыңыздың осы университетке түсуінің себебі неде? - УММТУ-нің жоғары сапалы университеттердің бірі екендігін білдім. Сонда түсуді армандадым. Әкем осы оқу орнын бітіргендіктен мен де осында түсуді қаладым. 11-сынып кезінде біздің мектепке УММТУ-нен қызметтік хат келді. Кейінірек облыс әкімі 30 мектеп бітірушіге осы оқу орнына грант бөлгенін естіп, бағымды сынап көрдім. Бақытыма орай 30 грант иегерінің қатарына қосылдым. - Қазақстанның қай қалаларынан студенттер көп түседі? - Батыстан көбірек түседі. Әсіресе Атырау қаласынан. Мұнайлы аст…

1
0
2687