ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

ҚФФ-ға аңда-саңда қазақша жазып тұршы деп шақырды- Дина Ысқақ

«Спортқа бизнес ретінде қарау керек». Бұл Астана вело командасының, Қазақстан футбол федерациясының хатшысы болып қызмет атқарған Дина Ысқақ әпкеміздің пікірі. Осындай қызметтердің басы-қасында жүріп спорт журналистикасының шын шеберіне айналаған маманннан көкейдегі қордаланған сұрақтарымызға жауап алудың сәті түскен еді.

«Алаңда жүрген он бір футболшыдан стадиондағы он мың жанкүйер ақылды».

Дина әпке, қазір елімізді медиа саласында ең қызу әңгіменің төрін бермей жүрген маман комментатор десек, артық айтқанымыз емес. Дәл қазіргі жағдайда «Қазспорттағы» журналистердің деңгейін көтеру үшін не істеу керек?

Сізбен толық келісемін. Көп сыналдық, сыналада беретін шығар. Себебі, осы кемшіліктерге тек комментатор болып отырған әріптестерім кінәлі емес. Телеарна басшылығына тікелей қатысты жайт. Иә, Павел Цыбулин сөз жоқ жақсы журналист, білікті менеджер. Бірақ дәл комментаторларды даярлауға келгенде Павел оларды өздері бейім бөлек спорт түрлеріне қарай бөлу керек. Егер солай жасағанда комментатор қателік жіберсе, басшылыққа айтар өкпеміздің болмайтыны анық. Келесі бұл шетелдегі әріптестермен қарым-қатынастың дұрыс жүргізілмеуі. Мамандарды сол жаққа тәжірибе алмасуға жіберу, тренинг өткізу мәселесі болсын. Мысалы, арна ашылғалы бері шетелдік әріптесіміз Константин Геничпен бір-ақ рет тренинг болды. Басқа жоқ. Неге өткізбеске? Біз мамандарымызға талап қоямыз. Неге «Еуроспорт», «Сетантаның» мамандары сияқты болмайсыңдар деп. Ал Қазспорттағы мамандардың бірде-біреуі аталған арналардың іргетасын көрмеген. Әнші, әртістеріміздің бір концерттік жол шығынын көтеретін біз, сол мамандарымызға сондай жағдайын жасамасақ қалай үйренеді? Жол сапарын төлеп режиссерды, немесе операторды жіберсе ол бөркін аспанға атып «барамын» деп қуанады емес пе?

Қазір комментаторлардың, спорт журналистерінің көп сыналатынын жоғарыда айттық. Егер мұқият қарасақ, сол айтылған сындармен де келісуге болады. Мүмкін шынымен де олар сыналатындай көп кемшілік жіберетін шығар? Сіздің осыған көзқарасыңыз?

Иә, мен мамандарымыз өз жұмыстарын керемет істеп жатыр дегенмен келіспеймін. Сын айтылса, демек олқылықтар бар деген сөз. Біздің басты кемшілігіміз біріншіден, тұрақтылық жоқ. Бүгінімізді ғана ойлайтын сияқтымыз. Егер сол журналистер өзі бір спортқа қызығып сол бойынша сюжет түсіріп, материал жазатын болса көрерменнің көңілінен шықпай қоймайды. Журналист сол спортты зерттеп, мамандарымен қарым-қатынас жасаса, спортшылармен бірге жүрсе эфирден бұл байқалып тұратыны анық. Тіпті, сен сол спорт бойынша жасалатын видеоның өзін басқаша монтаждайсың. Сен сонда эфирде көрген, білген ақпараттарыңмен бөлісіп отырасың. Мынау неге көк, мынау неге сары, мына тесік не үшін екенін айтып бересің. Көрерменнің сенен күтетіне де осы. Екіншіден, журналист спорт федерациясындағы мамандармен тығыз жұмыс істеп, жиналыстарынан да қалмауы керек. Ең болмағанда сол федерациядан:  «Маған осы спорт түрінен бірмаманды беріңіз» деп көмек сұраса, қол ұшын береді. Сонда ең болмағанда тікелей эфирде терминдер мен спортшылардың атын дұрыс айтуды үйренер едік. Әкем айтушы еді: «Алаңда жүрген он бір футболшыдан стадиондағы он мың жанкүйер ақылды», -деп. Ал сені сынамас үшін сен сол жанкүйерлерден де ақылды болуың қажет. Үшіншіден, келіп жатқан жас журналистер танымал спорт түрлеріне ғана ұмтылады. Ал өзге спортттар осының тасасында қалып қойып жатады. Осыдан барып футболды жақсы жүргізетін комментаторды тұғырдан секіру спортына шығарып оны да өзімізді де тығырыққа тірей береміз.

 

«Спорт бұл- саяхат»

Есей Жеңісұлының Астана велокомандасын көп сынап жазатынын байқадық. Бірақ кейін ойын өзгертіпті және бұған сіздің де септігіңіз тиді деп естідік?

Расымен, бұл бір қызық оқиға болды. Есей аға біледі, түсінеді бірақ ештеңе ұнамайтын. Неге 10 орында келдік? неге ең болмағанда біреуі орын алмады? деген сұрақты жиі қоятын. Сәтін тауып Есейді 2012 жылы Жиро де Италия көпкүндігіне жарысына алып бардым. Қателеспесем, он екінші кезең болуы керек вело шабандаздарға Мопасье тауын бағындыру керек. Алдын ала клубтың жеке көлігімен таудың бөктерін аралап қайттық. Адам түгілі көліктің өзі әзер көтерілді сол тауға. Міне, сонда Есей келген адамдардың жанкүйерлік мәдениеті жоғары деңгейде екенін көрді. 200 шақырымдық жарыс жолын бағындырған шабандоздың мәреге жетіп құлағанын, оның жалыны жоқ жанарын көргеніоған қатты әсер етті. Ал бұл жайттардың көбісі эфирден тыс қалатынын білді.

«Жанкүйерді тәрбиелейтін -спорт журналисі»

Спорт журналисіне қандай талаптар қойылуы керек деп ойлайсыз?

Журналист спортпен өмір сүруі керек. Сіз спорт журналистикасына жай мамандық ретінде қарамаңыз оны өмір салтына айналдырыңыз. Ең маңыздысы еш уақытта барлық спорт түрін қамтимын деген ойдан аулақ болыңыздыр. Сіз шын спорт журналисі ретінде бірнеше спорт түрін қатар алып жүре алсаңыз оның өзі үлкен жетістік. Қазіргі ақпараттық кезеңде спорт журналисінің жанкүйерден басты айырмашылығы оқиғаның қайнап жатқан қазанынан жұртты елең еткізерлік ақпаратты жеткізу. Ал жанкүйер сіз жазған статистикалық материалды сізден бұрын-ақ ғаламтордан оқып алады. Бастысы тың дерекпен жанкүйерге оқиға орнындағы картинаны көз алдына елестетуіңіз қажет.

Қазақстан тәуелсіз болғанымен футбол федерациясы тәуелсіз емес деген оймен қаншалықты келісесіз?

Бұл оймен келісемін, келіспеймін деп нақты айта алмаймын. Бірақ үлкен ақша жүрген жерде бәрі болуы мүмкін.

Астана вело ұжымында қызмет еткен кезде сізді қатты таң қалдырған нәрсе?

Мені қатты таң қалдырғаны спортылардың тамақ рационы болды десем артық болмас.Өйткені бұл да үлкен ғылым екен. Мысалы, мен спортшылар жарыстан соң Кока-Кола сусынын бұлшық еттегі сүт қышқылын басу үшін ішетінін, ал кешкі аста міндетті түрде бір-бір бокал вино ішетінін білдім. Олардың не ішіп-жейтінінің бәрі жіті бақылауда болады. Неге десеңіз, велоспортшылырдың денесінде тері мен сүйектің арасында май болмайды. Бұны естігенімде өз құлағыма өзім сене алмағаным бар.

Біздің сұрақтарымызға ашық, әрі барынша шынайы жауап бергеніңізге көптен-көп рақмет!

Сұхбаттасқан  Шамкен Байырбек