Yvision.kz
ru
Разное
399 782 жазбалар43 тіркелуші
Всяко-разно
0
06:30, 24 ақпан 2017

Жоғарғы Сотта «Шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жіберу» тақырыбындағы «дөңгелек үстелдің» отырысы өтті

Іс-шараға Жоғарғы және жергілікті соттардың судьялары, Жоғарғы Сот жанындағы ғылыми кеңестің мүшесі, Жоғарғы Соттың отставкадағы судьясы – Р.Юрченко, Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Әділет министрлігінің, Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің өкілдері қатысты.

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Нұржан Қайыпжан іс-шараны аша отырып, «дөңгелек үстел» тақырыбының төмендегі өзекті мәселелерін және көші-қон заңнамасын жетілдіру мен оны дұрыс қолдану жолымен заманауи әлемде терроризмнің қаупіне қарсы тұру қажеттілігін атап өтті. Бұл шаралар еліміздің инвестициялық және туристік тартымдылығын көтереді.

Жоғарғы Сотпен шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жіберу туралы азаматтық істерді қараудың сот тәжірибесіне, сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзумен байланысты әкімшілік істер бойынша сот тәжірибесіне талдау жүргізілді, сонымен, көші - қон заңнамасының талаптарын қолдану бойынша Жоғарғы Соттың ұстанымы қалыптасты.

«Дөңгелек үстелдің» мақсаты құқық қолдану тәжірибесінде туындайтын проблемалық мәселелерді анықтау, сонымен қатар, бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы мәселені талқылау болып табылады.

Жоғарғы Соттың судьясы Альфия Савинова өз сөзінде, 1966 жылғы 16 желтоқсандағы «Азаматтық және саяси құқықтар туралы» халықаралық пактіні және өзге де халықаралық келісімдерді Қазақстан Республикасы ратификациялағанын атап өтті.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде жүрген шетелдікті шығарып жіберу туралы арызды қарау формальді болмауы қажет, соттар Қазақстан Республикасының Конституциясын және ратификацияланған халықаралық шарттардың ережелерін ескерулері керек.

Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырған кезде, тек қана заңмен белгіленген, басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуді және мемлекеттік (ұлттық) қауіпсіздікті қорғауды, аумақтық тұтастықты, қоғамдық тәртіпті, қылмыстардың алдын алуды, имандылықты және халықтың денсаулығын қорғауды тиісті түрде қамтамасыз ететін шектеулер қолданылуы мүмкін.

«Дөңгелек үстелдің» қатысушылары шетелдiктi Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жіберу туралы мәселені шешу кезінде заңнаманы біркелкі қолдануды қалыптастыру және халықтың көшіп-қонуы шеңберіндегі заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарын айтты.

«Дөңгелек үстелдің» отырысы қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді.

http://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sotta-sheteldikterdi-nemese-azamattygy-zhok-adamdardy-kazakstan-respublikasynyn

 
0
276
0