Мазмұнға өту

Жаңа

Құрметті азаматтар!

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жеке құзыреттерді бағалау бойынша аттестаттаудың екінші кезеңінің (тестілеудің) аяқталуына байланысты «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлер мен құқық қорғау органдарына алғаш рет түсетін азаматтар, тестілеуді өткізу үшін бос орындар болған жағдайда, тестілеуден кез-келген жұмыс күні мен уақытында өтуі мүмкін.

Департамент госслужбы

0
0
451

С. Жақыпова журналистерге Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жаңадан көрсетіле бастаған әлеуметтік-еңбек саласы қызметтерін таныстырды

Бүгін Астана қаласы Есіл ауданының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Жақыпова, зейнетақы және әлеуметтік төлемдер тағайындауға азаматтардан құжаттар қабылдау, жұмыссыз жандарды тіркеу әрі оларды әрі қарай еңбекпен қамту мәселелері бойынша кеңес беру жүргізілетін әлеуметтік қызметтер көрсетудің жаңа сектор жұмысын таныстырды. «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен және ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің қолдауымен, 1 сәуірден бастап, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсетудің жекелеген секторлары өз жұмысына кірісті. Бұған халыққа көрсетілетін қызмет сапасын көтеру мен ХҚКО мекемелерінің көмегіне жү…

0
0
480

А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетімен ынтымақтастық және серіктестік қатынастар туралы меморандумға қол қойылды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті мен А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің арасындағы ынтымақтастық және серіктестік қатынастар туралы меморандумға бүгін, 20 сәуір күні қол қойылды. Меморандум аясында тараптар жастар ортасында, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізу, оқу орнының білім алушылары арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, жастар, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамының арасында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидасын тәрбиелеу, оның ішінде «Сыбайлас жемқорлық мәдениетінің негіздері» модельдік пәнін оқыту, сонымен қатар,…

0
0
457

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы біргеміз»

А.ж. 20 сәуірде Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкерлері  Көкшетау қ. №8 орта мектебінің  «Адал Ұрпақ» клубының мүшелерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы біргеміз» тақырыбындағы дөңгелек үстелінің жұмысына қатысты.

Дөңгелек үстел барысында оқушылар сыбайлас жемқорлықтың не екені, пара беруді  сыбайлас жемқорлық элементі ретінде санау  жөніндегі өздерінің пікірлерімен бөлісті, пара берушілер мен пара алушыларға қандай жауапкершілік шаралары қолданылатыны, парақорлықтың ел экономикасына келтіретін залалы туралы сұрақтарын қойды.

Кездесу барысында тиісті тақырыптағы бейнероликтер көрсетілді.

Іс-шараға 20 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
381

Станционныйдағы кездесу

А.ж. 20 сәуір күні Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы М. Ахметқалиев Станционный ауылының № 7 орта мектебінде «Адал ұрпақ» клубының мүшелерімен кездесу өткізді. М. Ахметқалиев кездесуге қатысушыларды мемлекеттік органдармен қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданатын шаралары жөнінде айтып, сәйкес бейне роликтермен таныстырды. Кездесу барысында оқушылар отансүйгіштік түсінігі, сыбайлас жемқорлықтың әсері және оны жою жолдары туралы өз ойларымен бөлісті. «Адал ұрпақ» клубының мүшелері сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеу қажеттігін атап, мемлекеттің осы бағыттағы қолданған шараларына оң көзқарасын білдірді. Кездесу соңында қатысушылар әрбір азамат өз ісін адал да тиянақты орындау арқылы тәуелсіз мемлекетіміздің дамуына өз үлесін қосуы қаж…

0
0
319

«Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі №754 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі №754 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 03 наурыздағы №102 Қаулысымен мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесіне жаңа іс-шаралар енгізілді. Оңалтудың жеке бағдарламасы медициналық ұйым мамандарының ұсынымдарын, ұсынылатын іс-шараларға көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерін, оңалту-сараптамалық диагностиканың нәтижелерін ескере отырып, медициналық-әлеуметтік сараптама мамандарымен әзірленеді. Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесі 1. П…

0
0
947

Мобильдік топтың кезекті кездесуі

А.ж. 20 сәуірде мобильдік топ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру көріністеріне мақсатында Алматы ауданының ішкі істер басқармасы ұжымымен және Политехникалық колледж студенттерімен кездесулер өткізді. Іс-шарада Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Тілеген Төлегенұлы Қаскин, «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры - Дәулеткерей Рахметтолаұлы Рахметуллин, Астана қаласы Кәсіподақ орталығының төрағасы – Сәрсенбай Бердаліұлы Мыңбаев және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының Астана қаласы бойынша департаментінің офицері – Ару Болатқызы Мұхамеджанова қатысты. Қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында Агенттік өткізіп…

0
0
313

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кезектен тыс алқа отырысы

2017 жылы 20 сәуірде сағат 10.00-де департамент басшысы Мұрат Тлемісұлы Мұратбеков ҚР Президенті Н.Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шеңберінде (бейнеконференциябайланыс режимінде) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кезектен тыс алқа отырысына қатысты. Отырыс барысында келесідей мәселелер қозғалды: Ұлттық біліктілік жүйесін қалыптастыру (ҚР Президенті Н.Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шеңберінде); 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында және 2017 жылғы 3 ақпандағы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында айтылған Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру барысы туралы; Бюджетті орындау және түпкі нәтижеге қол жеткізу туралы. Кездесу соңында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қо…

0
0
550

БАҚ НАЗАРЫНА «Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы»

21 сәуір сағат 15:00-де Әділет министрі Марат Бекетаевтың басшылығымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өткізіледі. Отырыс жұмысына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және бизнес өкілдері қатысады. Ведомствоаралық комиссияның отырысында 2 заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру көзделген: 1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»(әзірлеуші – ҚР Бас прокуратурасы) 2. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру(әзірлеуші – ҚР Қорғаныс министрлігі). Өткізу орны: Әділет…

0
0
522

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

2017 жылы 17 сәуірде Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы негізгі өзгерістер бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысы аясында №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А.А.Әбдіқадырова «Қостанай аңшылар және балық аулаушылар қоғамы»  ҚБ-нің еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кездесуге 43 қызметкер қатысты.

Кездесу барысында туындаған барлық сұрақтарға құзіретті жауаптар берілді.

0
0
489