ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Тәуелсіздік қымбат болса ана тілімізді құрметтейік.

Тәуелсіздік  қымбат  болса  ана  тілімізді  құрметтейік.

Қандай  да  мемлекеттің тәуелсіздігі, тұрақтылығы  туралы  қалыптасқан  біртілділігіне,  ортақ  ақпараттық  кеңістігіне  қарап  айтуға  болады. Аңыз  бойынша,  құрылысшылардың ортақ  тілі  болмағандықтан,  Вавилон  мұнарасы  салынбай  қалыпты. Әрине, елде  үштілді,  көптілді  полиглоттардың  болғаны  игі. Бірақ  үш  тілді  меңгеру  барлық  адамдардың  қолынан  келе  бермейді. Үштілді  мектепке  бала  өз  еркімен   ата-аналарының  қалауымен барсын. Үштілді  қазақ - түрік  лицейлеріне  тест  сүзгісінен  өте  алмай,   кез  келген  бала  оқуға  түсе  бермейді,  мыңнан  бірі  ғана  түсе  алады. Лицейге  қабылданған  балалардың  бәрі  ойдағыдай  оқып,  үштілді  бірдей  жақсы  меңгеріп  кетпейді. Үлгерімі  төмендер  де, оқудан  шығып  қалатындар  да  болады. Тілді  меңгеру  оңай  болса, біртілді  мектептерде  оқушылардың  бәрі  қазақ  тілін  немесе  орыс  тілін  неге  үздік  оқымайды? Оқушылардың  басым  бөлігі  ана  тілі  сабағын  «орташа»  деген  бағаға  оқиды,  үлгермейтіндері  де  табылады. Қос  тілді  немесе  үш  тілді  мемлекет  құрып  алғанның  өзінде  біртілді  ортақ  ақпараттық  кеңістік  қажет. Қандай  да  дос  болсақ  та, көрші  Ресей  мен  Қазақстанның  арасында  қайшылықтар  толып  жатыр. Айдан  анық,  метрополия  мен  отардың   мүдделері  ешқашан  түйіскен  емес, салт-дәстүрлеріміз  де  әртүрлі. Тарихи  уақиғаларды   да  әр  түрлі  пайымдаймыз.  Мысалы:  Ресей  батыр  санайтын  Ермак  біз  үшін  қанішер,  Ресей  жау  санайтын  Украина  біз  үшін  бауырлас  мемлекет.  Халқымыздың  бір  бөлігі   Ресей  ақпараттық  кеңістігінен  нәрленсе,  екінші  бөлігі  Қазақстан  ақпараттық  кеңістігін  пайдаланса  не  боламыз? Өз-өзімізбен  келіспей,  қырлысып,  бөлініп  кетуіміз  де  мүмкін. Әрі  қарай  бәрімізге  қымбат  тәуелсіздігімізден  айрылып  қалу  қатері  тұр.  Отаршылдық  заманда  орыс  тілін  білу – уақыттың  талабы,  әр  қазақтың  міндеті.  Бүгінде  ана  тілімізді өгей  баланың  күнін  кештіріп,  бұрынғы  метрополия  тілінде  сөйлеуіміз  құлдық  психологияның  санамызға  терең  сіңіп   кеткенін  білдіреді, ана  тілімізге  деген  опасыздық  болады. Әр  павлодарлықтың  есінде,   орыс  жерлестеріміз  бізді  мақтаған  болып,  Оңтүстікте  тұратын  бауырларымызға  тілін  тигізетін. «Спекулянты» , «южане  тупые,  по - русски  не   понимают», «мамбеты»,  «они  почти  узбеки»  деген  сипаттамаларды  талай  естігенбіз.  Біз  ол  сөздерге  сеніп,  жанымыз  қалғанша  орысша  сөйлеп, Күнгейде  тұратын  бауырларымызды  бірге  жамандасып, олардан  мықты  екенімізді  дәлелдеуге  тырысатынбыз. Ширек  ғасыр  тәуелсіз  елде  өмір  сүрсек  те,  сол  баяғы  жаман  әдет  санамызда  әлі  де  сақталуда.

Рас, ағылшын  тілі  керек-ақ. Ағылшын  тілі– халықаралық  тіл,  ұлтаралық  қатынас  тілі,  ғылым,  мәдениет, техника,  спорт  тілі.   Қытайға  барсаң  да,  араб  елдеріне, Ресейге, Корейге, Африкаға  барсаң  да  бұл  тілсіз  жергілікті  халықпен, шенеуніктермен  тілдесе  алмайсың. Халқымыздың  көпшілігі  шет  елге  шықпақ  түгілі  өз  елімізді  де  араламайды. Ондай  адамдарға  ағылшын  тілінің  керегі  шамалы? Қажет  болса,  әр  қазақ  ағылшын  тілін  сөздіктерді  пайдаланып   компьютер  арқылы  меңгеріп, керек  деңгейінде   қолдана   алады. Отаршылық  психологиядан  арыла  алмай  жүргенде,  үштілділікті  қандай  зиялы  адамдар, қандай  мақсатта  шығарып  жүргені  түсініксіз.

Ресейден  үлгі  алар  жерлер  бар. Ресейдің  әр  ірі  қаласында  ағылшын  мектептері   бар. Ата-аналар  өз  еріктерімен  балаларын  осы  мектепке  бере  алады. Қалталы  ресейліктер  шама-шарқына  қарай  балаларын  Батыс  Еуропа,  АҚШ  мектептеріне  жібереді. Шет  елдерге  кетеміз  дегендер  мектепте  ағылшын  тілін  оқымай- ақ  шет  елге  шығып, ағылшын  тілін  меңгеріп, мамандық  игеріп,  еңбек етіп  жатыр. Мысалға  әйгілі  боксеріміз  Г. Головкинді  келтіруге  болады. Ағылшын  тілінде  интервью  бергенде  аузы - аузына  жұқпайды. Павлодарлық  Молдакаримов  Самат  деген жігітіміз АҚШ –қа  барып, ағылшын  тілін  меңгеріп, Сан- Дьего  қаласында  ғылыммен  айналысып  жүр.

Біз  Кеңес  заманында  тәрбиеленіп  өскен  буынбыз. Кеңес  заманында  әдебиет, тарих,  тәрбие  партиялық  сипатта  болатын. Қоғамда  бірінші  орынға  коммунистік  патриотизм,  мемлекетшілдік,  ұлы  орыс  рухы  қойылатын.  Бүгінгі  Ресей  КСРО-ның  тікелей  мұрагері. Конституция  бойынша  құндылықтар  өзгеріп,  алдыңғы  орынға  адам,  оның  денсаулығы,  құқұғы  мен  бостандығы  қойылса  да,  74  жыл   қалыптасқан  стереотиптер  ресейліктердің  санасында  әлі  тірі. Ресейліктердің  көпшілігі  ұлы  Кеңес   Одағын немесе  Ұлы  Ресей  империясын  қалпына  келтіруді  көксейді. Мысалы: «Мемлекеттік  шекара» кинофильмдер  жинағы   осы  күнге  дейін  теледидар  экранынан  түспейді. Кинофильмдердің  тәрбиелік  мақсаты:  Ұлы  Державаны  жаның  пида  болса  да  қорғау, шекараның  артында  тұрғандардың  бәрі  Державаның  жауы,  шекараның  ішінде  де  жаулар  жеткілікті  және  оларды   құрту  жолдары.  Фильм  адамзатты  екі  бөлікке  бөліп  тұр:  «біздікілер»,  қалғандары «жаулар». Әрине,  мұндай   кинофильмдер  Ресей  халқын ұлыдержавалық   шовинизмге  тәрбиелейді. Приднестровье   мен  Донбаста  болып  жатқан  жағдай– соның  куәсі. Халқының  үштен  бірін  ғана  құрайтын  орыс  переселендері  Ресей  әскерлерінің  көмегімен  Приднестровьені  Молдованың  негізгі  бөлігінен  ажыратып  тұр.

Павлодар  облысының  қазақтарының  көзқарасы   Ресей  азаматтарының  көзқарасынан алыс  кеткен  жоқ. 25  жыл  тәуелсіз  елде  тұрып  жатсақ  та  қалыптасып  қалған руссоцентристік  көзқарас  өзгермеді.  Қазақтар  өз  ана  тілінен  гөрі  «ұлы»  Лениннің,  коммунизмнің  тілін  көбірек  сыйлайды. Жыл  санап  облысымызда  қазақша  оқитын  балаларымыздың  қазақ  мектептері  мен  балабақшалар  саны  көбейіп  келеді. Елбасы  айтқандай, Қазақстанның  келешегі – қазақ  тілінде. Іс  қағазды  екі  тілде  жүргізу  мүлдем  ысырап.  Павлодар  облысында  қазақтың  үлесі  52%, орыстардың  үлесі  36%.    Қазақстан  бойынша  қазақтар  67%  құрайды,  ұлтымыз  «русский»  деп   жазылатындар – 19%. Орыспыз  деп  жазылғандардың  көпшілігі  аралас  некеден  туғандар,  санасында  «ұлы  орыс  рухы»  түсінігі  бекіп   қалғандар. Қазақтардың  көпшілігі  жастар,  «орыспыз»  деп  жазылатындардың  ішінде   қарттар  басым.  Бұл  облысымыздың халқының  құрамындағы  қазақтардың  үлесі  арта   түсетін  үрдісті  байқатады. «Нағыз»  орыстар, немістер,  еврейлер,  кейбір  болгарлар  мен  гректер,  депортацияға  ұшыраған  халықтардың  көпшілігі  КСРО   ыдырағаннан  кейін өз  тарихи  отандарына  көшіп  кетті.

Қазақстанның   азаматтары   толығымен  біртілділікке  көшу  керек.  Ол  үшін  дайындықты  балабақшадан  бастау  қажет. Қазақ  тілінің  негізі  лексикасында  қаланған  сәби, мектепте  қай  тілде  оқыса  да  өздігінен  қазақ  тілін  меңгеріп  кетеді.Сонда  ғана  көп  этносты  халқымыз  біртұтас  ұлт  болып  қалыптаса  алады.  Әр  уақытта,  әр  жастағы    өзіме  таныс  адамдармен  әңгіме  барысында  жүргізген  сұраудың  нәтижесін  ұсынамын. Ұлт,  азаматтық  туралы  сіздің  пікіріңіз  қандай? Жауаптар:

1. Калакша  Юрий. Меня в  школе  все  обзывали «польский  пан»,  «польский  пан»... Поэтому  при  получение  паспорта  записался  «русским» .

2. Клименко  Валерий. Мои  родители  украинцы,  меня  сверстники  называли  «хохлом» или  «бандерой». Чтобы  избавится  от  этих  кликух   записался  «русским».

3. Селиканов  Костя. Мои  родители  казахи,  бабушка  по  отцу  «русская» . Переехал  в  Казахстан  по  настоянию  родителей.  Не  хочу  быть   «казахом»,  уеду  обратно  в  Россию.

4. Маркин  Виктор. Вообще  я  «мордвин» , «русским»  быть  престижно .

5. Жумабаева  Надежда. Я  «шорка», это  такой  похожий  на  казахов  народ  в  Алтайском  крае. Алтайский  край – Россия, поэтому  пишусь  «русская».

6. Ланг Владимир. Во  мне  нет  ничего  немецкого,  надоело  мне  слышать  слово  «фашист». Потому  я  «русский».

7. Артур  Акопян.  Лицом  я  не  похож  на  «казаха»,  поэтому – «русский».

8. Чебан  Сергей.  Менің  әкем   молдаван.  Паспортта  «қазақпын»  деп  жазыламын,  өйткені қазақ  тілінен  басқа  тіл  білмеймін.

9. Вахтеров  Иван.  Мои  родители  чуваши. Не  знал  что  чуваши  и   казахи  народы  одной  языковой  группы. Иначе  в  паспорте  я  записался  бы  «казахом».

10. Оздоев  Алихан. Ни  я,  ни  мои  дети   никогда  не  запишутся  «русскими».  Горжусь  тем,  что  я  чеченец .

11. Валиев  Тахир. Я  стыжусь  того  что   я  «татарин» .

12. Терентьев  Юрий. Никто  не  поймет  слов  « крещенный  татарин» . Уезжаю  с   женой  на  Украину,  буду  «украинцем» .

13.  Гирич   Александр. Слово  «бульбаш»  ни  коим  образом  меня  не  задевает. Я белорус,  мои  предки  назывались  «литвины».

14. Тарама  Валентин. Грек  всегда  будет  греком,  иначе  не  может  быть. Слишком  велик  вклад  наших  предков  в  мировую  цивилизацию.

15. Пан  Анатолий. Язык  мой – русский.  «Русским» мне  быть  не  позволяет  память  о  тысячах  корейцев  загубленных  при  депортации из  Дальнего  Востока  в Казахстан.

16. Татьяна. Я –казачка.  Мои  предки  болгары  и  турки. При  получение  паспорта  я  назвалась  «казачкой» – записали  «русская».

17. Сачко  Николай. Мои  родители  украинцы. Я и не  подумал:  « Почему  меня  записали  русским».

18. Нагорная  Лариса. Мои  родители  украинцы. Мой  первый  муж  белорус,  второй  муж  казах. Я  сама  не  знаю,  почему  я  по  паспорту  «русская »?

19. Камардин  Владимир. Моя  жена с  дочерью  переехали  в   Россию. Я  не  могу  уехать   отсюда, у  меня  казахская  душа. Вторично  женился  на  казашке.

20. Гаврилин  Илья . Я  чистокровный  русский. Мой  старший  сын  закончил  лицей  №3, живет  и   работает  в  России. Второй – заканчивает  школу,  тоже   собирается  в  Россию. Мне  здесь  комфортно,  никак   не  решусь  на  переезд.

21. Раиса  Васильевна. Это  я  по  документом.  Дома  я  Рысты, отца  завут  Бари. Я уроженка  Алтайского  края. Там  в  ЗАГС - е  «свидетельство  о  рождении»   с  казахским  именем  не  выдают . Имя обязательно   должно  быть из  книги  «Перечень  русских  имен  и  фамилий».

22. Ахметов  Мурат. По  документам  я  казах. Но  ни  я, не  мои  дети  родного  казахского  языка  не  знают.  Кто  виноват? Среда  меня  так  воспитала. Язык  не  был  востребован.

23. Хабибуллин  Сергей. У  меня  нет  национальности. Зачем  вообще  в  удостоверении   такая  графа  нужна. Нигде  в  мире  токого  нет. Я – гражданин  Казахстана.

24. Асмус Жайнат. Күйеуім  неміс  болғандықтан,  Германияға  көшіп  кеттік. Германия  маған  қатты  ұнайды. Халқы  еңбексүйгіш, мәдениетті, қайрымды. Мен дүкеннің  меңгерушісі  болып  еңбек  етемін. «Қазақ»  деген  сөзді ол  елде  білмейді. Мені «түрік»  деп  атайды.  Күйеуім  Павлодарға  қайтып   келгісі  келеді, менің  келгім  келмейді. Онда тұрмыс  деңгейі өте  жоғары.

25. Гейдебрехт  Яков. В  Германии  люди  живут  хорошо,  особенно  коренные  жители. В  Казахстане  мы  просто  существовали. Сожалею  что  с  нами  судьба так  жестоко  распорядилась. Чего  мы  только  не   натерпелись:  депортация  в  товарняках, холод  и  смерть  близких  нам  людей,  унижение  и  нищету. Спосибо   нашим   казахским  братьям  за  поддержку  в  трудные  годины.  Дай  бог,  чтобы  не  было  войны.

26. Сапархан  Манайхан. Монғолияда  біз  жақсы  тұрдық. Ешкім  біздің  құқұғымызды  шектеген  жоқ. Малымызды  өсірдік, театрымызға  бардық,  құдайымызға  сыйындық,  мешітімізді  салдық. Мен  сұмынның  дарғысы   болдым ( госхоздың   директоры). Баян –Өлгийде  арамызда  бірен-саран  монғолдар  тұрды. Олардың  бәрі  қазақша  сөйлейтін. Өйткені  қазақты  монғолдар  өздерінің  туысы  деп  санайды.  Қиялымызда  Қазақстанды  жұмақтай,  Алматыны  жұмақтың  төріндей  көретінбіз. Бәріміз  құлағымызды  түріп  қазақ  радиосын  тыңдайтынбыз.  Қазақстанның  жетістіктеріне  қуанып,  кемшіліктеріне  кәдімгідей ренжитінбіз. Қазақстанның   газет,  журналдарын  жаздырып  алып, оқитынбыз.  1991  жылы Монғолия  кириллицадан  өздерінің  бұрынғы  тибет  графикасына  көшті.  Мектеп  тибет  графикасына  көшкендіктен  балаларымыз,  кейінгі  ұрпақ   шекара  артындағы  тарихи  Отанымыз  Қазақстаннан   ажырап  қала  ма  деп   қорықтық. Аруақ,  сосын  ұрпақ  алдындағы   борыш  бізді  қоныс  аударуға  жетеледі. 39  отбасын Қазақстанға  басқарып  алып  келген  менің  бауырым,  Монғолияның  Еңбек  Ері,  Жанайхан. 1992  жылы Харьков  ауыл  округіндегі  бос  қалған  Қараой  жұртына  көшіп  келдік.  Аңсаған  Қазақстанымызға  жетіп, жеке   ауыл  болып,  қуанышымыз  қойнымызға  сыймады. Малдарымыздың  бәрі  Монғолияда  қалды,  оларды  ветеринар  инспекциясы  шекарадан  өткізбеді.  Қоныс  аударушылар  көп  болғандықтан,  Монғолияда   мал  бағасы  құнсызданып  кетті,  бір  жылқыға  бір  жейде  де   бермейтін. Қазақстанды  дағдарыс  қаулаған  кез  еді. Әр  үйге  бір  сиыр  мен  бес  меринос  тоқты  берді. Жұмыс   жоқ,  табыс  жоқ. Азын-аулақ  мемлекеттің  беретін  жәрдем  ақысымен  күн  көрдік. Өз  басым  Монғолиядан  бір  малды сойып  етін  кептіріп  әкелген  едім, соны  көжеледік. Қараойда  тұрып, құртқа  қарап  қалдық, нанды  сирек  жеп,  шай  мен  қантты  үнемдеген  кездеріміз  есімізде. «Тоя  жесең  тон  кетер,  тарта  жесең  тай  қалар» ,–  деген  данышпан  халқымыз.  Мемлекет  берген  малды  жемей,  төлін  өсіріп,  бүгінгі  халге  жеттік.  Халқыма  рахмет,  басшы  да,  шаруа  да   бізді  құшақ  жая  қарсы  алып,  дұрыс  ақылын  беріп, көмегін  бізден  аямады. Аллаға  шүкір, қандай  қиындықты  өткерсек  те,  өз  қолымыз  өз  аузымызға  жететін  күнге  жеттік. Немерелеріміз  40  шақырым  жердегі  аудан  орталығы  Ақтоғай  ауылында  интернатта  жатып  оқыды. Сондай  қиындықпен  мектепті  тәмамдаған  балаларымыздың  алды  универститет  бітіріп,  өмірдегі  өз  орнындарын  тапты. Кейбіреулері  диссертация  қорғап, ғылыми  атақ  алып,  өздері  жоғары  оқу  орындарында  ұстаз  болып  жүр. Мен  жинаған  ақшама  Павлодар  қаласынан  үй  сатып  алдым,  балаларым  мен  немерелерім   Астанада, Алматыда, Ақтоғай  мен  Ақсу  аудандарында тұрып  жатыр.  Бүгінгі  тұрмысымызға  ризамыз,  ұрпақтарымызды  тарихи   Отанына  жеткіздік.  Айта  кету  керек, күлкілі  жағдай, Монғолияда  «қазақ»  атанушы  едік, Қазақстанға  келгелі  «моңғол»   атандық.

27. Шарипов  Талғат.  Орынбор  облысы. Мен  Қазақстанға  бармаймын. Жизнью  довольны. У  нас  интернационал:  казахи, русские, татары, башкиры.  Ходим  друг  к  другу в  гости, пьем  брагу,  радуемся  жизни.  Не  надо  нам  ни  дорогой  одежды, ни  мебели,  ни  богатство.  Все  на  тот   свет  не  унесешь.  Вы  куркули,  все  копите  и  копите – не  насытитесь. Өмір  қысқа  ғой – қамшының  сабындай.

28. Айша,  ҚХР  азаматы. Қытай  қазақтарының  бәрі  Қазақстанға  келгісі  келеді. Бірақ  бұл  өте  қиын  мәселе,  шешімі  жоқ  жұмбақ  сияқты. Екі  мемлекеттің  заңдары  бір-біріне  қайшы  келеді. Біз  ханзулармен  (қытайлармен)  аралас  некеге  отырғымыз  келмейді,  өйткені  олар  мұсылман  емес. Мемлекет  ханзумен  некеге  тұрғандарды  қолдайды, лауазым,  баспана  береді. Саясаткерлер  қазақты  ұйғыр  бауырларымызға  қарсы  қойюға  тырысады.

29. Мұрат, Нүкіс  қаласы. Өзбектерді  өз  ағамыз  десе  де,  онша  ұната  қоймаймын. Оларға  қарағанда  орыс  әділ  деп  ойлаймын. Рас,  өзбектердің  арасында  достарым  бар. Балаларым  есейгесін  Қазақстанға  көшіп  келемін.

30. Искакова  Қатира. Біздің  үйде тек  қыздар  ғана  болды. Есейе  бастағанда  әкем  бізге  «Қазақстанға  кетіңдер,  тұрмыс  құрыңдар,  ұрпақтар  жібі  үзіліп  қалады»   дегенді  жиі-жиі  айта  беретін  болды.  Әкем  айтуын  қоймағасын,  Қазақстанға  оқуға  түсіп,  мамандық  игердім.  Қазаққа  тұрмысқа  шықтым,  балалы-шағалы  болдым. Әкем  риза  болды.

31. Кригер Александр. Менің  әкем  бала  күнінде  Поволжьеден  жер  аударылыпты.  Депортацияға  ұшыраған  немістерді  қазақ  ауылы  түсіністікпен  қарсы  алып,  жау  деп  шеттетпепті. Барлық  мүлкінен,  жол  бойы  туыстарынан  айрылып,  арып  келген  немістерге  жергілікті  қазақтар  шама-шарқы  келгенше  көмек  көрсетіпті. Әкем  есейіп, үй  болғанда  қазақтың  барлық  салт - дәстүрлерін  қабылдаған  адам  болды, соғымға  жылқы  сойып,  ауылдағы   той,  жабдық,  «омыртқадан»  қалмайтын.  Барлық  жеті  баласы қазақтармен  некеге  тұрды. Олардың    ішінде  мен  де  бармын. Универститетті  қазақ  тілі  және  әдебиет  мамандығы  бойынша  тәмамдап,  диссертация  қорғап,  ғылым  кандидаты  атағына  ие  болдым. Ұстаздық  жұмысымда  қазақша  білмейтін, қазақ  тілін шала  білетін  жастарды  көріп  таң  қаламын. Қазақтарды  орыстандыру  саясаты  шегіне  жеткен  екен. Балаларын  ана  тілінен  айырған  ата-аналарының  намысы  қайда? Мен  өз  басым  ешқайда  көшетін  ойым  жоқ. Менің  Отаным – Қазақстан. Пікірімді  айта  кетейін,  қазақ  тілін  білу – барлық,  этникалық  түп  тамырына  қарамай,  Қазақстанның  азаматтарының  қасиетті  міндеті. Қазақ  тілін  үйрену  қиын  деген  жай  сылтау. Тәжірибе  көрсетіп  отыр,  шет  елден  келген   іскер  адамдар  Қазақстанға  келіп,  үш   ай  ішінде  тілді  меңгеріп  алып  жүр.

Әңгімеге  тартқандарымның  бәрі  қазақ  тілін  білеміз  немесе  түсінеміз  деп  жауап  берді. Бірақ  Павлодар  облысында  қазақ  тілінде  сөйлейтін  қажеттілік  туған  жоқ  деді. Басым   көпшілігі  Қазақстанды  өз  елі  санайтынын  білдірді.

Проблемаларымызды  ашық  көтермесек,  олар  шешілмейді.  Қызыл  империяның  жүргізген  саясатының  нәтижесінде  қазақ  геноцидке  ұшырап,  халқының  жартысының  көбінен  айрылды. Халқымыздың  тәуір  деген  бөлігі, нағыз  бетке  шығар  «қаймағы»  қуғындалып,  жер  аударылып,  сотталып,  атылып  кетті. Басқа  халықтарды  Қазақстанға  депортациялау,  тың  игеру  науқанының  салдарынан  қазақтар  өз  елінде  азшылыққа  айналды. 1959  жылғы  санақ  бойынша  қазақтардың  үлесі  өз  отанында 30%- дан  төмен  түсіп  кетті. Аллаға   шүкір, жоғарыда  айытқандай,  бүгінде  Қазақстанда  қазақтар  67 %  құрайды,  орыстар – 19% . Қазақ  тілі  мемлекеттік  тіл  болып  қабылданды. Мектепте  қазақ  тілінде  оқитын  балалардың  саны  артты,  қазақ  мектептері  мен  қазақ  балабақшалар  жыл  санап  көбеюде.  Бүгінде  қазақ  мектептерін  тәмамдаған  түлектер  кәсіптік,  арнаулы  орта  оқу  орындарында,  университеттерде  ана  тілдерінде  кәсіп  ала  алады.  Көшелерімізде  ұлы  тұлғаларымыздың  ескерткіштері  пайда  болды.  Бірақ,  ілгерілеу  тым  баяу. Қазақ  тілі  тек  қағаз  жүзінде  мемлекеттік  тіл  болып  тұр.  Еліміздің  тіл  саясатына  немқұрайлы  қарайтын  жоғары  шенді  шенеуніктер  сөзін  қазақ  тілінде  бастайды,  одан  әрі  үйреншікті  әдетке  басып,  отаршылдық  заманның  тілінде  жүйтки  жөнеледі. Кейбір  шенділердің  жоғары  мінберден  бір  ауыз  қазақша  сөйлегенін  естімедік. Төменгі  шенділер  жоғары  шенділерді   аудырмай  қайталайды. Қарапайым халық   атқамінерлерге  қарап  түзеледі. Облысымызда  мемлекеттік  тілдің  кенже  қалуы  шенділердің  арында. Түсініксіз,   неліктен  шенеуніктеріміз  қазақ  тілін  біле  тұра  сол  тілде  сөйлемейді?  Кімнен  қаймығады?  Біз  тәуелсіз  қазақ  мемлекетінде  тұрып  жатырмыз  ғой. Жинындардың  90%-ы  орыс  тілінде  өтеді. Мемлекеттік  тілді  білмеушілерге  арналған  облысымызда  1200-дей   ілеспе  аударма  жасау  құрылғылары  бар,  әр  мекемеде  аудармашылар  қызмет  етіп  жатыр.  Шенділеріміздің   мемлекеттік  тілді  менсінбеуі,  қазақ  тілінде  сөйлемеуі– Тіл  туралы  заңды  сыйламағаны.  Тіл  туралы заңды  бұзғандар  неге  жауапкершілікке  тартылмайды.   Біз  бұрынғы  метрополия  тілін  толық  меңгерген  халықпыз. Бүгінде  қазақ  тілінің  қолданылуы  облысымызда  тұрмыстық  деңгейден  де  төмен  түсіп  кетті.   Мысалы, қазақ  мектебін,  қазақ  тілінде  университитет   бітірген  азаматтарымыз  әлі  де  еңбек  ұжымында   өзара   орысша  сөйлеседі. «Орыс  тілі  официальный  тіл  ғой.  Қазіргі  жұмысшы  орысша  айтып,  орысша  боқтамасаң  қазақша  айытқанды  түсінбейді», –  деп  ақталады  билік  басындағы  қазақ  мамандары.  Қазақ  тілді  ақпараттық  кеңістік  қалыптасып  келе  жатқан  сияқты. Бірақ,  жастарымыз  қазақ  телебағдарламаларын  көрмейді,  ана  тіліндегі  газет,  журнал,  кітаптарын  оқымайды,  қазақ  театрына  бармайды. Қазақтарға  лық  толы  автобус,  трамвайлардың  ішінен,  қоғамдық   орындарда  бір  ауыз  қазақ  сөзін  естімейсің.Бір-бірімізді  «мужчина», «женщина»  деп  атаймыз. Жүрегімізге  жылы  «ағай», «апай», «інішек», «қарындас», «бауырым»  деп  неге  атамаймыз? Намыстан  жұрдай  болғамыз  ғой. Бұлардың  бәрін  дұрыс  жолға сала  алатын  халқымызға  қызмет  істеп  жүрген  басшылар,  әкімдер,  депутаттар  болу  керек. Мәселеге  немқұрайлы  қарамай,  алдымен  өздері  үлгі  көрсету  керек.

Бұл  жағынан  демократиялық  жолмен  дамып  келе  жатқан  кішкентай  Израильді  үлгі  тұту   керек.  Бабаларының  құрып  кеткен  иврит  тілін  тірілтіп,  құрметтеп,  мемлекеттік  деңгейге  көтерді.  Иврит  тілін  енгізуді  балабақшадан  бастады. Ол  үшін  ешқандай  қаражаттың  қажеті  болмады.

Орыс  тілінде  «мотивация»  деген  сөз  бар,  қажеттілік  туғызу,  уәждеме,  ынталандыру.  Мемлекеттік  тілдің, Конституцияға  сәйкес,  өз  тұғырына  көтерілу  үшін,  орысша  айтқанда,  «мотивация»  жетпей  тұр. «Тіл  туралы  заң»  қабылданды,  орыс  сыныптарында  қазақ  тілі  сабақтары  көбейді, қазақ  тілін  дамытуға  жауапты  лауазым  тағайындалды,  бюджеттен  тіл  дамытуға  қаражат  бөлінеді,  насихат  жүргізіледі. Бұлардың  бәрі  жақсы  шаралар  сияқты,  бірақ  көш  қозғалғаны  білінбейді. Қазақ  емес  азаматтарымыз  бұрын  да  қазақ  тілін  білмейтін,   қазір  де  қажет  деп  санамайды. Неге?  Мотивация  жоқ. Ресей  шекарасында  орналасқан  Солтүстік  Қазақстан  мен  Қостанай  облыстарында  жағдай  Павлодар   облысындағыдан  да  жаман. Кезінде  Ресей  орыстарды  шеткі  аймақтарға  көшіру  үшін  неше  түрлі  әдістерді  қолданды.  Орыс  переселендер  мен  казактарға  шұрайлы,  суармалы  жерлерімізді  беріп,  отарланған   аймақтарда   форпосттар  салып  алды.  Жер  аударды,  Қазақстанға  көшем  дегендерді  түрмелерден  жазалау  мерзімінен  бұрын  босатты,  жұмыспен  қамтамасыз  етіп,  жалақыларын  ұлғайту  үшін  жоғарылаған  коэффициент  қолданды,  тегін  баспана   беріп,  көшкендерге  қаржылай  көмек  көрсетті.  Белсенді насихаттың  күшімен, қолдарына  комсомол   жолдамаларын   ұстап,  талай  толқын  жастар  Қазақстанды  орыстандыруға  қатысты.  Қазірдің  өзінде  Қиыр  Шығыс  пен  Солтүстікке  көшкендерге  тегін  жер  үлестерін  беріп  жатыр.  Көшті  тоқтатпау  үшін  бұдан  басқа  да  ынталандыру  шараларын  қолданды.

Ресейдің  осы  тәжірибесін  Қазақстанда  неге  қолданбасқа?  Мысалы , Оңтүстік  Қазақстан  облысында  3 миллионнан  астам  халық  тұрады,  Солтүстік  Қазақстанда – одан  алты  есе   кем,  қазақтардың  үлесі  халықтың  35% -ын  құрайды. Бұл  жағдай  біздің  тәуелсіздігімізге  қауіп  төндіреді. Шығыс  Қазақстан  облысында  1999 жылы                                    В.  Казимирчук   бастаған  22  адамның  жасаған  бүлігін,  тәуелсіздігіміздің  бастауында  солтүстік  5  облыстың  депутаттары  жиналып,  жеке  автономия  құрамыз  деп  әрекеттенгенін  ұмытпайық.  Орыстың  шовинист  жазушысы  А. Солженицын  қалтырып  кеткен  өсиетіне   еліктейтін  адамдар  көрші  елде  әлі  де  бар. М. Барклай - де - Толли  құрып  кеткен   Ресейдің   Сыртқы  барлау  қызметі  200  жыл  бұлжытпай   жұмыс  істеуде.  Кезінде  гүлденген  Украинаның  Донецк  аймағын  қирандыға  айналуына  Ресей  шовинистері  мен  агентурасының  тікелей  қатысы  бар.  Солтүстік  аймақты  аман  сақтап   қалу  үшін,  Күнгейдегі  қазақтарды  Теріскейге  көшіру  керек.  Қазақ  жеріндегі  миграцияны  реттеу  біздің  ішкі   ісіміз. Ол  үшін  бағдарламалар,  науқандар жүргізейік. Мысалы:  «Шекараларымызды  бекітейік». Бұл  іске  «Жас  Отан»  ұйымын  тартуға  болар  еді.  Ресейдің  мол  тәжірибесін  қолдануға  болады.  Мысалы  Ф.М. Достоевскийді, Т.Г. Шевченконы   тағы  да  сол  сияқты  басқа да  саяси  «қылмыскерлерді»    кезінде  Қазақстанды  орыстандыруға  пайдаланды.   Қылмыс  жасаған   Тоқтар  Төлешевті  жазасын  өтеуге  Петропавлға  жер  аударуға  болар  еді. Төлешев  мырза  адал  еңбегімен,  Солтүстікті  қазақтандыруға  үлесін  қосып,  халқының  алдындағы  кінәсін  ақтасын.  Қызылжар  жерінде,  құдай  берген  қабілетін  бизнеске   жұмсап,  жұмыс  орындарын  ашсын,  жерлестерін   тартып, олардың  адаптациясына  көмектессін. Бауырлас  Өзбекстан,  Қырғызстан  елдерінен  көшіп  келушілерге  азаматтық  беріп,  Солтүстікте  қоныстандыруға  болады. Шарт  біреу  болу   керек – балаларын  мемлекеттік  тілде  оқытады.

Қазақ  халқының  ішінде  өз  қарнының  қамын  ғана  ойлайтын  мәңгүрттер  де  бар, қазақ  екенін  сыртқы  пішінен  ғана  айыруға  болатын  маргиналдар  да  бар.  Халқымыздың  үлкен  тобын  құрайтын – ұлтжандылар. Қазақ  халқының  ерекшелігін  қорғайтын  шаралар  қолданбаса,  ұлтжандылар  радикалдық  әрекеттерге  баруы  мүмкін.  Мызғымас  Кеңес  Одағын  күйреткен – ұлтжандылар.  Желтоқсан  көтерілісі,  Жаңаөзен  көтерілісі  тағы  да  басқа  уақиғаларды  тізіп  келтіруге  болады. Мұнда  басты  мәселе – қазақ  тілінің  статусы. Егер  билік  қазақ  тілі  мәселесін  шешуге  кіріспесе,  қасиетті  тәуелсіздігімізді  қорғауға  шаралар  қолданбаса,  ұлтжандылар  биліктегілерді  тұғырынан  тайдыруға  дейін  барады. Құдай,  бізді  одан  ары  қылсын. Ондай  жағдайға  жеткізбеу  үшін  «бір  жағадан  бас,  бір   жеңнен  қол  шығарып»  іске  кірісейік,  қазақ  тілі  мәселесін  жедел   шешейік. Келешекте  Қазақстанда  көпэтносты  қазақтілді,  ортақ  ақпараттық  кеңістікті  қолданатын,  біртұтас  ұлт  қалыптасу  керек.  Тәуелсіздігіміз  баянды  болғай!